​«Есеңгіреп, өз-өзіме әрең келдім»: Қарақат Әбілдина анасының қазасы жайлы айтып берді

0
10 534

«Балаларымыз біліп жүрсін дедік»


​«Есеңгіреп, өз-өзіме әрең келдім»: Қарақат Әбілдина анасының қазасы жайлы айтып берді

Танымал әнші Қарақат Әбілдина отбасымен туған жеріне арнайы барып, марқұм анасының рухына Құран бағыштап қайтты. Әншінің анасы осыдан төрт жыл бұрын дүние салған.


«2020-жылдың 15-мамырында Аяланың туған күнінде анашым ауылдан видео қоңыраумен шығып, құттықтады. Барлығымызбен жеке-жеке сөйлесіп, мәре-сәре болдық. Індет уақыты, карантин кезі еді. «Әттең мына жодың жабығы-ай, әйтпесе келер едім, ботам» деп жақсы сөздерін айтқаны – батасын беріп, қоштасқаны екен ғой. Кім білген...


Аяланың туған күнінен бір күннен соң, 17-мамыр өмірден өзі де өте шықты. Айзада қызыма аяғым ауыр, анамның қазасы қатты ауыр тиді. Есеңгіреп, өз-өзіме келуім қиын болған. Оған да, міне, 4 жыл өте шығыпты. «Уақыт- емші» дейді ғой, негізі уақыт емдемейді, тек біз сол қайғымен өмір сүруге үйреніп кетеміз», - деді Қарақат Әбілдина.


Өнер иесі өзі туып-өскен шаңырақта құрбандық шалып, туған-туыстың басып қосып, ас берді.


«Ендігі қолдан келетіні – Құран бағыштау. Көз көргендерін жинап, жақсылығын еске алудан басқа не бар? Бүгін, міне, құрбандық шалып, Құран оқыттық. Балаларды да ерте бардық. Бәрін көзбен көріп, олар да қайтқан соң ата-анаға дұға керек екенін ұқсын дедік. Сол, жақсыларым, әке-шешенің көзі тірі болса, жылы сөзді аямай, бағалап, батасын алғайсыз», - деді Қарақат әнші.