​ГАСТРИТКЕ грек ЖАҢҒАҒЫ ем

0
5 561

Грек жаңғағының тағы да басқа қандай ауруға ем екенін білесіз бе?


​ГАСТРИТКЕ грек ЖАҢҒАҒЫ ем

фото: zastavki.com

Грек жаңғағының жапырағы, шикі және піскен дәні, жұқа қабығы, гүлі және май адам денсаулығына өте пайдалы. А, В1, С, Е, Р дәрумендерінің қайнар көзі болып табылатын жаңғақты жылдың кез келген уақытында ем ретінде қолдануға болады. Жаңғақтың құрамында адам ағзасы үшін қажетті ақуыз, май, темір, тұз, магний, кальций және фосфор элементі бар. Оған қоса, эфир майды, флавоноидты, танинді, юглонді, гидроюглон мен аскорбин қышқылын табуға болады.

Құрамындағы бұл бағалы заттарының арқасында түрлі дертке дауа екенін білесіз бе? Нақтырақ айтқанда, іш өту, тоқ ішектің қабынуы (колит), тері ауруларына таптырмайтын ем болады. Сонымен қатар, қан жолдарын кеңейтеді, жүйкені тынышандырады және несеп жүргізеді. Жаңғақты жас балаларға, жүкті және емізулі аналарға, сүйек сынғанда және остеопороз кезінде жесе, ағзаны кальций мен фосфор элементімен байытады.

Тері ауруларында грек майының пайдасы орасан. Егер теріңізді жырып, сырып алсаңыз немесе есекжем, қышыма, бөртпе шықса, осы майды жақсаңыз, тез жазылады. Сондай-ақ, мұрыннан су аққанда, гаймориттің әсерінен мұрын бітелгенде, тұмау тигенде мұрынға грек жаңғағының майын тамызасыз.

фото: desertikdoma.ru

Майды үйде жасауға болады

1 литр тазартылмаған күнбағыс майына 100 гр. сүтті грек жаңғағын салып, бетін жауып қойыңыз. Ыдысты күн тимейтін жерге қоясыз. Күн сайын банкіні қозғап тұруды ұмытпаңыз. Тура 2 аптадан соң дайын болған майды тері ауруларына қолдануға болады. Майды тоңазытқышта сақтау керек.


Грек жаңғағы кез келген жертке шипа болатын супер дәрі. Оны мына ауруларға да қолдануға болады:

  • Жарты келі таза балға қолдың сары майы мен 4-5 ас қасық грек жаңғағының майын қосып, жақсылап араластырыңыз. Біркелкі болған қоспаны шыны ыдысқа салып, тоңазытқышқа қою керек. Дайын болған емдік қоспаны күнде 1 ас қасықтан жейсіз. Емді таңертең ашқарынға немесе түскі астан алдын қабылдау қажет.

Бұл қоспа асқазан жарасына керемет дәрі болады.

  • Ал егер асқазаныңызда гастрит болса, онда күніне 10 дана грек жаңғағын жеуді әдетке айналдырыңыз.
  • 3-4 тамшы грек жаңғағының майына 1 шай қасық тазартылған өсімдік майын араластырып, мұрныңызға тамызыңыз. Қоспа жылы болу керек. Емді күніне 2 рет таңертең және кешке қаблыдайсыз. Ересектерге 3 тамшыдан, кішкентайларға 1 тамшыдан болады.
  • Ұнтақталған грек жаңғағына бірдей көлемде таза бал араластырып, жейсіз. Емді кез келген уақытта қабылдауға болады. Бұл қоспа ағзаны қуаттандырады. Әсіресе, ауырған кезде немесе ота жасатқан науқастарға керемет ме болады.
  • Кептірілген грек жаңғағының жапырағын қара шайға қосып демдеп ішсеңіз, асқазан, ішек жолдарындағы дертке дауа болады. Бір ішкеннен-ақ, іштің қатуы, өту, желденуі және шаншуы тоқтайды әрі асқазан жеңілдейді.
  • 2 дана грек жаңғағының жапырағын, 2 дана эвкалипт жапырағын, 2 дана жалбыз жапырағын араластырып, шәйнекке саласыз. Үстіне қайнаған су құйып, сыртынына жылы орап қойыңыз. Шамамен 7-8 минуттан соң дәрілік шайды аз-аз ұрттамнан ішіңіз. Татымы ұнамаса бал қосуға болады. Бұл шай суық тигенде, тұмау болғанда керемет ем болады.
  • 1 ас қасық кептірілген грек жаңғағының жапырағын ыдысқа салыңыз. Үстіне 2 стақан қайнаған су құйып, ыдысымен оттағы ыдысқа саласыз. 30 минут бұлау қабылдаған соң емдік тұнбаны сүзіп алу керек. Дайын болған тұнбаны 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. Бұл дисбактериозға таптырмайтын ем болмақ. Емделу мерзімі – 21 күн.

фото: freshfruitportal.com


Бұл тұнба ауыздың уылуы (стоматит), гингивит, қызыл иектің қабынуы кезінде керемет ем. Оған қоса, бұл тұнбаны тері ауруларына (бөртпе, есекжем, тершеңдік, балалардағы диатез) жақсаңыз, тап сол мезетте жазылады.


Грек жаңғағы кімге зиян?

Ми тамырлары, басы және маңдайы ауыратындарға 25 дана жаңғақтан артық жеуге болмайды. Аллергиясы барларға да грек жаңғағы қауіпті екенін ескеріңіз!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: azbyka.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ағзаға ЙОД жетіспесе мына ТОҒЫЗ түрлі ауру белең алады


КАМФОРА майы "ГРЫЖАНЫ" емдеуде көмектеседі


ТЫМ АРЫҚСЫЗ БА? 5 ҚҰПИЯСЫН біліңіз