ЖӨТЕЛ мазалағанда ЖАЛБЫЗ шайын ішіңіз

0
5 698

Одан бөлек, мына 11 ауруға ем болады


ЖӨТЕЛ мазалағанда ЖАЛБЫЗ шайын ішіңіз

фото: about-tea.ru

Жалбыз – адам ағзасына өте пайдалы өсімдік. Нақтырақ айтқанда, ас қорыту жолдарын жақсартады, деміңді тазалайды, аллергияның алдын алады, бас ауруын қойдырады, тыныс жолдарын ашады. Бір сөзбен айтқанда, кез келген дертті емдейтін табиғи антибиотик.

Жұпар иісті әрі ерекше дәмі бар жалбыз мына ауруға да ем бола алатын қасиетке ие.


1. Ішектің жұмысын реттейді

Жалбызды тұтыну арқылы ішектегі артық газдан арылып, ісінуді емдейсіз. Оның құрамындағы заттар ас қорыту жүйесінің бұлшықеттерін босаңсуға көмектесіп, ауырсынуды жеңілдетеді әрі ішектің тегіс бұлшықеттері белсенді түрде жиырылуын тоқтатады.


2. Бас ауруын басады

Жалбыздың бас ауруын қойдыратын қасиеті бар. Өсімдіктің құрамында қан ағымын арттыратын ментол бар, сонымен қатар салқындық сезімін береді. Мамандар осының әсерінен ауырсыну басылады дегенді алға тартады. Олардың айтуынша жалбыз майын маңдайға жақса, 1000 мг парацетаминофенмен бірдей әсер етеді екен.

фото: taketea.ru


3. Демді тазалайды

Байқасаңыз, жалбызды тіс пастасына, ауыз шаятын сұйықтыққа, сағызға дәмдеуіш ретінде қосады. Оның жағымды хош иісі ауыз қуысындағы микробтардың жойылуына ықпал етеді. Нәтижесінде деміңіз тазарып, ауыздан жағымсыз иіс шықпайды.


4. Тыныс алу жолдарын жақсартады

Жалбыздың бактерияға, вирусқа және қабынуға қарсы күресетін керемет әсері бар. Сондықтан ЖРВИ, суық тию және синусит аурулары мазалағанда дереу жалбыз қосылған шай ішіңіз. Жалбыз – жалпы суықпен күресетін супер дәрі.

Сонымен қатар, жалбыздың құрамындағы ментол мұрын қуысында ауа ағынын қабылдауды жақсартады. Ендеше, мұрныңыз бітеліп немесе су ағып бастаса, жалбыз қосылған сумен бұлау жасаңыз.


5. Шаршауды жояды

Шаршау – сіздің өмір сүру салтыңызға кері әсер етеді. Шаршау адамның күні бойы жұмысқа құлшынысы болмайды. Бұл дерттен құтылғыңыз келсе, таңертең жалбыз қосылған шай ішуді әдетке айналдырыңыз.

Бұл өсімдіктің құрамындағы қосылыстар дененің энергетикалық әлеуетіне пайдалы әсер етеді әрі оның хош иісі күндізгі ұйқышылдықты жеңеді.


6. Етеккір кезіндегі ауырсынуды басады

Жалбыздың бұлшық еттерді босаңсытатын қабілеті бар. Соның бірден-бір дәлелі етеккір келген кездегі ауырсынуды азайтады. Ендеше, етеккір келіп, бұрынғыдай төсекке таңылып қалсаңыз, 1 шыны жалбыз қосылған шай ішіңіз.

фото: pixabay.com


7. Табиғи антибиотик

Жалбыздың шайынан бөлек, майының да емдік қасиеті орасан зор. Мәселен, бактерияға қарсы әсері бар екендігі ғылыми түрде анықталған. Оның ішек таяқшаларына, листерияларға, сальмонеллаларға қарсы белсенді күреседі. Сонымен қатар, пневмонияны тудыратын стафилококктар мен микробтардың көзін жояды.


8. Ұйқыны қалыпқа келтіреді

Ұйқыға жатар алдында 1 кесе жалбыз шайын ішсеңіз, таңға дейін тыныш ұйықтайсыз. Себебі өсімдіктің құрамында кофеин жоқ. Соның әсерінен денені босаңсытып, бұлшықетті демалдырады.


9. Артық салмақтан арылтады

Салмақты жоғалтқысы келетін кез келген адам қара немесе көк шайдың орнына жалбыз шайын ішсе болады. Ғалымдар жалбыз шөбінің тәбетті басатын қасиетін анықтаған. Сондықтан шай орнына ішетін болсаңыз, артық тамақтануды тоқтатасыз.


10. Аллергияны жояды

Жалбыздың химиялық формуласында аллергия белгілерін азайтатын розмарин қышқылы бар. Егер көзіңіз қышып, мұрныңыздан су ағып, аллергиялық жөтел мазаласа, онда 1 шыны жалбыз қосылған шай ішіңіз. Сонда аллергияны айтарлықтай жеңесіз.


11. Есте сақтау қабілетін жақсартады

Зерттеушілер жалбыздың хош иісті майы есте сақтау қабілетін жақсартады деген тұжырым жасайды. Басқа эфир майымен салыстырғанда бұл өсімдік жұмысқа жақсы көңіл бөлуге көмектеседі екен.


12. Көңіл-күйіңізді көтереді

Бұл тамаша сусынды ыстық және салқын күйінде іше аласыз. Емдік шайдың жағымды дәмі жүйкеңізді тынықтырып, көңіліңізді көтереді.


Жалбыз шайының жасалу жолы

Термосқа 2 стақан қайнаған су құйыңыз. Оған бір уыс жалбызды салып, қақпағын жауып қоясыз. Шамамен 5 минуттан соң емдік шайды сүзіп алып, кез келген уақытта шай ретінде іше аласыз.

Шайды мейлінше тамақтан соң ішіңіз. Сонда жеп-ішкен тамағыңыз қорытылып, асқазан жолдарын жеңілдетеді. Таңертең ішсеңіз, күні бойы бойыңызда қуатыңыз тасып жүреді. Ал ұйқыға жатар алдында ішсеңіз, ұйқыңыз қанады.


Ескерту! Халық емін қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіп алыңыз!

Дереккөз: ayzdorov.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


Көзіңіз ІРІҢДЕСЕ АСКӨК тұнбасымен емдеңіз


АНАНАС күзде мазалайтын АЛЛЕРГИЯДАН құтқарады


Ерте ҚАРТАЙҒЫҢЫЗ келмесе САРЫМСАҚ қосылған СУ ішіңіз