​Ағзаны ШЛАКТАН қалай ТАЗАЛАУДЫ білесіз бе?

0
9 394

Бұл шөп кез келген дәріханада сатылады


​Ағзаны ШЛАКТАН қалай ТАЗАЛАУДЫ білесіз бе?

фото: rsute.ru

Шлактың, улы заттың ағзаға жиналуына түрлі дерт себеп болады. Сіз ауырған кезде түрлі ем қабылдайсыз. Одан бөлек, өз бетіңізше дертіңізге шипа іздейсіз. Ағзаға түскен инфекция, вирус дәрінің көмегімен жазылады, ал шлак сол күйінде қалады. Ағза сауыққан кезде бойындағы шлакты өз бетінше емдей алады. Бірақ кей кезде ағзаны шлактан тазалау үшін біздің көмегіміз керек болады.


Ағза қай кезде тазалауды қажет етеді?

  • Үнемі әлсіздік пен шарашу;
  • Бас ауруы;
  • Артық салмақ немесе тым арықтау;
  • Бұлшық ет пен буынның ауыруы;
  • Ауыздан жағымсыз иіс шығу;
  • Тілдегі ашық немесе сары дақ;
  • Терідегі қышыма;
  • Аллергиялық әсер;
  • Іштің кебуі, ішектегі өзгеріс;
  • Қатты терлеу және жағымсыз иіс;
  • Мезгілдік ауруға бейімділік;
  • Ұйқысыздық пен мазасыздық ағзаға шлактың жиналғанын білдіреді.

фото: zdoroviebl.blogspot.com

Ағзаны тазалауға қалай дайындаймыз?

Шлак пен улы зат түрлі ағзаға жиналады. Мәселен: бауыр, бүйрек, ішек және қан тамырлардағы жиналған шлакты мына әдіспен тазалауға болады.

Ішекті тазалау үшін

  • 1 стақан салқын суды ыдысқа құясыз. Оған 1 шай қасық зығыр дәнін салып, отқа қойыңыз. Қайнауға жақындағанда оттан алып, сүзесіз. Дайын болған емдік сусынды ұйқыға жатар алдында ішесіз.
  • Зығыр сүтінің де ішекте ітазалайтын қасиеті бар. Ол үшін зығыр ұны мен суды араластырасыз. Бетін жауып, бір түнге қалдырыңыз. Таңертең ашқарынға ішу керек.


Бауырды тазалау үшін

Бұл ем «тюбаж» деп аталады. Бауырды шлактан, улы заттан тазалау үшін алатікен (расторопша) қажет. Ол үшін 1 шай қасық шөпті 1 стақан суға араластырып, отқа қоясыз. 3-4 минуттай қайнаған соң оттан алып, сүзіп қоясыз. Дайын болған тұнбаны түскі тамақтан соң 1 сағаттан кейін ішесіз. Емді 1 ас қасықтан қабылдау керек.


Бүйректі тазалау үшін

  • Бұл ағзадағы шлакты шығару үшін сәлбен (шалфей), лаванда, жалбыз (мята) және гүлшетен (розмарин) шөптерің майы қажет болады. оның бірнеше тамшысын 1 стақан таза суға араластырып, ішесіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал қосуға болады.
  • Бүйрекке арналған жиынтық та ағзаны керемет тазартады. Ол қоспаның ішінде қайың (береза), қырықбуын (хвощ), таран (спорыш) және арша болады. Бұл шөпті кезектестіріп қолданасыз. Егер үнемі бір шөптің көмегіне жүгінсеңіз, ағза соған ғана үйреніп қалады. Кез келген дәріханадан табылатын осы қоспаның 2 ас қасығын 600 мл қайнаған суға араластырып, тұндырып қоясыз. Бөлме температурасында жылыған кезде сүзіп алып ішіңіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.
  • 3 шай қасық кептірілген лаванда үгіндісін 400 мл қайнаған суға араластырып, тұндырып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып ішуге болады.

фото: Яндекс Дзен


Қанды тазалау үшін

Қанды тазалау барысында жүрек пен қан тамырлардың жұмысын жақсартасыз. Ал қанды шлактан тазалау үшін қалақай (крапива) шөбінің көмегіне жүгініңіз. Ол үшін 1 шай қасық балғын немесе кептірілген жапырақты 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тура 45 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, екіге бөліп ішіңіз. емді тамақтанудан алдын қабылдау керек. Қанды толық тазалау үшін емді 30 күн бойы үзбеуге тырысыңыз.


Қан тамырды тазалау үшін

  • Бірдей көлемде мыңжапырақ (тысячелистник), түймедақ (ромашка), салаубас (бессмертник) пен қайың бүршігін араластырып, шыны ыдысқа салып қойыңыз. Шөп қосындысының 2 ас қасығын 500 мл қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, ішесіз. Татымы ұнамаса 1 шай қасық бал қосуға болады. Емдік сусынды ұйқыға жатар алдында қабылдау керек.
  • 1 шай қасық бедені (клевер) 1 стақан қайнаған суға салып, ыдысымен ыстық суға салып қоясыз. 5 минуттан соң ыдыстың бетін жауып, 40 минут тұндырып қойыңыз. Осы уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 десерт қасықтан ішесіз. Емді әр тамақтанудан алдын қабылдау керек. Емді күніне 3 рет, 21 күн үзбей жүргізесіз. Осы емнен кейін қан қысымыңыз реттеліп, құлақтағы шуыл басылады.


Бұл тазалық жұмыстарын жүкті, емізулі әйелдерге және кішкентай балаларға жүргізуге болмайды.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: naturamed.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ҚОЛТЫҚТАҒЫ жағымсыз ИІСТІ мына ҮШ әдіспен кетіруге болады


АҒЗАДАҒЫ артық СУДЫ шығарудың АЛТЫ жолы


Бүйректегі ҚҰМ қайдан ПАЙДА болады?