Жамбыл облысында 13 жасар қызды 6 жыл бойы туыс екі ағасы зорлап келген

0
262


Жамбыл облысында 13 жасар қызды 6 жыл бойы туыс екі ағасы зорлап келген

ERNUR.KZ. Жамбыл облысында 13 жасар қызды кішкентай кезінен бері туыс екі ағасы зорлап келген. Қыз бұл туралы мектеп психологына хабарлауға тырысқан, алайда ол оны елемеген, деп жазады Zakon.kz.



Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева мәлімдеді.

Оның Instagram-дағы жазбасына сүйенсек, ол қазір өңірлік уәкілмен бірге аталмыш іс бойынша жұмыс атқарып жатыр.

"Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді. Қажетті көмектің барлығы көрсетілуде. Облыс әкімінің орынбасарының төралығымен өткізілген көшпелі комессия отырысының нәтижесінде аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шаралар қабылданды. Қыз оқыған мектеп — ауылдағы жалғыз мектеп. Бала психолог жинаған сауалнамада сигнал берген, бірақ онымен қажетті жұмыс жүргізілмеді",- деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол лауазымды тұлғалардың немқұрайлығы үшін прокуратураға жүгінген.