Таңертең көзіңіз шайдай ашылып, ауырғаны толық басылады.
фото: glazexpert.ru
Көз ауруының бірнеше түрлері бар. Бүгін көздің қызаруын халық әдісімен емдеу жолдарын ұсынамыз.
Көздің қызаруының себептері көп. Шаңнан, желден, күннен, компьютерден, инфекциядан қызарады. Көз қызарып бастағаннан-ақ міндетті түрде окулист дәрігерге бару керек. Дәрігер көзіңіздегі өзгерісті анықтап қажетті ем-шараларын ұсынады. Дер кезінде ем алмасаң, көздің қызаруы созылмалы жағдайға ұласады.
Үй жағдайында да көздің қызарғанын кетіретін әдістері бар. Жақсылап танысып алып, қажет кезінде қолданыңыз.
- 5-10 шақты көктікен гүлін аласыз. Оны жақсылап ұнтақтап, ыдысқа салыңыз. Үстіне 1 стақан қайнаған су құйып, тұндырып қоясыз. Шамамен 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны қабатталған дәкемен сүзіп алыңыз. Емдік тұнбаға мақтаны малып, көзіңізге таңып қоясыз.
Емді жатар кезде немесе душтан шыққан соң жүргізген дұрыс.
фото: glazexpert.ru
- Меңдуана (дурман) шөбі өте улы, оны ішке қабылдауға болмайды. Бірақ, көз ауруларына таптырмайтын керемет ем екенін біле жүріңіз.
- 20 гр. меңдуана үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Жарты сағаттан соң салқындаған емдік сусынды қабатталған дәкемен сүзіп аласыз. Шипалық қасиеті орасан тұнбаға мақтаны малып, көзіңізге басыңыз. Емді бір жасағаннан-ақ көздің қызарғаны кетіп, ауырғаны басылады.
- 1 шай қасық жолжелкен (подорожник) үгіндісін ыдысқа саласыз. Оған 2 шай қасық қайнатылған салқын су құйып, жақсылап араластырыңыз. Қоймалжыңға 100 гр. қайнаған су құйып, тағы да араластырасыз. Бөлме температурасында салқындағанша тұндырып қою керек. Сосын қабатталған дәкемен сүзіп алып, көз ауруларына ем ретінде қолданыңыз.
- 1 шай қасық кептірілген түймедақ (ромашка) үгіндісін 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Шамамен 20 минуттан соң сүзіп алып, мақтаны малып көзіңізге таңасыз.
- 1 шай қасық балды жарты стақан суға салып, отқа қоясыз. Сұйық болғанға дейін үзбей қозғап тұру керек. Сұйық балды оттан алып, бетін жауып қойыңыз. Аздап жылыған балға мақтаны малып алып, көзіңізге басаңыз.
Емді күніне 3-4 рет қайталасаңыз, қызарғаны, шаршағаны, талғаны басылады.
Көзге арналған компресс
- Егер көзіңіз ісіп, ауыртса дәріханаға жүгірмей-ақ қойыңыз. Бұл жағдайда картоп керемет көмектеседі. Иә, кәдімгі ас үйіміздегі картопты майда үккіштен өткізесіз. Езбені қабатталған дәкеге орап, көзіңізге қоясыз. Сосын көзіңізді жұмып, 20 минут жатыңыз.
- Егер көзіңіз қызарып, айналасы іріңдей бастаса, бор қышқылының көмегіне жүгініңіз. Кез келген дәріханадан табылатын бор қышқылын қайнаған сумен араластырып, көзіңізді жуасыз. Емді душтан шыққан соң, ұйқыға жатардан алдын жүргізу керек. Бор қышқылымен жуып болған соң көзіңізге мақтаға оралған сүзбе қойып жатыңыз. Таңертең көзіңіз шайдай ашылып, ауырғаны толық басылады.
фото: temperaturka.com
Қабынған көзді немен жуу керек?
Көзіміз ауырып бастағаннан-ақ мына заттармен жууға асығыңыз. Бұл сұйықтықтар көзге түскен шаңды, инфекцияны, іріңді әп-сәтте кетіріп, көз ауруларын емдейді.
- Бір уыс бедені сығып сөлін алыңыз. Бірдей көлемде қайнаған су араластырып, көзіңізді жуыңыз.
- Дәріханалық түймедақтың 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Жылыған кезде көзіңізді жуыңыз.
- 5 гр. үгітілген мойыл (черемуха) гүлін жарты стақан қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Жылыған кезде көзіңізді жусаңыз, көздегі микробты толық жойып, аурудан айықтырады.
- 1 дана пиязды 1 стақан суға салып, отқа қоясыз. Бір қайнап шыққан соң 1 шай қасық бал қосып, оттан алыңыз. Қайнатпа бөлме температурасында салқындаған кезде көзіңізді жуыңыз. Бұл қайнатпа көздің қызарғанын сол мезетте-ақ кетіреді.
- 1 бума ақжелкенді тазалап жуып, 1,5 литр суға саласыз. Ыдысты отқа қойып қайнатыңыз. 2-3 минуттай қайнаған соң оттан алып, бетін жауып қоясыз. Шамамен 4-5 сағаттан соң дайын болған емдік сусынмен көзіңізді жуыңыз. Емді күніне 3 рет, таңертең, түсте және кешке жүргізу керек.
Көз – адам өміріндегі ең маңызды мүше. Оны өте жоғары бағалап, қадірлеуіміз керек. Ауырып бастаса уақыт созудың қажеті жоқ. Дереу емдеу ісіне кірісіңіз. Көзге микроб, инфекция түскенде, қызарады, іріңдейді, ауырсынады. Оның алдын алуымыз қажет. Әйтпесе, жарықтың сөніп қалуы әп-сәтте...
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз.
Дереккөз: apteka72.com
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
Ұнтақталған ЛАВР жапырағы БАУЫРДЫ емдейді
ТЕРІ астындағы КЕНЕ қауіпті ДЕРТ