​«АҚША ШАҚЫРАТЫН» гүл АСҚАЗАН ЖАРАСЫН емдейді

0
4 671

Гүлдің басқа да ауруларға ем екенін біліңіз


​«АҚША ШАҚЫРАТЫН» гүл АСҚАЗАН ЖАРАСЫН емдейді

фото: design-homes.ru

«Ақша шақыратын» гүл әсемдігімен қоса, емдік қасиетімен де жоғары бағаланады. Мамандар бұл гүлдің бактерияны өлтіретін, суыққа қарсы күресетін және зиянды вирустарды жоятын қабілеті бар. адамның бойындағы жағымсыз энергия мен ауруды өзіне тартып, сізге сергектік сыйлайды. Одан бөлек, бөлменің ауасын тазартып, жағымсыз иісті жояды.


Егер сіз ауырып мазасыздана бастасаңыз, онда гүл солып, жапырақтары төгіле бастайды. Ауруыңыздан айыққанда гүл қайта жайқалып шыға келеді. «Ақша шақыратын» гүлдің емдік қасиеті алоэ гүлімен пара-пар деуге болады. Сонымен, бұл гүл қандай дертке дауа болады:

фото: my-madonna.ru


  • Гүлдің сөлі жараны жазып, жарақаттың ізін де қалдырмайды. Сөлді дайындау үшін бірнеше жапырақты жақсылап езіп, қабатталған дәкеге саласыз. Оны жақсылап сығып, қабатталған дәкеге саласыз. Емдік қоспаны жараның үстіне таңып қойсаңыз жақсы нәтижеге көз жеткізесіз. Дәкенің үстіне тағы да қабатталған дәке қойып, сыртынан жылы орайсыз. Осылайша 4 сағаттай жатыңыз. Белгіленген уақыттан соң таңғышты алыңыз. Осыдан соң жарақаттың беті қайтады.
  • Осылай әдіспен дайындалған сөл еріндегі ұшықты да кетіре алады. аталған сөлді әр жарты сағат сайын ұшыққа жағып отырсаңыз, 3 күнде-ақ жайсыздықтан құтыласыз.
  • Баспа мен бадамша бездің қабынуы кезінде 10 дана жапырақ пен 200 мл қайнатылған жылы су керек. Алдымен жапырақты сығып сөлін алыңыз. Оны суға араластырып, әр 3-4 сағат сайын тамағыңызды шайыңыз.
  • Асқазан мен он екі елі ішектегі жараға да ақша шақыратын гүл көмекке келеді. Ол үшін таңертең ашқарынға гүлдің 2 дана жапырағын шайнап жейсіз. Емді тамақтанудан 1 сағат бұрын жүргізу керек.
  • Бүйрек ауруларына жапырақтың тұнбасы көмектеседі. Тұнбаны дайындау үшін 5 дана жапырақты 200 мл қайнаған суға салып, 1 сағаттай тұндырып қоясыз. Белгіленген уақыттан соң тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан тамақтанудан 15 минут бұрын қабылдаңыз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.

фото: prorasteniya.com

  • Гүлдің жапырағынан дайындалған шырынның буын ауруларын емдейтін де қаиеті бар. Шырынды дайындау үшін 15 дана жапырақты езесіз. Сөйтіп дайын болған шырынды жатар алдында ауырған буынға сіңдіріп жағасыз.
  • Егер денеңізді маса немесе қандай да бір жәндік шағып, қышып маза бермесе дереу ақшалы гүлдің жапырақтарынан әзірленген шырынды жағасыз. Егер күніне 6 рет осылайша жақсаңыз, жарақатты ізі де қалмайды.
  • Аяғыңыздың қан тамырлары білеуленіп кетсе де үйге сән беретін ақша шақыратын гүлді көмекке шақырыңыз. Ол үшін 20 дана жапырақты тазалап жуып, еттартқыштан өткізесіз. дайын болған қоймалжыңды шыны бөтелкеге салып, үстіне 250 гр. арақ құйыңыз. Ыдыстың қақпағын мықтап жауып, күн тимейтін жерге қойыңыз. Шамамен 10 күннен соң сүзіп алып, күнде жатар алдында қан тамырларыңызға жағыңыз. Емделу мерзімі – айына 3 рет.
  • Мұрын бітеліп, тыныс алуыңыз нашарлағанда, ақша шақыратын гүлді тамызасыз. Оны ем ретінде дайындау үшін 1 дана гүлдің жапырағын езіп, шағын ыдысқа саласыз. Оған 2 есе көп қайнаған су құйып, араластырыңыз. Дайын болған сұйықтықты мұрныңызға тамызасыз. Емді күніне бірнеше рет қайталауға болады.


Ендеше, емдік қасиеті орасан гүлді үйге өсіруге асығыңыз. Әрі жоғарыда жазылған аурудың қай-қайсысы мазаласа, дереу ем ретінде қолданыңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: sport-express.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЫҚЫЛЫҚТЫ тоқтатудың БЕС амалы


Мына ТӨРТ әдіс құрғақ ЖӨТЕЛГЕ ем болады


БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар