Ана СҮТІН көбейту үшін ҚАРБЫЗ жеу керек

0
11 843

Бірақ тамыз айына дейін қарбыз жеуге болмайтынын ескеру қажет.


Ана СҮТІН көбейту үшін ҚАРБЫЗ жеу керек

фото: yobte.ru

Дүниеге келген сәби үшін ең маңыздысы – ана сүті. Оның жеткілікті, құнарлы әрі сапалы болғаны бала денсаулығы үшін өте маңызды. Сондықтан да құрамы дәрумен мен минералды заттарға бай тағамды тұтыну керек. Дәріханада сүтті көбейтетін дәрі-дәрмек сатылады. Бірақ оның орнына үй жағдайында мына әдісті қолдансаңыз, сүттің құнарлылығы артып, молаяды. Ендеше, сүтті көбейтетін мына тәсілді қолданыңыз.


Ана сүтін не азайтады?

  • Қақталған (ет, балық) тағамдар;
  • Тұзды тағамдар;
  • Ащы дәмдеуіш, қоспалар;
  • Консервіленген тағамдар;
  • Тағамдық қоспалар.


Жоғарыда айтылған қоспалардың ешқайсысын тұтынбағаныңыз абзал. Бұл сүттің көлемін азайтып қана қоймай, дәмін, құнарын, иісін нашарлатады. Оның орнына мына азықтарды көбірек қолданыңыз.

фото: kpoxainfo.ru


Жылы шай

Шәйнекке сұйықтау етіп қара шай демдеңіз. Оны шыны ыдысқа құйып, сүт араластырып ішіңіз. Тәбетіңіз тартса, бал қосып көк шай ішуге де болады. Бірақ бал аллергиялық азық екенін ескеріңіз. Сондықтан өзіңізде, балапаныңызда жайсыздық болмауы үшін балды шектегеніңіз жөн.


Зире немесе зире қосылған нан

Күніне 1 рет 1 шай қасықтан зире шайнасаңыз болады. Егер зире жей алмасаңыз, онда зире қосылған нан жеңіз. Немесе 1 шай қасық зирені 1 стақан қайнаған сүтке араластырып, 2 сағатқа тұндырып қойыңыз. Тура осы уақыттан соң жарты стақаннан ішіңіз. Емді емізуден 15 минут алдын жүргізу керек.


Жеміс шырыны

Кептірілген жемістен (қара өрік, алмұрт, алма, өрік) дайындалған шырын ана сүтін құнарлы, майлы әрі мол етеді. Ол үшін кептірілген жемістің 1 стақанын 1 литр қайнаған суға салып, отқа қоясыз. 5 минуттан соң татымына қарай қант қосып, бетін жауып қойыңыз. Жылыған кезде 1 стақаннан күніне 2 рет ішіңіз.


Жаңғақ

Күніне 2-5 дана бадам жаңғағын (тұзсыз, қуырылмаған) жеуді әдетке айналдырыңыз. Одан бөлек балқарағай жаңғағынан дайындалған коктейль іщіңіз. Оны дайындау үшін 1 ас қасық балқарағай жаңғағын стақанға саласыз. Үстіне салқын су құйып, бетін жауып қойыңыз. Таңертең суды отқа қойып, қайнатасыз. Дайын болған емдік сусынға бал қосып, ішесіз.

Бұл коктейль ағзаны дәруменмен, минералды затпен байытып, сүтіңізді молайтады.


Аскөк шайы

Әжелеріміз ана сүтін көбейту үшін аскөк шайын ішкен. 1 ас қасық аскөк дәнін термосқа саласыз. Үстіне 200 мл қайнаған су құйып, бір түнге тұндырып қоясыз. Таңертең дайын болған тұнбаны сүзіп алып, жарты стақаннан ішіңіз. Емді күніне 2 рет жүргізесіз.


Шөп шай

Жұпаргүл (душица), қалақай (крапива), жаужапырақ (мелисса), аскөк (укроп), әніс (анис), долана (боярышник) шөптерін кез келген дәріханадан таба аласыз. Осы шөптердің ұнтағын араластырыңыз. Оның 1 ас қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 10 мл-ден ішесіз. Емді күніне 3 рет қабылдау керек.


Жаңғақ қосылған сүт

50 гр. грек жаңғағын ұнтақтаңыз. Үгіндіні 250 мл ыстық сүтке салып, отқа қоясыз. Үздіксіз қозғап отырып, қоюланғанша баяу отта қайнату керек. Дайын болған қайнатпаға қант қосып, 70 мл-ден ішіңіз. Емді емізуден 30 минут бұрын қабылдау керек.

фото: Яндекс Дзен


Сұлы ботқасы

Егер таңертең сұлы ботқасын жесеңіз, ағзаңызды жасұныққа, дәруменге, минералды заттарға байытасыз. Ана сүтін молайту үшін сұлыны суға немесе сүтке салып, отқа қоясыз. Піскен соң ботқаға татымына қарай тұз бен шекер қосып, жесеңіз болады.


Қарбыз

Қарбыз – ана сүтін көбейтетін ең тиімдісі. Бірақ тамыз айына дейін қарбыз жеуге болмайтынын ескеру қажет. Өйткені қарбыздың құрамындағы нитрат пен пестицид сіздің денсаулығыңызға қауіпті болуы мүмкін.


Қосымша кеңес:

Бала емізетін аналар өзінің ғана емес, бөбегінің саулығы үшін де жауапты. Сондықтан ішіп-жейтін тамағыңызға өте мұқият болғаныңыз жөн. Сіз ішкен 1 стақан су сәбидің ішегіне салмақ түсіруі мүмкін. Ендеше:

  • ашуланбаңыз;
  • ұйқыны реттеңіз;
  • көбірек демалыңыз;
  • стресс алмаңыз.

Мейлінше, майсыз еттен дайындалған сорпа, көже, майсыз балық, қатты ірімшік, брынза және сүт өнімдерін көбірек жеңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: detdom-vidnoe.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жазда СУЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?


ТАХИКАРДИЯ мазалағанда ӨРІК жеңіз


ІРІҢДІ ангинаны ҚАЛАЙ емдеп жүрсіз?