​«Көйлектің ақшасы садақа болсын!»: Белгілі журналист әнші Шахизадаға алданып қалғанын айтты

0
32 923

«Жыртық көйлекті алдап сатып жіберген»


​«Көйлектің ақшасы садақа болсын!»: Белгілі журналист әнші Шахизадаға алданып қалғанын айтты

Белгілі журналист Жазира Бегалы балаларын әнші Шахизада Байпатшанованың алдап соққаннын айтты. Бұл туралы ол «Фейсбук» парақшасында жазды.


«Шахизада, «Инстаграм» арқылы жыртық көйлек сатып, телефонды неге бұғаттап тастадыңыз? Мынау сіздің дүкеннен бір сағат бұрын балалар тапсырыс беріп, маған Наурыз мерекесіне алған сыйлығы! Жыртық! Оны сары жіппен тігіп, қалай ұялмай сатып отырсыз? Оразада сол жыртық көйлектің ақшасы сізге садақа! Позор! Балалар жыртықты көріп, сатқан нөмірге хабарласқан, бұғаттап тастапты» деп ашуланды журналист.


Айтуынша балалары көйлекті әнші Шахизаданың өзі ашқан «Шахизада коллекшн» дүкенінен тапсырыс беріп алдырған.


«Бүгін Шоңжыдан іссапардан келдім. Балапандарым мені қуантайын деп көйлекке тапсырыс береді. Түркияның киімі, жеңілдікпен екен. Танымал әнші жыртық көйлекті парақшасында жарнамалаған. Сататын кезде осындай ақауы бар деп ескертпеген. Нәтиже – осы! Сатқан адам нөмірді бұғаттап тастаған. Ал әншінің көмекшісі мардымды жауап берген жоқ. Қысқасы, Шахизада, мынау тірлігіңіз ұят!» деді Жазира Бегалы.


Журналистің жазбасына көпшілік өз пікірін білдірді. «Ұят болған екен, кешірім сұрайтын шығар», «Ертең барып, ақшаны қайтарып алу керек, заң бойынша қайтарып беруге міндетті», «Осы онлайн сауданы шектеу керек. Телефонның арғы жағынан бәрі әдемі көріне береді», «Ұялмай қалай сатты екен, не шықса да осы әншілерден шығатын болды», «Масқара, қызыл көйлекті сары жіппен тігіпті» деп жазды желі қолданушылары.