​СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз

0
6 979

Күнделікті мөлшері – 100 грамм.


​СӘБИ сүйгіңіз келсе ЖЕРЖАҢҒАҚ жеңіз

фото: phonoteka.org

Жаңғақ – адам ағзасына ең пайдалы және ең маңызды тағамдардың бірі. Өздеріңіз білетіндей біздің ағзамызға май қажет. Ал миымыздың 70 пайызы майдан тұратынын ескерсек, құрамында майы бар тағамдарды үзбей тұтынуға тиіспіз. Әрине, май көптеген тағамдарда кездеседі. Десе де, ең жақсысы балықта, табиғи өсімдік майларында, тұқымдарда және жаңғақтарда болады екен. Ендеше, жаңғақтың түрлері мен емдік қасиетімен танысайық...


Жаңғақтың пайдасы

Жаңғақ – миымызды керемет нәрлендіреді, жұмыс істеу қабілетімізді жақсартады және жүрегімізді нығайтады. Оның құрамында май өте көп. Соған қарамастан ағзадан зиянды холестеринді тамаша жояды. Нәтижесінде ағза тазарып, қажетті дәрумендерді, минералдар мен микроэлементтерді сіңіреді.

Жаңғақ – аштықтан құтқарады. Егер сізде тамақтануға уақыт тапшы болса, 5-6 дана жаңғақ жеңіз. Оның жағымды дәмі мен құнары асқазаныңызды толықтырады.

Жаңғақ – ақуыздың қайнар көзі. Бұл пайдалы тағамды үнемі тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алады.

Сонымен, қайсы жаңғақ қандай дертті емдейтінін бірге білейік...

фото: Яндекс Карты


Орман жаңғағы

Көпшілігіміздің сүйіп жейтін орман жаңғағымыз (фундук) ағзамызды қуаттандырып, қажетті микроэлементтермен байытады. Оған қоса, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының алдын алуға көмектеседі. Атеросклероздан қорғайды, қан қысымын қалыпқа келтіреді. Ағзаны шлактан және улы заттан тамаша тазартады, тұрақты тұтыну бүйрек тастарынан құтылуға көмектеседі.

Орман жаңғағын етпен, балықпен салыстырсаңыз, құрамындағы пайдалы заттар еселенеді.

Кедр жаңғағы

Адам ағзасына пайдалы қасиеттерімен жоғары бағаланған кедр жаңғағы көмірсулар мен майлардың қайнар көзі. Қанның сапасын жақсартқыңыз келсе, күніне белгілі бір мөлшерде тап осы жаңғақты жеп жүріңіз. Ол токсиндерді тазартады, қан қысымын қалыпқа келтіреді, қантүзіліміне оң әсер етеді.

Кедр жаңғағында кальций элементі өте көп. Соның арқасында қанның ұюын болдырмайды әрі гемоглобин деңгейі де реттеледі. Артық салмақтан арылғысы келетіндер үшін тамаша өнім. Ас қорыту процесін қалыпқа келтіреді де, нәтижесінде аз калорияларды тұтынып, қажетсіз салмақты жоғалтамыз. Ойық жара, гастрит және панкреатитпен ауыратын адамдар үшін де пайдалы.

Сонымен қатар, жаңғақтың құрамындағы марганец глюкозаның сіңуіне жақсы әсер етеді.

Нәтижесінде ұйқы безінің жұмысы жақсарады, майлар энергияға айналады.

Ал құрамындағы В тобындағы дәрумендер депрессиядан арылуға көмектеседі.

фото: nazya.com


Жержаңғақ

Жаңғақтардың ішіндегі бағасы жағынан қолжетімдісі әрі құнары жағынан бағалысы болып табылатын жержаңғақ ақуыздың, маймен дәрумендердің қайнар көзі. Егер күніне 100 гр. жейтін болсаңыз, ағзаңызға түскен кез келген пайдалы микроэлементтерді жақсы сіңіреді және фосфор мен магнийдің күнделікті нормасын толықтырады.

Егер сіз құрсақ көтеріп, сәби сүйгіңіз келсе, жиі жержаңғақ жеңіз. Ол бедеуліктің алдын алады, қандағы холестеринді төмендетеді, керемет антиоксидант болып табылады. Оған қоса, ағзаның қартаюының алдын алады. Салмақ жоғалтқысы келетіндер мен бұлшықет массасын жинағысы келетіндер үшін де пайдалы. Белгілі бір мөлшермен жесеңіз, ағзаны пайдалы ақуызмен тамаша қанықтырады және энергияны майға айналдырмайды.


Бадам

Әлем елдерінің ұлттық тағамдарын дайындау үшін қолданылатын бадам жаңғағы жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиетке ие. Депрессияға, жүйке бұзылыстарына, ұйқысыздыққа, стресске және неврозға таптырмайтын «дәрі». Дәл осы антидепрессант қазіргі заманғы адамдарға қажет, олар үнемі күйзеліске ұшырайды. Жұмыстан келген соң 10 шақты данасын жеп алсаңыз, күні бойы жатып тыныққандай әсер аласыз.

Бадам есте сақтауды жақсартады және зейінді шоғырландыруға көмектеседі. Кез келген жастағы адамдарға пайдалы болатын тамаша табиғи антиоксидант. Рак жасушаларының дамуын болдырмайды, бос радикалдармен күресуге көмектеседі.


Кешью жаңғағы

Денсаулықты жақсартуға және көптеген аурулардан арылуға көмектесетін керемет дәмді жаңғақ. Одан бөлек, құрсақ көтеруге септігін тигізеді. Егер сізде тері аурулары болса, еш ойланбай кешью жеуді әдетке айналдырыңыз. Көбінесе экземадан, псориаздан және эпидермистің аллергиялық зақымдануынан зардап шегетіндерге ұсынылады. Нәтижесін аз күннен кейін-ақ байқайсыз. Иммундық жүйені нығайтады, қабыну процестерінің алдын алады және вирусты жояды.


Грек жаңғағы

Бұл жүрек пен қан тамырларының проблемаларын шешуге тамаша көмектеседі, қан тамырларының қабырғасындағы түйіншектерді кетіреді әрі қанды тазартады. Грек жаңғағы ерлердің еркектік қуатын керемет көтереді. Қандағы қант деңгейін қалыпқа келтіріп, жүйкеңізді тыныштандырады, зат алмасу жұмысын жылдамдатады.

Грек жаңғағында Е дәрумені өте көп. Аталған дәрумен ағзаны тез қартаюдан қорғайды, теріні жұмсартып, жасартады. Сондай-ақ, емізулі анаға да, жас нәрестеге де өте пайдалы. Өйткені қоректік заттардың арқасында энергия қорын толтырады және дене жасушаларын нәрлейді.


Жаңғақтың зияны бар ма?

Жаңғақ – аллергиялық өнімге жатады. Сондықтан көп мөлшерде тұтынуға болмайды. Артық салмақтан зардап шегушілер де өте сақтықпен жегені жөн. Өйткені мұндағы калория сіздің салмағыңызды еселеуі ықтимал.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз:meduniver.com


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖӨТЕЛ мазалағанда ЖАЛБЫЗ шайын ішіңіз


Ерте ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ келмесе САРЫМСАҚ қосылған СУ ішіңіз


БАУЫРДЫ емдейтін «СУПЕР» дәріні білесіз бе?