Бұл жүрек ауруынан да, суықтап қалудан да, инфекция жұқтырудан да қорғайды.
фото: fb.ru
Жүрек ауруының түрлері көп. Соның ішінде – тахикардия (жүрек соғысының жиілеуі). Кейде жүрегіміз қатты соғып, мазамызды алады. Бұл қорыққанда, қуанғанда, жүгіргенде байқалса, қауіпті емес. Ал кенеттен жүрек соғысы жиілесе, онда қандай да бір аурудың белгісі екенін білуге болады.
Тахикардияның пайда болуына:
Негізінде жүрек минутына 90 соққы жасайды. Ал егер бұдан көбейсе, онда жүйке, эндокриндік, жүрек қан тамыр жүйесін тексерту қажет. Одан бөлек:
- Гипертония (қан қысымының артуы);
- Семіздік;
- Физикалық салмақ салу;
- Зиянды тағам (кофеин, алкоголь) тұтыну себеп болады.
фото: fithacker.ru
Тахикардияның белгілері:
- жүрек дүрсілінің өзгеруі;
- әлсіздік;
- тершеңдік;
- құсу;
- бас айналу, есінен тану.
Жүректің саулығын сақтау үшін тамақтану мәзіріне көңід бөлу керек. Әсіресе жүректің жұмысын жақсартатын балды көбірек жеңіз. Себебі бал жүрек бұлшықетін қатайтады, қан тамырларды кеңейтеді, қан айналымды жақсартады. Сондықтан 1 стақан суға 1 ас қасық бал араластырып ішуге әдеттеніңіз. Егер күніне үзбей 2-3 рет ішетін болсаңыз, жүрек мәселесі сізді мазаламайды. С дәруменіне бай бал жүрек соғысын реттеп, жалпы жағдайыңызды жақсартады.
Тахикардияны халық әдісімен де емдеуге болады
- 1 ас қасық кептірілген итмұрынды (шиповник) 2 стақан қайнаған қайнаған суға салып, отқа қоясыз. Баяу отта 10 минут қайнатыңыз. Сосын оттан алыңыз. Салқындаған кезде шыны ыдысқа сүіп құясыз. Қайнатпаға 1 ас қасық бал араластырып, 1/4-1/2 стақаннан күніне 2-3 рет ішіңіз. Емдік сусынды қақпағы жабылатын шыны ыдыста сақтаңыз.
- Өрік темір мен калий элементіне бай. Ал бұл элемент өз кезегінде жүректің жұмысын жақсартады. Сол үшін күніне 4-5 дана балғын немесе кептірілген өрік жеуге әдеттеніңіз.
- Жүзім, қара өрік, құрма, інжір, ақжелкен, қырыққабат, қара қарақат, балдыркөк тамыры, ананас, қызыл тал (кизил), банан мен шабдалы калий элементіне бай. Ал қызанақ, балдыркөк, жаңғақ, кебек, өрік, жүзім, шетен, қызылша, шие, грейпфрут, каланхоэ, бадам, салат жапырағы мен қырыққабат магний элементіне бай. Ал калий мен магний жүректі кез келген дерттен сақтай алады. Ендеше, тамақтану мәзіріне осы жемістер мен көкөністерді қосыңыз. Тәбетіңіз тартқан кез келген түрін күніне 2-3 рет жеуге әдеттеніңіз.
фото: medaboutme.ru
- Жаңғақ, мейіз және ірімшікті де күнде жеңіз.
- Халық емшілері бидайдан дайындалған ботқа жеуге кеңес береді. Бидайдың құрамы жүректің жұмысын жақсартатын калийге бай. Бағалы затты жоғалтып алмау үшін ботқаны дұрыс әзірлеу керек. 1/3 стақан бидайды жақсылап жуып, ыдысқа саласыз. Үстіне 2/3 стақан су құйып, отқа қойыңыз. Бір қайнап шыққан соң отын бәсеңдетіңіз. Баяу отта пріскенше қайнау керек. Дайын болған ботқаға май, тұз, шекер қосып, жейсіз.
- Бидайды қатты отта қайнатқанда түсі мен құнарын жоғалтпайды.
- Жүрек ауруларынан сақтану үшін күніне 1 стақан балғын көкөністің шырынын ішіңіз. Әсіресе қияр шырынын ішуге әдеттеніңіз.
Жүрек соғысын реттеу үшін кофені, шайды, алкогольді сусынды, темекіні, коланы, шоколадты шектеңіз. Бұл жүрек ауруынан да, суықтап қалудан да, инфекция жұқтырудан да қорғайды.
Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
МАСА шаққанда денеңізге ҚАРА БҰРЫШ майын жағыңыз