Жетісуда аңға шығар алдында танысын атып тастаған ер адам ұсталды

0
742

45 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды.


Жетісуда аңға шығар алдында танысын атып тастаған ер адам ұсталды

ERNUR.KZ. Жетісуда танысын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Дерек Көксу ауданында тіркелді. 2 қараша күні кешкі уақытта Мақаншы ауылынан 45 жастағы ер адам оқ жарақатымен ауруханаға жатқызылды.

Тергеу барысында жәбірленушіні Талдықорған қаласынан қонаққа келген жақын танысы мылтықпен жаралағаны белгілі болды.

"Ер адамдар аң аулауға шығуды жоспарлағаны алдын ала анықталды. Ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындаған. Соның салдарынан қонақ аңшы мылтығымен үй иесінің аяғынан атқан. Қазір денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге тіркелген 12 калибрлі ИЖ мылтығы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына заттай дәлел ретінде тігілді", – деп хабарлады Көксу аудандық полициясы.

Тергеу барысында ұсталған күдіктіге қатысты келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.