ДӘРІСІЗ қандай ДЕРТТІ емдеуге болатынын білесіз бе?

0
4 902

Бұл әдісті орындасаңыз, кез келген дертті жеңе аласыз.


ДӘРІСІЗ қандай ДЕРТТІ емдеуге болатынын білесіз бе?

фото: gamerground.ru

Ауырғанда бірден дәрі ішуге асықпаңыз. Себебі иммунитетті нығайтудың, ағзаны қалпына келтірудің басқа да әдістері бар. Егер ауырып немесе күйіп қалсаңыз дәріханаға жүгірмеңіз. Мына әдістерді орындасаңыз, кез келген дертті жеңе аласыз.


Егер басыңыз ауырса:

  • 1 стақан бөлме температурасындағы су ішіңіз. 15-20 минуттан соң-ақ басыңыздың ауырғаны басылады. Себебі, ағза сусызданған кезде басыңыз арқылы белгі береді.
  • Жатын бөлмеңізге бір түбек қазтамақ гүлін қойыңыз. Басыңыз ауырған кезде гүлдің жапырағын иіскесеңіз, ауруыңыз басылады.
  • Басыңыз ауырып, ұйқыңыз дұрыс болмай жүрсе, онда ара балының көмегіне жүгініңіз. Ұйқыға жатар кезде 1 шай қасық бал жесеңіз, басыңыздың ауырғаны да басылады, ұйқыңыз да керемет қанады.
  • Басыңыз ауырып бастаса самайыңызды розмарин майымен ұқалаңыз. Сонда басыңыздың ауырғаны басылып, жалпы жағдайыңыз жақсарады.

фото: kleo.ru


Егер тамағыңыз ауырса:

  • Кәдімгі қалампыр ем болады. 2-3 дана қалампырды аузыңызға салсаңыз, тамағыңыздың ауырғаны басылады. Тіпті баспа ауруын да емдей алады. Қалампыр – керемет антисептик екенін біле жүріңіз.
  • Ал бронхитті емдеу үшін жебіршөп (чабрец) тұнбасын ішіңіз. Ол өкпені қақырықтан тазалайды әрі тыныс жолдарын емдейді. Оған қоса, несеп айдайтын да қасиетке ие. Сондықтан да емдік сусынды таңертең және кешке ішкеніңіз дұрыс.


Егер қан қысымыңыз мазаласа:

  • Қан қысымыңыз көтерілген жағдайда 1 шыны кофе демдеңіз. Оған 1 ас қасық коньяк қосып ішсеңіз, сол мезетте-ақ қан қысымыңыз реттеледі.
  • Ал егер қан қысымыңыз төмендеп кетсе, онда зімбір шайын ішіңіз. 2 стақан қайнаған суды термосқа құйыңыз. Оған ұсақтап туралған зімбір мен кептірілген жалбыз салып, қақпағын жауып қоясыз. 7-10 минуттай тұндырған соң шыны ыдысқа сүзіп құйыңыз. Тұнбаға татымына қарай лимон мен бал қосып ішіңіз. Сонда қан қысымыңыз қалпына түседі.

фото: www.freepik.com


Егер суықтап қалсаңыз:

  • Суықтап қалсаңыз немесе тұмау тигізіп алсаңыз, онда зімбір шайын ішіңіз. Сонда денеңіз жібсіп, бойыңыз жылиды. Қан айналымы жақсарып, терлейсіз.
  • Суықтаған кезде, тұмау тигенде және баспа ісінгенде табиғи алма сірке суымен емделіңіз. Бірдей көлемде қайнаған су мен алма сірке суын араластырыңыз. Оған 1 шай қасық бал қосып ішіңіз. Сонда дене қызуыңыз төмендейді, ағзаны С дәруменімен байытады, ағзаны қуаттандырып, сауықтырады.
  • Мұрыннан аққан суды 2-3 күнде-ақ кетіруге болады. Ол үшін мұрныңызға каланхое шырынын тамызыңыз. Одан бөлек ингаляция жасауға болады. 1,5-2 литр қайнаған суды қайнатасыз. Сосын оған 5-7 тамшы қарағай майы мен эвкалипт араластырып, кеңдеу ыдысқа құйыңыз. Ыдысты столға қойып, бұлау жасайсыз. Осы кезде басыңызды сүлгімен орау керек. Емді түнде жасаған жөн.
  • Аяқ-қолыңыз мұздап, денеңіз қалтырай бастаса, зімбір шайын ішіңіз. Зімбір шайы қан айналымын да жақсартады.


Егер теріңізде өзгеріс болса:

  • Байқаусызда теріңізді күйдіріп алсаңыз, дереу мұз басыңыз немесе 2-3 минуттай салқын суға салыңыз. Сонан соң бал жағып қою керек. Бұл емнен соң күйген теріңіз жарты сағаттай ауырады. Сосын ауырғаны басылады әрі күйгеннің ізі қалмайды.
  • Теріңіздің таза әрі жас болғанын қаласаңыз, таңертең ашқарынға осы сусынды ішіңіз. 1 стақан қайнаған жылы суға 2-3 тамшы лимон шырыны, 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық зәйтүн майын араластырып ішіңіз. Емді тамақтануға жарты сағат бұрын жүргізу керек. Сусынды мейлінше кешке жасаған жөн. Бұл теріңізді жасартады, асқазан мен ас қорыту жүйесінің жолдарын реттейді, ағзаны шлактан тазалайды әрі дәруменмен байытады.
  • Бетіңіздегі қара нүктені кетіру үшін мына масканы жасайсыз. Масканы әзірлеу үшін 1 дана жұмыртқаның ақуызына 1 шай қасық шекер қосып, көпіршігенше араластырасыз. Қоспаны теріңізге жұқалап жағып, саусағыңызбен баяу ұрасыз. Сонда маска теріңізге жақсы сіңеді әрі теріңізді тазалайды. Артынан масканы салқын сумен жуыңыз.

Ақуыздың орнын лимонмен, балмен алмастыруға болады. Бұл да теріңізді артық заттан тазартып, жасартуға септігін тигізеді.


Бұл әдістің қай-қайсысын жасасаңыз да керемет әрі тез нәтижесін береді. Сондықтан қаперіңізге ала жүргеніңіз жөн. Қандай да бір дертіңізге дауа болып, кәдеңізге жарайтын болар.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: meduniver.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Мына ТӨРТ әдіс құрғақ ЖӨТЕЛГЕ ем болады


ЛАВР жапырағы балалардағы ДИАТЕЗДІ емдейді


ТЫМ АРЫҚСЫЗ БА? 5 ҚҰПИЯСЫН біліңіз