Бұл әдісті артығымен қолдансаңыз, пайдасынан зияны басым болмақ
фото: etogemor.ru
Дәрілік шөптердің арасында гемоглобинді арттырып, ағзадағы темір тапшылығының орнын толтыратын шөптер бар. Өздеріңіз білетіндей, ағзаға темір жетіспесе, зат алмасу мен қан түзілім жүйесінің жұмысы бұзылады. Салдарынан бүкіл ағзаға оттегі дұрыс бармай, денсаулық сыр береді. Мұндай жайсыздыққа тап болмас үшін емдік қасиеті орасан зор – шөптерді қажетіңізге жаратыңыз.
Қандай шөптер гемоглобинді көтереді?
- құрамы В9 дәруменіне бай қалақай (крапива) мен жалбыз (мята);
- құрамында темір мен марганец тұздары бар бақбақ (одуванчик) тамыры;
- С және В дәрумендері мен темір элементінің қайнар көзі бидайық;
- темір, марганец және никель элементіне бай күреңот (иван-чай).
Гемоглобинді арттыратын бұл шөптер – алдымен қан плазмасындағы темірді толтырады. Сонымен қатар, эритропоэздің (эритроциттердің түзілуі) және гемоглобин синтезінің қалыпты процесі үшін В6 (пиридоксин), В9 (фолий қышқылы) және В12 (цианокобаламин) дәрумендерімен ағзаны байытады. Оған қоса, мыс, никель, марганец және кобальт сияқты микроэлементтермен де қамтамасыз етеді.
фото: ok.ru
Гемоглобинді арттыратын шөптерді қалай қолданамыз?
Бұл емдік шөптерді қайнатпа немесе тұнба түрінде қолдану керек. Ал оны қанша мөлшерде және қанша рет ішу керектігін дәрігер ұсынады. Ендеше, ем болатын бірнеше әдістерді ұсынамыз.
1-әдіс
200 мл қайнаған суға 1 ас қасық беде (клевер) гүлін салып, араластырасыз. Ыдыстың бетін жауып, жарты сағатқа қалдырыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1/3 стақаннан күніне 3 рет ішіңіз. емді тамақтан алдын қабылдау керек. Емделу мерзімі – 25-30 күн.
2-әдіс
6 шай қасық шайқурай (зверобой), 4 шай қасық тауқалақай (яснотка) және 3 шай қасық жолжелкен (подорожник) шөбін араластырасыз. Осы қоспаның 1 ас қасығын 1 стсқан қайнаған суға салып, отқа қойыңыз. Қатты отта бір рет қайнаған соң оттан алып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 2-2,5 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан қаблыдайсыз. Емді күніне 3 рет тамақтанудан алдын жүргізу керек. Емделу мерзімі – 1 ай.
3-әдіс
Бірдей көлемде қалақай (крапива), күреңот (иван-чая), мыңжапырақ (тысячелистник) және бақбақ (одуванчик) тамырының үгіндісін араластырасыз. Осы қоспаның 1 ас қасығын 250 мл қайнаған суға салып, бетін жайып демдеп қойыңыз. Тура 2 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, күніне 3 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 25 минут алдын қабылдау керек. Емделу мерзімі – 60 күн.
4-әдіс
5 шай қасық қалақай (крапива), 3 шай қасық таран (спорыш) пен 1 шай қасық жалбыз (мята) араластырасыз. Осы қоспаның 1 шай қасығын 200 мл қайнаған суға сараластырып, тұндырып қойыңыз. Тура жарты сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 50 мл-ден күніне 3-4 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдау керек.
фото: unaniremediex.wordpress.com
Артық қолдануға болмайды!
Мөлшерінен шамалы асып кетсе, түк те болмайды деп өз бетіңізше үкім шығармаңыз. Белгіленген мөлшермен ғана қолдануға кеңес береміз. Егер артығымен ішетін болсаңыз, басқа да ауруларды асқындырып алуыңыз ғажап емес.
Мәселен, шайқурай (зверобой) тұнбасын артығымен ішсеңіз, қан қысымыңыз көтеріліп, қан тамырларын жарып жіберуі мүмкін. Оған қоса, басыңыз айналып, денеңізге бөртпе басады.
Ал күреңот (иван-чай) жүйкені тынықтырады, ал артығымен ішсеңіз, жүрек қағысын жиілетіп, беймаза күй сыйлайды.
Осы сияқты басқа да емдік шөптерді артығымен қабылдасаңыз, пайдасынан зияны басым түспек. Сондықтан да дәрігер ұсынған мөлшер мен уақытты қатаң түрде сақтаңыз!
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!
Дереккөз: m.ilive.com.ua
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
ӘЙЕЛДЕРДІ мазалайтын 7 ҚАУІПТІ ауру
Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?