​ЕСТЕ САҚТАУ қабілеті неге НАШАРЛАЙДЫ?

0
7 186

Қандай дәрілерді ішпеу керек екенін біле жүріңіз


​ЕСТЕ САҚТАУ қабілеті неге НАШАРЛАЙДЫ?

фото: formatag.ru

Ми адам өмірінің функцияларын реттеуге жауап береді. Оларға – жүрек соғысы, тыныс алу, жұту, бұлшықет жұмысы, есту және көру рефлекстері, қозғалыстарды үйлестіру жатады. Бір сөзбен айтқанда, жад мидың маңызды рөлдерінің бірі болып саналады. Жад өз жұмысын дұрыс атқара алмаған жағдайда есте сақтау қабілеті нашарлайды. Ендеше, есте сақтау қабілетінің неге нашарлайтынын, мәселенің себебін жою арқылы нақты қалай жұмыс істеу керектігін біле жүрейік...


Неліктен есте сақтау қабілеті нашарлайды?

Неврологиялық жадтың қызметі – мидағы деректерді жазады. Деректер өзін-өзі өңдеп отырады. Бұл мидың дұрыс жұмыс істеп жатқанын әрі есте сақтау қабілетінің қалыпты екенін аңғартады. Ал егер сіздің есте сақтау қабілетіңіз нашарлап, ұмытшақ болып бара жатсаңыз, алдымен себебін біліп алыңыз. Есте сақтау қабілетінің нашарлауына:

фото: climara.ru

  • Созылмалы күйзеліске, ұйқының болмауына, депрессияға байланысты дененің шаршауы;
  • B дәруменінің жетіспеуі;
  • Мидың қан айналымының бұзылуы және атеросклероз;
  • Қант диабеті, қалқанша безінің дисфункциясы, жүрек-өкпе, бүйрек жеткіліксіздігі;
  • Алкоголь мен есірткіге тәуелділік;
  • Жалпы наркоз алу және белгілі бір дәрілерді шамадан артық қолдану;
  • Бас миының жарақаты, мидың уақытша бөліктерін хирургиялық емдеу;
  • Альцгеймер, Паркинсон дертіне шалдығу;
  • Психиатриялық диагноз қою;
  • Инфекция (энцефалит, менингит) жұқтыру;
  • Қатерлі немесе қатерсіз ісіктер себеп болады.


Қандай дәрілер есте сақтау қабілетін нашарлатады?

Есте сақтау қабілетін нашарлататын бірқатар дәрілер бар. Бұл дәрілер жанама әсер беріп, жадтың жоғалуына дейін апарады. Сондықтан аталған дәрілерді өте сақтықпен қабылдау керек.

фото: www.baamboozle.com

Гистаминге қарсы дәрілер

Аллергияға қарсы дәріні көп ішпеңіз. Оған супрастин, димедрол және тавегил жатады. Бұл дәрі орталық жүйке жүйесіне кері әсер етеді, ұйқышылдық сезімін тудырады, көздің көруін нашарлатады. Одан бөлек, оқу мен есте сақтауға жауап беретін ми қызметін әлсіретеді.


Гипертония мен стенокардияны емдеуге арналған дәрілер

Бета-блокаторлар тобы адреналин мен норадреналинге әсер ету арқылы мидың жұмысына кедергі келтіреді. Анаприлин, атенолол, бисопролол, карведилол сияқты дәрілер жоғары қан қысымы мен импульс біріктірілген кезде тағайындалады. Жүрек соғуын бәсеңдету арқылы препараттардың компоненттері орталық жүйке жүйесінің жұмысын тежейді. Нәтижесінде шаршау, әлсіздік және есте сақтау қабілетінің бұзылуы көрініс береді.


Құрысуға қарсы дәрілер

Ұстамасы бар науқастарға құрысуға қарсы дәрі ұсынылады. Соның ішінде карбамазепин және вальпрой қышқылынан басқалары орталық жүйке жүйесінің жұмысын төмендетеді. Бұлшықет әлсіздігі пайда болады, науқас шоғырлану қабілетін жоғалтады, эмоционалдылық қасиет төмендейді. Мидың баяулауының салдары оның функцияларын, соның ішінде есте сақтау қабілетін жоғалтады.


Тыныштандыратын және ұйықтататын дәрілер

Ұйықтататын дәрілер негізгі бөлімдерде мидың белсенділігін төмендетеді. Бұл дәрілер алаңсыз ұйықтатады және стрессті жеңілдетеді. Дәрігердің рұқсатынсыз сатылатын Корвалол науқасқа қауіпті болмауы мүмкін. Ал құрамында фенобарбитал кездесетіні денсаулыққа залал тигізеді. Салдарынан есте сақтау қабілеті нашарлайды.


Антибиотик дәрілер

Миға қажетті гормондар мен заттар асқазан-ішек жолдарында кездеседі. Антибиотиктер зиянды заттармен бірге пайдалы заттарды да жояды, сонымен бірге мидың жұмысына теріс әсер етеді. Мұндай препараттарды мөлшерімен қабылдау жадыға қауіп төндірмейді. Керісінше, ұзақ ішсеңіз немесе емдеу дұрыс жүргізбесеңіз, денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізеді.


Ендеше, жадтан айырылудан сақтанайық. Оның жұмысын жақсарту үшін үнемі миды жаттықтырайық. Миды жаттықтырудың әдісі өте көп. Дәрігермен кеңесе отырып, ем-шараларын жүргізіңіз. Немесе интернет желісі арқылы миға арналған жаттығуларды оқып алыңыз.


Дереккөз: wer.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ЖҮКТІЛІКТІҢ жетiлмеуiне ИНФЕКЦИЯ себеп болады – дәрігер


«АҚША ШАҚЫРАТЫН» гүл АСҚАЗАН ЖАРАСЫН емдейді


БАУЫРДЫ тазалаудың КЕРЕМЕТ әдісі бар