Жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды: төрт адам ұсталды

0
260

Адам өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.


Жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды: төрт адам ұсталды

Фото: instagram.com/volontery_almaty_lider.kz

ERNUR.KZ. Алматы облысында жоғалып кеткен қазақстандық өлі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп жазады tengrinews.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарасай ауданы, Жібек ауылында із-түссіз жоғалып кеткен 51 жастағы ер адам іздестіріліп жатқаны туралы ақпарат пайда болған еді. Ол 2 қарашада үйінен шығып, қайтып оралмаған. Кейін еріктілер ер адамның қайтыс болғанын хабарлады.


Алматы облысының полициясы 9 қарашада Алмалыбақ ауылының шетінде 2 қарашада хабар-ошарсыз кеткен 51 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлады. Адам өлтіру дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша 9 қарашада криминалдық полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады және УҰИ-ға қамауға алды", - деп хабарлады полиция.

Алматы облысы ПД барлық мән-жай мен себептерін объектив зерттеуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатқанына сендірді.