​«Мас болған, куәліксіз көлік жүргізген»: Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамалды

0
2 848

Полицейлер әншінің досын да ұстап әкеткен


​«Мас болған, куәліксіз көлік жүргізген»: Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамалды

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа 10 тәулікке қамауға алынды. Ол күні кеше Қонаев қаласындағы «More Lux» демалыс орталығының аумағында қолға түскен. Полицейлер өнер иесінің үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық Кодекстің 667-бабының 1-бөлігі бойынша іс қозғады.


Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 5-шілде күні Қонаев қаласында жүргізуші куләлігінсіз көлік жүргізіп, жол-патрульдік полициясының назарына іліккен. Медициналық сараптама нәтижесінде оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталған.


Сот барысында Әбдіжаппар Әлқожа кінәсін толық мойындап, өкініп, айыппұл төлеуге мүмкіндігі барын айттып, өзін қатаң жазаламауын сұраған көрінеді. Алайда Қонаев қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оны жүргізуші куәлігінсіз, мас күйде көлік басқарғаны үшін 10 тәулікке қамауға алу туралы қаулы шығарған.


Кейбір дерек көздеріне сүйенсек, Әбдіжаппар Әлқожаның «Тойота камри» автокөлігін айып тұрағына жеткізген кезде оның танысы немесе досы, М. есімді азамат полицейлерге қысым көрсетіп, хаттама толтыруға кедергі келтірген көрінеді. Полицейлер оны да ұстап, 10 тәулікке қамалыпты.


Еске сала кетейік, күні кеше эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас та ұшақта досымен төбелесіп, қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін, жолаушыларға ыңғайсыздық тудырғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді.