​«Кірпіш қалағандай қалап шықтым»: Қыдырәлі Болманов Қарақат Әбілдинаға жантебірентерлік жазба арнады

0
707

«Әнімен де, сәнімен де баурап алды»


​«Кірпіш қалағандай қалап шықтым»: Қыдырәлі Болманов Қарақат Әбілдинаға жантебірентерлік жазба арнады

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов сүйікті жары Қарақат Әбілдинаға жан тебірентерлік әсерлі жазба арнады. Ол Қарақатпен танысқан сәтін, оны өнерге әкелген кездерін есіне алды.


«Біз танысқан кезімізде Қарақат 18 жаста болатын. Белінен төмен құлаған қап-қара қос бұрымы, қазақы киімі, домбыраны алып, «Сары бидай» әнін шырқай жөнелгенде сұлу жүзі әнімен де, сәнімен де әдемі үйлесіп, ерекше жарасып тұрғаны әлі көз алдымда. Сол күні шұғыл түрде, түнгі 12-де «срочно» консерваторияның жатақханасына жетемін. Сол күннен бастап жұбымыз жазылған жоқ», - деп тебіренді Қыдырәлі Болманов.


Өнер иесі Қарақат Әбілдинаның қазіргідей танымал болуына көп еңбек сіңіргенін айтып берді.


«3-4 жылдай «АБК» тобының концерттеріне ертіп жүріп,э страда сахнасына бойын үйреттім. Қыр-сырларын үйрете бастадым. Қасыма ерте жүріп, әрі продюсер-ұстазына айналдым. Үйленгенімізге дейін үш жылдан астам бірге жүрсем де қолынан ұстамаппын. Сахна қозғалысы, сахна шеберлігі, сахна мәдениеті, Нартайдың термесін дайындап бердім. Дәстүрден ақырындап эстрадаға ауыстыра бастадым. «Образ» деген дүниені тірнектеп тізіп, стратегиялық бағытың бойынша бір тізбекке тізе бастайсың. Яғни образ үлкен дуал-кірпіштен қаланған қабырға болса, соның әр кірпішін түзу, дұрыс салып отырсаң,қателеспейсің.


Сөйтіп әрі-бері шапқылап жүргенімізде үйленіп, мейірімді Алла бере салғандарымызбен бақытымызды еселеп, алтын асықтай балалармен өмірімізді өрнектеп, өндіріп-өркендетіп, өсіріп, шаңырағымызды бақытқа бөлеген аса қамқор, ұлық Аллаға сансыз мадақтар болсын! Зуылдаған уақытпен, әлі қайда, 25-жылға жеткенше мың жыл бар сияқты сезінетін пендеміз. Уақыт ұйықтамайды, тоқтамайды! Баяу, бірақ 1 секунд та тоқтамай, күндіз де, түнде де үзіліссіз сырғып жатқан уақыт. Ей, Алла, адастырма бізді, жарастыр!» - деді Қыдырәлі Болманов.


Айта кетейік, өнерлі жұп жақында ғана үйленгендеріне 25 жыл болған мерейтойларын дүркіретіп атап өтті. Қайтадан некелерін жаңғыртып, үлкен той жасады.