​«Төреғали Төреәліні ешқашан шақырмас едім»: белгілі жүргізуші Тимур Балымбетов атышулы адамдардан аулақ жүретінін айтты

0
11 396

«Сұхбатыма ақша беріп шыққысы келетіндер көп»


​«Төреғали Төреәліні ешқашан шақырмас едім»: белгілі жүргізуші Тимур Балымбетов атышулы адамдардан аулақ жүретінін айтты


Белгілі тележүргізуші, блогер Тимур Балымбетов ешқашан Төреғали Төреәліден сұхбат алмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты.


«Мен Төреғалиді сұхбатқа шақырмас едім. Үнемі хайп қуып жүретін адамдар маған керек емес. Бір рет шу шығарған, кейін соны жүйелі түрде жасайтын адамдар менің форматыма сәйкес келмейді. Сұхбат деген адамды танып-білудің, оны басқа қырынан көрудің құралы. Сондықтан сенің сұхбатқа шақырған адамыңнан ел өзіне бір керегін алатындай, жоқ дегенде ой-танымы бірнеше сантиметрге өсетіндей болуы керек. Оның үстіне менің арнама, менің сұхбатыма көрермендер сұхбат берушінің танымалдығы, хайпы үшін келгенін қаламаймын. Әңгімелесетін адамды іздегенде ең алдымен «Бұл көрерменге не береді? Пайдалы бірдеңе айта ала ма?» деп ойланып, сараптап, сосын барып шақырамын»деді Тимур Балымбетов.


Жүргізуші сондай-ақ, ешқашан ақы үшін сұхбат алмайтынын жеткізді.

«Сұхбаттасатын адамың саған қызық болмаса, оған бар ынтаңмен дайындалып, қуана-қуана әңгімелеспесең, онда оның несі қызық? Қазір менің сұхбатыма ақша беріп шыққысы келетіндер бар. Кейде әйелім «Сенің сұхбатыңа келгісі келетіндерге «жоқ» демегенде осы уаққа дейін байып кететін едік» деп күледі. Мен өзіме ұнамаған адамдарды кейде басқа әріптестеріме жіберемін» деді Тимур Балымбетов.