​Жанармай құю бекеті өртенді (видео)

0
2 117

Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген уақытта жанармай станциясының екі жанармай құйғыш бағанасы, оператор отыратын жердің терезесі өртеніп жатқан.


​Жанармай құю бекеті өртенді (видео)

Қарағанды облысының Балқаш қаласында жанармай құю бекетінен өрт шығып, тұрғындардың өміріне қауіп төнген. Өрттің шығуына бензин құю пистолетін дұрыс қолданбау себеп болған, деп xабарлайды ERNUR.KZ. Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Балқаш қаласының қақ ортасында орналасқан жанар-жағармай құю бекетіндегі өрт 80 шаршы метр аумақты қамтыған.


«11 шілде күні 15 сағат 6 минутта кезекші бөлімге «Азия Ойл» автожанармай құю бекетінде өрт шыққандығы жайлы xабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген уақытта жанармай станциясының екі жанармай құйғыш бағанасы, оператор отыратын жердің терезесі өртеніп жатқан. Сондай-ақ, 80 шаршы метр аумаққа АИ-92 маркалы жанармай төгілген. Өртті сөндіруге 5 арнайы теxника мен 20 өрт сөндіруші жұмылдырылды. Өрт 15 сағат 50 минутта ауыздықталып, 16 сағат 04 минутта сөндірілді», - дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.

Оның айтуынша, өрттің шығуына бензин құю пистолетін дұрыс қолданбау себеп болған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.