«Заң қазір сатылады»: Актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент соммасын азайтуға өтініш берген

0
967

«126 мың теңгені төлеуден қашып жатыр»


«Заң қазір сатылады»: Актер Нұрсұлтан Жақсыген алимент соммасын азайтуға өтініш берген

Көпшілікке «Жаңа қоныс» телехикаясы арқылы танымал болған актер Нұрсұлтан Жақсыген сотқа «балаларыма алимент төлеу жағдайым жетпейді, аз сомма шығарып беріңіз» деп арыз түсірген. Бұл туралы актердің бұрынғы әйелі, блогер Фариза Алмасқызы мәлімдеді.


Ерлі-зайыптылар әлеуметтік желіде осыдан біраз уақыт бұрын ажырасып, екі бөлек кеткендерін айтқан болатын. Олардың ортақ екі ұлы бар.


«Сот орындаушыдан хабар келді, Нұрсұлтан Жақсыген арыз жазып кетіпті. «Алименттің бәрін төлей алмаймын, аз сумма шығарып беріңіз» деп... Сіздер оның кәдімгідей «күшті әке» екеніне сеніп қалдыңыздар ма? «Балаларыма көмектесіп тұрамын» деп сөйлеп еді. Шынымды айтсам, өзім шок болып отырмын. Сондағысы екі балаға шаққандағы сомма 126 мың теңге. Айсұлтанның еміне ай сайын 300 мың төлейміз, дәрілерін қоспағанда. Хамзаның шығынын айтпағанда. Сөзім жоқ.


Желіге ештеңе салғым келмейді. Бірақ мына жақта басқа әңгіме айтып, «Инстаграмда» басқаша әңгіме айтқанына ішім ашиды. Шын деп ойлап, халық сеніп қалады оның мың қырық өтірігіне. Бұл бергі жағы, басқасын салмай-ақ қояйын. Өзіне талай ескерттім, «кішкене артыңды ойла, іс-әрекетіңді ойланып жаса» деп. Сөйтсем «мер артымды емес, болашағымды ойлаймын, үйленіп, бақытты болам» деп жазыпты», - деп күйінді актердің бұрынғы әйелі.


Блогер экс-күйеуімен алмасхан хаттарын «Инстаграм» парақшасында жария етті. Салған жазбаларға сүйенсек, актер Нұрсұлтан Жақсыген заңды белден баспақ болған көрінеді.


«Заң қазір сатылады, айналайын! Өзім зор қылып шешіп аламын» деп әйеліне хат жазған актер.


Бұрынғы әйелінің жазбасын өнер иесі жауапсыз қалдырмады. Ол да "Инстаграм" парақшасында өз ойымен бөлісті.

"Бұл әйелдерге не жетпейді десеңізші... Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам. Қос балапанымды қараусыз қалдырады деп ойлайсыздар ма? Ешнәрсенің байыбына бармай жатып сене бермеңіздер. Ол мені қараласа да, мен оны жамандай алмаймын. Себебі ол балаларымның анасы. Аналары менен тағы не алғысы келіп жатқанын білмедім. Бірақ ол ақшасыз да жүрегімді беретін пейілім бар еді ғой. Ал менің нерв болуға уақытым жоқ, жұмысым бастан асады" деп жазды Нұрсұлтан Жақсыген.