​Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?

0
9 278

Ми жеткілікті түрде қанмен қамтамасыз етілмесе, алдымен есте сақтау қабілеті бұзылады. Бұл өте қауіпті!


​Қандай ДӘРІ есте САҚТАУ қабілетін жақсартады?

фото: vashnarkolog.com

Ми – адам өмірінің функцияларын реттеуге жауап береді. Ал өміріміздегі функциялар – жүрек соғысы, тыныс алу, ауа жұту, бұлшықет жұмысы, есту және көру. Осының бәрі мидың атқаратын қызметі. Ал мидың дұрыс жұмыс істеуіне жадтың үлесі үлкен.

Сондықтан да жадты яғни, есте сақтау қабілетті жақсартуға тиіспіз. Ол үшін медицина мамандары түрлі дәрі мен дәрумен ұсынады. Ал ғалымдар жадты жақсартуға логикалық есеп шығару, сөзжұмбақ шешу, жаңылтпаш айту керемет ықпал етеді дейді.

Ендеше, есте сақтау қабілетінің неге нашарлайтынын, оны қалпына келтіріп, жақсарту үшін қандай дәрі ішу керектігін бірге білейік...


Есте сақтау қабілеті неге нашарлайды?

Неврологиялық жад – мидағы деректерді жазады. Жад өзін жаңартып отырады. Ал егер жұмысы нашарласа, есте сақтау қабілеті бұзылады. Одан бөлек:

  • Күйзеліс пен депрессия түсу, ұйқының дұрыс болмауы;
  • В дәруменінің жеткіліксіздігі;
  • Мидағы қан айналымының бұзылуы;
  • Қант диабеті, қалқанша без қызметінің бұзылуы, жүрек-өкпе, бүйрек жеткіліксіздігі;
  • Алкоголь немесе нашақорлыққа тәуелділік;
  • Бас миының жарақаты, мидың самай бөліктерін хирургиялық емдеу;
  • Инфекция түсу;
  • Қатерлі немесе қатерсіз ісік есте сақтау және ми қызметін нашарлатады.

фото: topkin.ru


Есте сақтау қабілетін жақсартатын дәрілер:

Ми жеткілікті түрде қанмен қамтамасыз етілмесе, алдымен есте сақтау қабілеті бұзылады. Сондықтан да есте сақтау қабілетін жақсарту үшін дәрігеріңізбен кеңесе отырып қажетті дәріні ішіңіз.


«Билобил Форте»

Гинкго жапырақтарының сығындысынан жасалған антигипоксант. Бұл дәрі ми аймағында қан айналымының тұрақты бұзылыстары кезінде тағайындалады. Сонымен қатар, бас айналу, құлақтың шуылын да емдеуге қабілетті. Адамның есте сақтау қабілеті нашарласа, осы жайсыздық пайда болады.

Аталған дәрі:

  • ағзаның зат алмасуын жақсартады;
  • қан құрамын қалыпқа келтіреді және перифериялық микро айналым арнасын жақсартады;
  • қан тамырларының кеңеюіне және олардың күшеюіне ықпал етеді;
  • тромб түзілуін азайтады.

Оған қоса, миды оттегімен ғана емес, глюкозамен де қамтамасыз етеді. Қан жасушаларында бос радикалдардың пайда болуын болдырмайды.

фото: gdeikakzarabotat.ru


«Гинкоум»

Бұл мидың қан айналымын жақсартады. Бас айналу – мидағы метаболикалық бұзылулардың басты белгісі. Тап осы жайсыздықтан арылу үшін «Гинкоум» дәрісін ішуге кеңес береміз.

Дәріні дәрігер тағайындаған кестемен үзбей ішсеңіз, құлақтағы шуылдан біржолата құтыласыз. Тіпті, 3 айдан кейін-ақ тамаша нәтижені байқайсыз. Есте сақтау қабілетін жақсартып, мидың жұмысын дұрыстағыңыз келсе, онда емдеу курсы 3 айдан 6 айға дейін жалғасады.


«Фезам»

Бұл мидың жұмысына аса қажетті циннаризин және пирацетам құрамымен біріктірілген дәрі. Ол:

  • зейін мен есте сақтау қабілетін жақсартады;
  • нейрондық жүйені белсендіреді;
  • қан тамырларын кеңейтеді;
  • миды оттек жетіспеушілігінен қорғайды.

Циннаризин – қан тамырларының бұлшықет тонусын жоя отырып, кальций арналарын блоктайды. Ми қан айналымын тұрақтандырады, эритроциттердің мембраналарына серпімділік береді, қанның тұтқырлығын төмендетеді. Қан қысымына әсер етпейді.

Ал пирацетам – когнитивтік процестерді қалпына келтіреді, ишемиялық аймақта микро айналым арнасын түзетеді.

Бұл дәрі ми қан айналымының бұзылуымен бірге жүретін сарқылу мен неврозға да көмектеседі. Оған қоса, жұмысқа қабілеттілік пен физикалық белсенділікті арттырады.

Фезам ұзақ уақыт бойы неврологиялық науқастарды емдеуде қолданылады.


Мидың жұмысын жандандырып, есте сақтау қабілетін жақсартатын дәрілер мұнымен бітпейді. Сіздің қазіргі жағдайыңызды толық тексеріп, тағы да қандай дәрі-дәрмек қабылдау керектігін невролог дәрігер ұсынады.


Дерккөз: wer.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


САУ болғыңыз келсе СУ ішіңіз – дәрігер


ҚАРНЫҢЫЗДЫҢ неге жиі АШАТЫНЫН білесіз бе?


МАСТОПАТИЯНЫ емдеу үшін ГРЕК ЖАҢҒАҒЫН жеңіз