Тоқаев Алматыға барды - Берік Уәли

0
645

Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыны аралап жүрген кортеж түсірілген видеоны жариялап жатыр.


Тоқаев Алматыға барды - Берік Уәли

ERNUR.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға келді. Ақпаратты Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли растады, - деп жазады Tengrinews.kz.

"Президент Алматыда екенін растаймыз. Ол Алматыда өткен жедел штаб отырысына қатысты. Сондай-ақ, қаза болған полиция қызметкерлері, әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарымен кездесу өтті. Президент көңіл айтып, наградалар табыстады", - деді Берік Уәли.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Мемлекет басшысы жедел басқару орталығында жатқан зардап шеккендерге барып, олардың хал-жағдайын білген.

Айта кетейік, әлеуметтік желі қолданушылары Алматыны аралап жүрген кортеж түсірілген видеоны жариялап жатыр.