Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты тағы бір күдікті ұсталды

0
399

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды.


Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне байланысты тағы бір күдікті ұсталды

Фото видео кадрларынан скрин

ERNUR.KZ. Полиция Талғардағы 16 жасар Шерзат Болаттың өліміне байланысты тағы бір адамды ұстады, деп жазады stan.kz.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше 17 қазанда Шерзатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу аясында тағы бір күдікті азамат К ұсталған.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел тергеу іс-шараларының кешенін жүргізу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Осылайша, Талғарда Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша 11 адам ұсталды. Бұған дейін 10 күдікті туралы хабарланған болатын.

Сондай-ақ Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдемнің 16 жасар Шерзат Болатқа бірінші шақырудан кейін 10 минуттан соң келгенін мәлімдеді. Бірақ жараланған жасөспірім мен оның ағасын дәрігерлер емес, туыстары ауруханаға жеткізген.

"4 қазан күні сағат 00:46 - да бірыңғай кезекші диспетчерлік қызметке ұялы телефоннан куәгерден қоңырау түсті. Ол Талғар ауданы, Талғар қаласы, Менделеев көшесі №13 мекен-жайы бойынша "адамға оқ атылғанын, жағдайы нашарлап жерде жатқанын" хабарлады. Бригада шақыру орнына 10 минут ішінде, сағат 00:56-да уақытында жетті", - деді басқарма.

Ведомство жедел жәрдем бригадасының келуімен қайғылы оқиға орнында полиция қызметкерлері болғанын айтты. Ал Шерзат пен оның ағасы ауруханаға жеткізілген.

"Диспетчер ақпаратты бірден 102 сағат 00:47-де қызметке жіберді. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін зардап шеккендерді 2008 ж.т. болат Шерзат Қаржаубайұлы және 1994 ж. т. Гаипбаев Нұрғанат Полатұлы Талғар ауданының ОАА қабылдау бөлмесіне жеткізген. Зардап шеккендерді туыстары жеткізді", — делінген денсаулық сақтау басқармасының жауабында.

Еске салайық, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмған еді.