​Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз

0
3 448

Емді бір рет қолданғаннан-ақ оң нәтиже береді.


​Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз

фото: espanarusa.com

Көзге инфекция түскенде қышып, қызарып, жасаурап, іріңдеп белгі береді. Мұны дер кезінде емдемесе, ауру асқынады. Жоғарыдағы белгілер байқала бастағаннан-ақ дәрігерге тексерілуге асыңыз. Ал одан бөлек, үйде мына әдісті қолдану арқылы көзіңізді вирустан қорғай аласыз.


Алоэ

1:1 көлемде балғын алоэ шырыны мен қайнаған суды араластырыңыз. Дайын болған емдік сұйықтықты күніне 4-5 рет көзіңізге тамызасыз.


Каланхоэ

Каланхоэ шөбін сығып сөлін аласыз. Сосын 2 тамшыдан мұрныңызға тамызасыз. Ал балаларға қолданар алдында бірдей көлемде қайнаған сумен араластыруды ұмытпаңыз. Емді тәулігіне 1 рет қолдану керек.

фото: twitter.com


Түймедақ

3 ас қасық кептірілген түймедақ (ромашка) гүлін 1 литр қайнаған суға салып, тұндырып қоясыз. Тура 1 сағаттан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, мақтаны малып, көзіңізге қоясыз. Таңғыш жылы болу керек. Емді күніне 2 рет, ауруыңыздан жазылғанша жалғастырасыз.


Жебіршөп

1 шай қасық кептірілген жебіршөпті (чабрец) 200 мл қайнаған суға саласыз. Ыдыстың бетін жауып, 30 минут тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған емдік сусынды сүзіп алып, көзіңізді емдейсіз. Емді күніне 2 рет жасау керек.


Шай

1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық құрғақ шай салып, демдейсіз. Әбден қызарған кезде іріңдеген көзіңізді жуыңыз. Емді тәудлігіне 4 рет жалғастыруға болады.


Қырмызыгүл

1 шай қасық кептірілген қырмызыгүлді (календула) 200 мл қайнаған суға саласыз. Ыдыстың бетін жауып, 30 минут тұндырып қойыңыз. Белгіленген уақыттан соң дайын болған тұнбамен көзіңізге ем жасайсыз. Емді күніне 2 рет жасау керек.

фото: ochkov.net


Аскөк

Бірдей көлемде аскөк, лавр жапырағын және фенхель дәнін араластырыңыз. Оларды жақсылап үгітіп алыңыз. Оның 1 шай қасығын 1 стақан қайнаған суға демдейсіз. Шамамен 30 минуттан соң дайын болған сусынды сүзіп алып, көзіңізге жуасыз. Кешке жататын кезде мақтаға малып алып, көзіңізге басыңыз.


Хлоргексид

Бұл емді қолданудан алдын офтальмолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Дәрігер сізге қалай және қашан қолдану керектігін айтып береді. Емді бір рет қолданғаннан-ақ оң нәтиже береді.


Фурацилин

Фурацилин дәрісін ыстық суға салып, ерітесіз. Жылыған кезде көзіңізді жуыңыз. Кез келген дәріханада сатылатын бұл сары дәрі өздеріңіз білетіндей антибиотик болып табылады.


Бор қышқылының ерітіндісі

Екі пайыздық бор қышқылын 1 стақан суға араластырасыз. Сұйықтыққа қабатталған дәкені малып алып, көзіңізге қоясыз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз! Д

Материал түрлі дереккөзінен алынды.


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Ішекті ҚҰРТТАН тазалау үшін анардың ҚАБЫҒЫН қайнатып ішіңіз


ЛАВР жапырағы ИММУНИТЕТТІ көтереді


ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз