​АПЕЛЬСИННІҢ жапырағы ТӘБЕТТІ ашады

0
2 717

Диета ұстау қандай дертке шалдықтыратынын білесіз бе?


​АПЕЛЬСИННІҢ жапырағы ТӘБЕТТІ ашады

фото: pasterlab.ru

Табанды және ұзаққа созылған диетаның нәтижесінде адам анорексия дертіне шалдығады. Анорексия тамаққа тәбеттің жоғалуы деген сөз. Медицина мамандарының сөзінше, бұл ауру соңғы жылдары жылдам қарқынмен таралуда екен. Статистика көрсеткендей, ер адамдар әйелдерге қарағанда бұл дертке көп шалдықпайтын көрінеді. Себебі мінсіз мүсін мен сымдай сымбат үшін нәзікжандылар қандай қиыншылық болса да төзеді. Өздеріңіз білетіндей мұндай ғажайып мүсінге қол жеткізу үшін еріксіз диетаға отырады. Жоғарыда айтқанымыздай, ұзаққа созылған диетаның соңы айығуы қиын анорексия дертіне әкеледі. Бұл дертті жеңу үшін медицина мамандарының көмегіне жүгінесіз немесе халық әдісімен дертіңізге шипа табасыз.


Аурудың белең алуына:

  • асқазан-ішек жолдарының аурулары;
  • туберкулез;
  • созылмалы жүрек және өкпе аурулары;
  • бүйрек жеткіліксіздігі сияқты жалпы аурулар себеп болады.

фото: mcezone.com


Ол үшін алдымен ауруыңыздың себебін анықтап алып, ем-шараларын бастаңыз. Жоғарыда келтірілген қайсы ауру мазаласа да, мына әдіс шипа болатынын ескеріңіз!


Апельсин

  • Апельсиннің кептірілген жапырағы мен гүлін араластырасыз. Қоспаның 2-4 грамын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 25-30 минуттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/2 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз.
  • Таза піспеген апельсинді ұсақтап турайсыз. Оның 2-4 грамын 1 стақан қайнаған суға араластырып, ішіңіз.

Апельсин – тәбетті ашатын керемет дәрі. Оған қоса ас қорыту жолдары мен асқазанның жұмысын жақсартады.


Андыз

1 шай қасық үгітілген андыз (аир) тамырын 2 стақан қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Ыдыстың қақпағын жауып, баяу отта 15 минут қайнату керек. Осы уақыттан соң қайнатпаны оттан алып, шыны ыдысқа сүзіңіз. Дайын болған емдік сусынды теңдей етіп бөліп, күніне 3 рет ішіңіз. Егер татымы ұнамаса аздап бал қосуға болады. Емді тамақтанудан 15 минут алдын жүргізу керек.

Андыз асқазан қышқылын реттеп, гастритті емдеуге қабілетті. Оған қоса, ішектің, өт пен ас қорыту жолдарының жұмысын жақсартады.

фото: s30019188205.mirtesen.ru


Қара шомыр

Тәбеттің ашылуына шомырдың (редька) тигізетін үлесі зор. Күнделікті асқа қосып жесеңіз де болады. Одан бөлек көкөністі үгітіп, сөлін аласыз. Оны 1 ас қасық суға араластырып, ішіңіз. Ем кезінде 20-30 дана қыша дәнін де қоса жеңіз. Емді күніне 1 рет қабылдау керек.


Бақбақ

2 шай қасық үгітілген бақбақ тамырын 1 стақан салқын суға салып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 8 сағаттан соң сүзіп алып, 1/4 стақаннан күніне 4 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.

Бақбақ тамыры асқазанның жұмысын реттеп, тәбетті ашуға ықпал етеді.


Жусан

1 литрлік банкіге мамыр айында жиналған жусанды саласыз. Үстіне толтырып арақ немесе дәріханалық спирт құйып, қақпағын мықтап жабыңыз. Ыдысты күн тимейтін салқын жерге қою керек. Тура 21 күннен соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 стақан жылы суға 1 тамшы тұнба қосып, ішесіз. Емді таңертең ашқарынға жүргізу керек. Емделу мерзімі – 3 апта.

Жусан тұнбасы асқазан, ас қорыту жүйесінің жолдарын жеңілдетеді, тәбетті ашады әрі қаназдықтан құтқарады.


Ақжелкек

  • 1 ас қасық үккіштен өткен ақжелкекті 400 мл қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тура 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан ішесіз. Емді тамақтанудан 15 минут алдын жүргізу керек.
  • 400 гр. үгілген ақжелкек тамырын 500 гр. балмен араластырып, 1 ас қасықтан жейсіз. Емді тамақтанудан 15 минут алдын қабылдау керек.

Ақжелкек – тәбетті ашатын, асқазанның жұмысын жақсартатын қасиетке ие.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз

Дереккөз: apteka72.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ДЕПРЕССИЯҒА түссеңіз БАНАН жеңіз


Шашыңыз ТҮСУІН тоқтатпаса АРАҚПЕН жуыңыз


"ГЕМОРРОЙДЫҢ" шығуына СЕБЕП болатын ЖЕТІ жағдай