​Миоманы ОТАСЫЗ-АҚ кетіруге болады

0
6 956

Емнің керемет нәтижесін 2 аптада-ақ байқайсыз.


​Миоманы ОТАСЫЗ-АҚ кетіруге болады

фото: temperaturka.com

Миома – жатыр мойнының қабырғасында пайда болатын ісік. Миома миллиметрден сантиметрге дейін өсуі мүмкін. Оны дер кезінде анықтап емдемесе, қатерлі ісікке ұдасуы мүмкін. Дертті өз бетіңізше анықтай алмайсыз. Саулығын ойлаған кез келген әйел жатыр мойын түтікшесін ультрадыбыстық зерттеуден өткізуі керек. Осы апарат жатырда миоманың бар-жоғын анықтайды. Егер жатырда миома болса, оның жағдайына қарай қажетті ем жүргізесіз.

Гинеколог мамандар УДЗ-нің нәтижесіне қарай белгілі бір ем тағайындайды. Одан бөлек, үйде мына әдіспен миоманы емдесеңіз болады.


Ара желімі

Ара желімі кез келген миоманы емдеуге қабілетті. Оның көмегімен жатырға қоятын арнайы тығындыдәрі (свеча) әзірлеуге болады. Тіпті үйде мынадай тұнба әзірлеп ішсеңіз де керемет ем болады. Тұнбаны әзірлеу үшін 1 литр спиртке 400 гр. ара желімін араластырып, бетін жауып қойыңыз. Ыдысты күн тимейтін салқын жерге қою керек. Күніне 2-3 рет ыдысты қозғап тұруды ұмытпаңыз. Тура 2 аптадан соң дайын болған тұнбаны сүзіп алып, 1 ас қасықтан күніне 1 рет ішесіз. Емделу мерзімі – 3 күн. Арада 10 күн үзіліс жасап, емді тағы жалғастырасыз. Осы тәртіппен 5 рет қайталау керек.

фото: temperaturka.com


Бал

Бал емін дайындау үшін 1 стақан таза бал, 100 гр. түйежапырақ тамырының шырыны, 100 гр. шырғанақ және шайқурай майы және 0,2 гр. мумие қажет. Бәрін бір ыдысқа салып, жақсылап араластырыңыз. Дайын болған қоспаны қабатталған дәкеге орап, тығынды дәрі әзірлейсіз. Оны түнде ұйқыға жатар алдында, қынапқа саласыз.


Алоэ

1 стақан езілген алоэ жапырағын ыдысқа салыңыз. Оған 200 гр. табиғи таза бал мен 400 гр. «Кагор» шарабын араластырыңыз. ыдыстың қақпағын жауып, 5 тәулікке күн тимейтін салқын жерге қойыңыз. Осы уақыт өткен соң дайын болған қоспаны 3-ке бөліп жейсіз. Емді күніне 3 рет тамақтан алдын қабылдау керек.

фото: dzen.ru


Самырсын

1 келі самырсынды, жарты келі орман таңқурайының тамырын, 1 келі шекер мен жарты келі ара балын кеңдеу эмаль ыдысқа салып, араластырасыз. Ыдыстың бетін жауып, тура 2 тәулікке тұндырып қою керек. 8 сағаттан соң ыдысты оттағы ыстық суға салып, бұлау жасайсыз. Дайын болған қоспаны ыстық судан алып, салқындатасыз. Дайын болған емдік шәрбатты 1 ас қасықтан күніне 3 рет ішіңіз. Емді тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдау керек. Емнің керемет нәтижесін 2 аптада-ақ байқайсыз.


Мумие

Мумие біздің өмірімізде кездесетін кез келген дерттің дауасы. Оған қоса, миоманы да емдеуге қабілетті.

  • Ем үшін 2-3 гр. мумиені 100 мл суға араластырып, қынапқа шашасыз.
  • Ал тығындыдәрі үшін 3 гр. мумиені 100 мл сумен араластырып, дәрі жасайсыз. Оны қабатталған дәкеге орып, қынапқа саласыз. Емді түнде ұйқыға жатар алдында жүргізу керек.
  • Мумиеден дайындалған тұнбаны ішке қабылдауға да болады. Ол үшін 40 мг мумиені 250 мл суға араластырып, бетін жауып қойыңыз. Тура 10 тәуліктен соң дайын болған тұнбаны дәрі ретінде 5 күнге бөліп ішіңіз.


Бұл емді әрбір әйел жасау керек.

1. Таңертең ұйқыдан тұрған соң ашқарынға жарты стақан картоп шырынын ішіңіз. емделу мерзімі – 6 ай.

2. Күнде орман бүлдіргенін шай сияқты демдеп ішуге әдеттеніңіз. Бұл сусынның да миоманы емдеуге керемет мүмкіндігі бар.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: woman-centre.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз


Ішекті ҚҰРТТАН тазалау үшін анардың ҚАБЫҒЫН қайнатып ішіңіз


ҚАНЫҢЫЗ азайса КАКАО қосылған сары МАЙ жеңіз