​ҚУЫҚ қабынғанда БАЛ қосылған ШАЙ ішіңіз

0
4 629

Ем кезінде ешқандай алкогольді сусын немесе дәрі ішпеңіз!


​ҚУЫҚ қабынғанда БАЛ қосылған ШАЙ ішіңіз

фото: ramazanovi.ru

Простатит – жамбас және жамбас түбі бұлшықеттеріндегі қан айналымының бұзылуы немесе оның тіндеріндегі инфекцияның нәтижесінде пайда болатын қуық асты безінің қабынуы. Бұл еркектерде кездесетін ауру. Дерт белгі бергенде зәр шығару қиындайды, жалпы жағдай нашарлайды. Ауруды асқындырмай уақытында емдесе, біржолата жазылу мүмкіндігі бар. Егер ем уақытылы жүргізілмесе немесе аяқсыз қалса, онда ауру тағы да мазалауы мүмкін.

Простатитті андролог немесе уролог дәрігері емдейді. Егер сіз дәрігерге қаралуға ұялсаңыз, онда халық әдісімен дертіңізге дауа табасыз. Ендеше, қуық асты безінің қабынуына ем болатын шөптермен таныс болыңыздар!


ЖУСАН

Жусан (полынь) – суыққа қарсы күтесетін керемет емдік шөп. Әсіресе қуық қабынғанда, инфекция түскенде тамаша дәрі болып табылады. Ем үшін бізге 100 гр. кептірілген жусан жетеді. Шөпті алақаныңызбен жақсылап езіп алып, шыны ыдысқа салып қойыңыз. Ем ретінде 1 шай қасығын аузыңызға салып, су ұрттайсыз.

Ащы дәмі бар жусан асқазан, ішек жолдары арқылы өтіп, бүкіл ағзаңызды тазалайды әрі барлық инфекцияны өлтіреді.

Емді алғашқы 3 күн бойы әр 2-2,5 сағат сайын жүргізесіз. Ал 4-ші күннен бастап ұйқыға жатар алдында ішпейсіз. Күні бойы 5-6 рет қабылдасаңыз болады.

Ем кезінде міндетті түрде диета ұстау керек. Мүмкіндігінше ақуызды, балықты, жұмыртқаны, тәттілер мен ұн өнімдерін шектеңіз. Күні бойы кептірілген 200 гр. нан жесеңіз жеткілікті. Ал алкоголь мен темекіні мүлде тұтынбаңыз.

Оның орнына жарманы, көкөніс пен жемісті, жаңғақты, күнбағыс майын ұсынамыз.


АҚЖЕЛКЕН

Ақжелкен (петрушка) – ағзаны пайдалы әрі бағалы заттармен толықтыратын өсімдік. Соның арқасында қуық асты безінің қабынуын емдеп, жыныс жұмысын жақсартады.

Ол үшін тәулік бойы 50 гр. ақжелкен жеу керек. Құрамы С дәруменіне бай кептірілген ақжелкенді жақсылап ұнтақтап аласыз. Сосын 1 ас қасықтан 3 рет қабылдаңыз. Ақжелкен бойыңыздағы суықты алады, қандағы қантты реттейді, ішек микрофлорасын жақсартады.

Егер ақжелкенді жайнап жей алмасаңыз, шырынын ішуге де болады. Күніне 3 рет 1 ас қасық шырын ішесіз. Емді тамақтанудан жарты сағат алдын жүргізу керек.


СҮЙЕЛШӨП

Сүйелшөп (чистотел) – бойыңыздағы суықты емдейді. Ол үшін емдік шөптен қайнатпа әзірлейміз. 100 гр. кептірілген сүйелшөпті ыдысқа саласыз. Үстіне 700 мл қайнаған су құйып, көлемі 4 есеге азайғанға дейін баяу отта қайнатыңыз. Сосын оттан алып, бетін жауып қоясыз. Шамалы суыған кезде қабатталған дәкемен сүзіп алып, 500 гр. табиғи бал араластырыңыз. Емдік сусынды шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышқа қою керек.

Ем ретінде 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтан алдын қабылдайсыз.

Сүйелшөп қайнатпасы ауыр дерттен кейін, яғни түрлі антибиотик, свеча, емдік жаттығу немесе массаждан соң ағзаны қуаттандырады.

фото: avrorra.com


СҰЛЫ

200 гр. сұлыны ыдысықа салыңыз. Үстіне 600 мл қайнаған су құйып, 5 минут баяу отта қайнатыңыз. Осы уақыттан соң қайнатпаны оттан алып, бетін жауып қоясыз. Шамалы суыған кезде қабатталған дәкемен сүзіп алып, шыны ыдысқа құйыңыз. Дайын болған сусынды ем ретінде 150-200 мл-ден күніне 3 рет ішіңіз.

Ем қабылдап жүрген кезде физикалық салмақ (жаттығу, тартылу, жүгіру, күресу) салмаңыз. Ал жүруге, жүзуге рұқсат етіледі.


БАЛ қосылған ШАЙ

Егер сіз дұрыс емделмей немесе дертіңізге атүсті қарап жүрсеңіз, онда көбірек бал қосылған шай ішіңіз. Балдың суыққа және бактерияға қарсы күресетін қасиеті бар. Ал көк және қара шайды араластырып ішетін ерлердің урологиялық денсаулоықтары мықты көрінеді.

Сізге ем ретінде жөке немесе гүлді балын таңдаңыз. Шаймен бірге 100 грамын жеуге әдеттеніңіз. Осылайша үзбей қабылдасаңыз, несеп шығуы жақсарады, ауыруы басылады.


АСҚАБАҚ ДӘНІ

Асқабақ дәні – кез келген ер кісілердің ағзасына аса қажетті мырыш элементінің қайнар көзі саналады. Ол қуық асты безінің қануын ғана емдемейді, сондай-ақ бүкіл ағзаға шипа болады.

Ол үшін асқабақ дәнін күнделікті ас мәзіріңізге қосуды ұмытпаңыз. Айталық, 100 гр. дәнде 10 м г мырыш бар. Ал бұл көлем ағзаны бір тәулік бойы қажет ететін мырыштың 50 пайызын құрайды. Демек, сізге тәулігіне 200-300 гр. асқабақ дәнін жеу керек.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: ayzdorov.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СҮЙЕЛШӨП тұнбасы ПСОРИАЗДЫ емдейді


ҚАРНЫҢЫЗДЫҢ неге жиі АШАТЫНЫН білесіз бе?


Ағзаны ШЛАКТАН қалай ТАЗАЛАУДЫ білесіз бе?