​БАУЫРДЫ емдейтін «СУПЕР» дәріні білесіз бе?

0
6 082

Тура 1 айдан кейін бауырыңыз тап-таза болады.


​БАУЫРДЫ емдейтін «СУПЕР» дәріні білесіз бе?

Бауырдың жұмысы нашарласа, бүкіл ағза «тозады». Себебі біздің өміріміз үшін үлкен маңызға ие. Ол ағзаға түскен А, В, С, D, К, РР дәрумендері мен фолий қышқылын реттеуге қабілетті. Сізді қандайда бір дерт мазаласа алдымен бауырды тексертіңіз. Оның жұмысын қалпына келтірмей, аурудан айығамын деп ойлаудың қажеті жоқ. Сондықтан үй жағдайында бауырды мына әдіспен емдеңіз.


Сұлы – бауырды емдейтін "супер" дәрі. Оған қоса, тазалайды, жұмысын жеңілдетеді, қабынуды басады. Сұлы бауырға аса қажетті биологиялық құрамға өте бай. Нақтырақ айтқанда, глютамин, жасұнық, май, темір, алколоид, эфир майы мен магнийтапшылығын реттейді.

Сұлыны біз ұсынған әдіспен дайындап ішсеңіз, бауырды да емдейді. Одан бөлек, қан тамырды тазалайды, холестеринді азайтады, қандағы қантты реттейді, қан айналымын жақсартады әрі қан қысымын қалпына келтіреді.

1-әдіс

250 гр. тазартылмаған сұлыны ыдысқа салыңыз. Үстіне 4 литр салқын су құйып, отқа қоясыз. Орташа отта тура 1 сағат қайнау керек. Осыдан соң ыдысты оттан алып қоясыз. Бөлме температурасында салқындаған кезде сүзіп шыны ыдысқа құйыңыз. Ем ретінде 250 мл-ден күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан алдын балмен бірге қабылдайсыз.

Ескерту! Емдік сусынды ішетін кезде жылытасыз.


2-әдіс

3 стақан сұлыға 3 ас қасық қайың бүршігі мен 2 ас қасық итбүлдірген жапырағын араластырып, ыдысқа салыңыз. Оған 3 л салқын су құйып, бетін жауып қоясыз. 24 сағаттан соң ыдысты отқа қояып, 15 минут қайнатасыз. Осы уақыттан соң қайнатпаға 2 ас қасық жүгері мен 3 ас қасық таран қосып, тағы да 15 минут қайнатасыз. Белгіленген уақыттан кейін ыдысты оттан алып, 45 минут тұндырып қоясыз. Тұнба дайын болғанша итмұрынды дайындап аламыз. Ол үшін 250 гр. итмұрынды 1 стақан суға салып қайнатасыз. Дайын болған соң сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Оның үстіне сұлы тұнбасын сүзіп құясыз. Екі түрлі шипалы сусынды жақсылап араластырып, 150 мл-ден ішесіз. Емді күніне 2-4 рет, тамақтан алдын қабылдау керек. Емделу мерзімі – 10 күн.

3-әдіс

Ұйқыға жатар алдында 2 стақан сұлыға қайнаған су құйып, бетін жауып қойыңыз. Таңертең сүзіп алып, 150 мл-ден ішесіз. Емді күніне ашқарынға 2-4 рет қайталау керек. Емделу ұзақтығы – 2 ай. Осы уақыт өткен соң 2 апта үзіліс жасап, емді тағы да қайталаңыз.

Ескерту! Татымы ұнамаса суға аз мөлшерде майсыз сүт немесе таза бал қосуға болады.


4-әдіс

100 гр. сұлыны 1 литр суға салып, төмен температурада қызып тұрған пешке қоясыз. Тура 4 сағаттан соң артық сусын сырғытып төгесіз. Дайын қоспаны 250 мл-ден қабылдайсыз. Артығын шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қою керек. Емделу мерзімі – 2 ай. Емнен соң 1 ай үзіліс жасап, тағы да қайталау керек.


5-әдіс

Ыдысқа 250 гр. сұлы мен сонша мөлшерде қайнаған су құйып, отқа қоясыз. Баяу отта 30-40 минут қайнау керек. Осы уақыттан соң қайнатпаға тағы да 250 мл су құйып, оттан аласыз. қақпағын жауып, жылы орап қойыңыз. Шамамен 3-4 сағаттан соң дайын болған қайнатпаны сүзіп алып, 50 гр. бал мен жарты лимонның шырынын қосыңыз. Енді ем ретінде 250 мл-ден тамақтан алдын ішіңіз. емді күніне 3 рет, 1 ай бойы жүргізіңіз.


Өздеріңіз білетіндей сұлы бауырдың жұмысын жеңілдетіп, улы заттардан тазалайтын қасиетке ие. Ем кезінде мейлінше диета ұстап, құрамы В, С, Е дәрумендеріне бай тағамды тұтыныңыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua

иллюстрациялық сурет ашық дереккөзден алынды

Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛ мазалағанда ЖАЛБЫЗ шайын ішіңіз


АНАНАС күзде мазалайтын АЛЛЕРГИЯДАН құтқарады


Ерте ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ келмесе САРЫМСАҚ қосылған СУ ішіңіз