Жеке меншік мектептерде оқитын балаларға әлеуметтік көмек беріледі - министр

0
319

Бүгінгі таңда мемлекеттік мектептерде оқитын 500 мыңнан астам балаға жалпыға міндетті білім беру шеңберінде тамақтанумен қамтамасыз ету және киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.


Жеке меншік мектептерде оқитын балаларға әлеуметтік көмек беріледі - министр

фото: Sputnik / Владислав Воднев

ERNUR.KZ. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасы аясында жеке меншік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға мемлекеттік білім беру тапсырысымен әлеуметтік көмек көрсету қарастырылып отыр, деп жазады sputnik.kz.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, бүгінгі таңда мемлекеттік мектептерде оқитын 500 мыңнан астам балаға жалпыға міндетті білім беру шеңберінде тамақтанумен қамтамасыз ету және киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі. Барлығы әлеуметтік осал топтарға кіреді.
“Алайда жеке меншік мектептерде оқитын халықтың әлеуметтік осал санатындағы 25 мыңнан астам бала әлеуметтік көмек ала алмауда. Осыған орай, меншік нысанына қарамастан осы санаттағы барлық балаларға тең көмек көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың құзыреті кеңейтілуде”,- деді Бейсембаев мәжілістің жалпы отырысында.