​МАСТОПАТИЯНЫ емдеу үшін ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН жеңіз

0
6 350

Халық емінде де бұл дертті емдеуге түрлі тәсілдер бар


​МАСТОПАТИЯНЫ емдеу үшін ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН жеңіз

фото: unona-clinic.ru

Мастопатия – әйелдің омырауында болатын дерт. Бұл кез келген жастағы қыз-келіншектерді мазалауы мүмкін. Әсіресе, 25-50 жас аралығындағы әйелдерде жиі кездеседі. Мастопатияның пайда болуына ең алдымен гормоналды жүйенің бұзылуы себеп болады. Оған қоса, қан тамыр, қалқанша без, семіздік, жатырдың қабынуы, қант диабеті, бауыр және өт аурулары да ықпал етеді. Тіпті, нашар экология, алкогольді сусындар мен темекі де дерттің дендеуіне себепші болады.

Егер сүт безінің ауырсынуы мазаласа, онда маммолог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Дәрігер ауруды анықтап, ем жолдарын ұсынады. Десе де, халық әдісімен де дертіңізге дауа табала аласыз.


БАЛ

Бал – бактерияға, зең ауруына, суыққа қарсы керемет дәрі болып табылады. Оған қоса, иммунитетті көтеріп, тыныштандыратын да қасиетке ие. Осының арқасында бал көптеген ауруға ем болады. Соның ішінде мастопатияны да емдеуге қабілетті. Оны қолдану өте қарапайым. Қырыққабаттың жапырағына бал жағып, сүт безіне қоясыз. Одан бөлек, қызылшаны үккіштен өткізіңіз. Дайын болған езбеге бал қосып, екі көкірегіңізге жағып, сыртынан пленка орап қойсыз.

Емді ұйқыға жатар кезде жасаған жөн. Осылайша үзбей 1 ай жүргізсеңіз, ауруыңыздан біржолата құтыласыз.


ШӨП

Итошаған (череда), мыңжапырақ (тысячелистник) және сасықшөпті араластырасыз. Оның 15 грамын жарты слитр қайнаған суға салып, тұндырып қойыңыз. Шамамен 1 сағаттан соң сүзіп алып, 15 гр. бал қосасыз. Дайын болған емдік сусынды 100 мл-ден күніне 2 рет ішесіз. Емді тамақтанудан алдын қабылдау керек.

фото: zhenskoe-zdorovye.com


ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ

Грек жаңғағы адам ағзасына қажетті пайдалы заттармен байытылған. Нақтырақ айтқанда, алкалоид, каротин және илік заттар мен К, Е, Р және С дәруменінің қайнар көзі. Одан бөлек, аминқышқылы мен ақуызға бай.

Мастопатияны грек жаңғағымен емдеу мерзімі 3-4 кезеңнен тұрады. Әр ем 2 айға созылады. Ем үшін 25 дана грек жаңғағын ыдысқа саласыз. Үстіне 100 мл 70 пайыздық спирт құйып, қақпағын жауып қойыңыз. Ыдысты күн тимейтін салқын жерге қою керек. Тура 1 айдан соң дайын болған қоспаның 15 тамшысын 50 мл суға араластырып, тамақтанудан алдын ішесіз. Емді күніне 3 рет жүргізу керек.


БАЛШЫҚ

Балшық – кальций, калий, темір, кремнезем, азот, магний және фосфат элементіне бай. Ол ағзаны улы заттардан тазартады, зат алмасуды жақсартады, жұмысқа қабілеттілікті арттырады. Балшықты ем ретінде қолдану үшін жақсылап кептіресіз. Сосын әбден үгітіп алып, жылы суға саласыз. Қою қоймалжыңды нан сияқты жасап, сүт безіне қоясыз. Сыртынан жылы орап, таңға дейін жатыңыз. Таңертең компресті алып, көкірегіңізді жылы сумен жуасыз.


ШЫРЫН

Үй жағдайында дайындалған бұл шырын мастопатиямен тамаша күреседі. Шырынды дайындау үшін бізге бірнеше азықтар және бірдей көлемде 7 стақан қажет болады. Сөйтіп кеңдеу ыдысқа 1 стақан сәбіз, 1 стақан лимон, 1 стақан қара тұрып, 1 стақан қызылша, 1 стақан бал, 1 стақан езілген сарымсақ және 1 стақан Кагор шарабын құясыз. жақсылап араластырып алып, 15 грамнан тамақтан соң қабылдайсыз. Емді күніне 3 рет ішу керек.

Емдік сусынды шыны ыдысқа құйып, тоңазытқышта сақтайсыз.

фото: imtgradient.ru


КАМФОРА МАЙЫ

Бірдей көлемде камфора майы мен спиртін араластырыңыз. Оны шыны ыдысқа құйып, ыдысымен ыстық суға саласыз. Ысыған кезде қабатталған дәкеге малып алып, көкірегіңізге қойыңыз. Емді кешке ұйқыға жатар кезде жасаған жөн. Таңертең дәкені алып, жылы сумен жуасыз. Емделу мезімі – 2 апта.


АРА ЖЕЛІМІ

50 гр. ара желімін ұнтақтап банкіге салыңыз. Үстіне жарты литр арақ құйып, қақпағын мықтап жабасыз. Ыдысты күн тимейтін салқын жерге қою керек. Күніне 2-3 рет қозғап тұруды ұмытпаңыз. Тура 1 айдан кейін дайын болған қоспаны қабатталған дәкемен сүзіп алып, 5 мл 100 мл қайнаған жылы суға араластырып, күніне 3-4 рет ішесіз. Емді тамақтанудан 30 минут алдын қабылдау керек.


Мастопатия – қауіпті дерт. Егер қандай да бір жайсыздықты байқасаңыз, дереу емдеуге кірісіңіз. Уақыт созып асқындырып алсаңыз, қатерлі ісікке әкелуі мүмкін.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: m.ilive.com.ua


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


СҮЙЕЛШӨП тұнбасы ПСОРИАЗДЫ емдейді


ҚУЫҚ қабынғанда БАЛ қосылған ШАЙ ішіңіз


САУ болғыңыз келсе СУ ішіңіз – дәрігер