​ШАНШУДАН қалған БЕЗДІ қалай кетіруге болады?

0
5 937

Жамбасыңызда шаншудан қалған без болса, осы әдісті жасаңыз


​ШАНШУДАН қалған БЕЗДІ қалай кетіруге болады?

Фото: fb.ru

Мұны жиі ауырып, шаншу ектіретіндер жақсы біледі. Жамбасқа инені сұғады да мақтаны басып тұрады. Алдын спиртке малынған мақтамен дәрі тарқағанша уқалайтын. Қазіргі медицина мұны дұрыс емес дейді. Содан иненің орнында без қалады. Ол ауруыңыздан айыққанша үлкейіп, қолыңыз тисе ауыртады. Аурудан жазылған соң қышымсып мазаңызды алады. Оны кетіру үшін йод жағамыз. Ал үй жағдайында мына әдіспен оңай кетеді екен.


Қырыққабат

Жаңадан піскен қырыққабаттың жапырағын балғамен ұрғылап, жамбасыңызға қоясыз. Сырғып кетпес үшін пластырь жабыстырыңыз. Егер қырыққабатқа бал жағып қойсаңыз тіпті керемет болады. Емді түнде ұйқыға жатар кезде жүргізесіз.


Алоэ

Алоэ де шаншудан қалған без бен көгергенге тамаша ем болады. Ол үшін орташа көлемдегі алоэні аласыз. Қақ ортасынан бөліп, сөлді жағын жамбасыңызға жабыстырыңыз. Емді әдеттегідей түнде ұйқыға жатар кезде жүргізу керек. Таңертең алоэ жапырағын аласыз. Бірінші күні-ақ нәтижесін байқайсыз.

фото: 1medhelp.com


Шомыр мен бал

Компресс үшін 1 ас қасық үгілген шомырды 0,5 ас қасық балмен араластырыңыз. Біркелкі болған қоймалжыңды екіге бөліп, қабатталған дәкеге саласыз. Екі дәкені жамбастағы бездің үстіне қойып, сыртынан қатты мата қоясыз. Сонда дәке сырғып кетпейді. Шомыр әбден құрғаған кезде алып тастаңыз.


Сәбіз

Егер үйіңізде шомыр болмаса орнына сәбіз алғаныңыз дұрыс. Бір дана сәбізді майда үккіштен өткізесіз. Езбені қабатталған дәкеге салып, бездің үстіне қойыңыз. Сыртынан полиэтилен плёнка қойып, бинтпен орайсыз. Сәбіз әбден құрғаған кезде компресті алуға болады.


Картоп

Картоптың ісік пен ауруды басатын қасиеті ежелден белгілі. Сондықтан да жамбастағы безді кетіру үшін аталған көкөністің көмегіне жүгінуге болады. Бір дана орташа көлемдегі картопты жақсылап жуып, үккіштен өткізесіз. Езбені қабатталған дәкеге салып, бездің үстіне қойыңыз. Сыртынан лейкопластырь жабыстырып жатасыз. Емді түнде жасауды ұмытпаңыз. Таңертең компресті алуға болады.

фото: rosmedplus.ru


Тұздалған қияр

Тұздалған қиярды жіңішке етіп дөңгелектеп тураңыз. Сосын жамбасыңызға жабыстырып, сыртынан пластырь қоясыз. Компресті 6-7 сағаттай ұстау керек. Емді без тарқағанша жалғастырыңыз.


Бал

Бал – безді кетіретін ең керемет дәрі. Бірақ балға аллергияңыз болмауы керек. Егер бәрі дұрыс болса, онда мына 3 әдісті қолданып көріңіз.

1-әдіс: 1 ас қасық қара ұн мен 1 ас қасық балды араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңды нан тәрізді жалпақтап алып, бездің үстіне қойыңыз. Сыртынан мақта мата қойып, лейкопластырь жабыстырасыз. Компресті таңға дейін ұстауға болады. Емделу мерзімі без кеткенше жалғасады.

2-әдіс: 1 ас қасық балға 1 ас қасық сары май мен 1 дана жұмыртқаның сары уызын араластырасыз. Қоспаны бездің үстіне жағып, жатыңыз. Шамамен 10-12 сағаттан соң компресті алуға болады.

3-әдіс: 1 шай қасық балға 1 шай қасық 40 градусты спирт пен 1 дана үгілген аспиринді араластырыңыз. Бездің үстіне алдымен май жағып алыңыз. Сосын дайын болған қоспаны жағасыз. Бұл біраз уақыттан бері жиналған безді тарқатады.


Ас содасы

1 шай қасық ас содасын 1 шай қасық ыстық сумен араластырыңыз. Қоймалжыңды бинтке жағып, бездің үстіне қойыңыз. Шамамен 15-20 минуттан соң бинтті алып тастауға болады. Бұл ем бездің тез кетуіне ықпал етеді.


Ұсынылған кез келген әдісті жасап көріңіз. Нәтижесінің сізді қуантатынына сенімдіміз!


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!


Дереккөз: zdravomaniya.ru




Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Жазда СУЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?


Ана СҮТІН көбейту үшін ҚАРБЫЗ жеу керек


Кімге БАЛМҰЗДАҚ жеуге БОЛМАЙДЫ?