​ТЕМЕКІні тастағыңыз келсе СҰЛЫ қайнатпасын ішіңіз

0
4 023

Пайдасы керемет болады


​ТЕМЕКІні тастағыңыз келсе СҰЛЫ қайнатпасын ішіңіз

фото: like-site.ru

Темекі шегетін кез келген адам ерте ме, кеш пе бұл тәуелділіктен құтылу керектігін біледі. Бірақ нақты шешім қабылдай алмайды. Темекімен қоштасу кейбіреулер үшін өмірмен қоштасу секілді қиын болады. Себебі темекіні тастау үшін сізге жанашырларыңыз да, жақындарыңыз да, тіпті дәрігер де көмектесе алмайды. Темекімен күресті тек өзіңіз жүргізесіз.


Темекіні бірден тастап кете алмайсыз. Олай жасау екінің бірінің қолынан келмейді. Күресті күн сайын шылымның санын азайумен бастайсыз. Темекі шегуден бас тартқан адам стресс алып, ыңғайсыздықты сезіне бастайды. Ұсақ-түйектерге ашуланшақтық, шаршау, зейін мен ұйқының бұзылуы белең алады. Осы жолдан сабырмен өткен адам ғана өз мақсатына жете алады. Оған қоса, мына әдістерді қолданып көріңіз, пайдасы керемет болады.

фото: medaboutme.ru

  • Қара шалқанды қабығынан тазартып, майды үккіштен өткізесіз. Сосын жақсылап езіп, сөлін аласыз. Көкөніс шырынына бал қосып, ішіңіз. Емді күніне 2 рет жүргізу керек. Бұл сұйықтық темекіні тастауға көмектеседі.
  • Темекі алмастырғыш ретінде қант текшесін шайнаңыз. Бұл тәтті ағзаға зиянсыз және оның тәтті дәмі темекі шегуге деген құмарлықты азайтуға көмектеседі.
  • Хош иісті майлар мен хош иістер темекі шегетіндерге өте пайдалы. Сондықтан темекі шегуді қаласаңыздар, хош иісті майлармен денеңізге массаж жасаңыз. Бұл әдіс керемет көмектеседі.
  • Сарапшылар темекіге құмарлықты тоқтату үшін тыныс алу жаттығуларын жасауды ұсынады. Тыныш жерге барып, жайланып отырыңыз және баяу әрі терең тыныс алыңыз. Осылайша сіз тыныс алу жүйесін ынталандырасыз. Бұл сізге демалуға және темекі шегуге деген құмарлықты азайтуға көмектеседі.
  • Темекі шегуге деген құштарлықты басу үшін шүйгіншөп (валериана), түймедақ (ромашка), құлмақ (хмель), томағашөп (шлемник) және жалбыз (мята) сияқты шөптер де өте пайдалы.
  • Темекі шегуге құштарлық болғанда, дереу тұзды тағам жеңіз. Сонда құмарлығыңыз басылады. Темекі шегетін кезіңізде осылай жасасаңыз, тәуелділіктен толық құтыласыз.
  • Кейбір темекі шегетіндер «дертімен» күресу үшін судың көмегіне жүгінеді екен. Олар осылайша ағзадағы никотин концентрациясы бірте-бірте азаяды деп сенетін көрінеді. Алайда, бұл әдіс бәріңізге де көмектеспейді. Себебі сұйықтықты шамадан тыс қабылдау ісінуге, терлеуге, бүйрек ауруына әкеледі.
  • Темекіні тастауға сұлы қайнатпасы керемет көмектеседі. Бұл әдісті халық емінде ежелден қолданып келеді. Сұлы – никотинге тәуелділікпен күресе алатын бірден-бір жарма. Аталған азық темекіні тастау кезінде сыр беретін жүйке күйзелісімен оңай күресуге көмектеседі әрі никотиннен бас тартуға ықпал етеді. Сұлы қайнатпасын ішкен кезде ағза темекі құрамындағы зиянды шайырлардан тазарады. Темекіге деген құштарлықпен күресу үшін сұлыны қолданудың әртүрлі әдістері бар:

фото: smi2.ru


1-рецепт

2 ас қасық сұлыны кофеұнтақтағышқа салып, ұнтақтайсыз. Үгіндіні ыдысқа салыңыз. Үстіне қайнаған су құйып, 5 минуттай баяу отта қайнатасыз. Осы уақыттан соң ыдысты оттан алып, бөлме температурасында салқындату керек. Салқындаған қайнатпаны сүзіп алып, теңдей 3-ке бөліп, күніне 3 рет ішіңіз. Ем – 1,5 айға жалғастырасыз.


2-рецепт

Ыдысқа 1 литр су құясыз. Үстіне 200 гр. сұлы дәнін салып, ыдыстың қақпағын мықтап жауып қойыңыз. Шамамен 12 сағаттан соң ыдысты отқа қойып, қайнауға жеткізесіз. Сосын оттан алып, қайнатпаны сүзіп алыңыз. Дайын болған сұйықтықты жарты стақаннан әр 3 сағат сайын ішесіз. Емнің нәтижесін 5-7 тәуліктен соң байқайсыз.


Темекімен қоштасқысы келетін кез келген адамға бірнеше кеңес ұсындық. Жаныңызға жақын біреуін таңдап, байқап көріңіз. Керемет нәтижесін тез арада байқайтыныңызға сеніңіз.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: mudrost.mirtesen.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЕСТЕ САҚТАУ қабілеті неге НАШАРЛАЙДЫ?


«АҚША ШАҚЫРАТЫН» гүл АСҚАЗАН ЖАРАСЫН емдейді


БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар