​ХОЛЕЦИСТИТ кезінде ҚАЙ жеріңіз АУЫРАДЫ?

0
14 155

Мұны білгеніңіз жөн...


​ХОЛЕЦИСТИТ кезінде ҚАЙ жеріңіз АУЫРАДЫ?

фото: ufk.kiev.ua

Адамдардың басым көпшілігінде кездесетін аурулар бар. Тізімде созылмалы (хронический) холецистит деген де жиі кездеседі.

Холецистит – өт қабының қабынуы. Әсіресе әйелдерде жиі кездесетін ауру. Аурудың белгілері мен пайда болуы және емделу жолдары туралы төменде толық мәлімет береміз.


Аурудың пайда болуына:

  • дұрыс тамақтанбау;
  • өт ағуының бұзылуы;
  • аз қозғалу;
  • түрлі инфекцияның түсуі;
  • өт жолдарына тас байлану;
  • тұқым қуалау себеп болады.

Аурудың ағымына қарай жедел және созылмалы деп бөлінеді.

фото: nspnaturprod.com

Жедел түрінде:

  • бойыңызды әлсіздік билейді;
  • оң жақ қабырға асты ауырады;
  • жауырын мен иық тұсы, басы ауырады;
  • жүрегі айнып, құсады;
  • іші кеуіп, жиі кекіреді;
  • дене қызуы көтеріледі;
  • көздің ақ қабығы сарғаяды;
  • кіші дәрет қара-қоңыр түске боялады.

Егер осы белгілер байқалса, уақыт созбай емделу керек. Әйтпесе, созылмалы түріне ауысады.


Ал созылмалы холецистит кезінде майлы тамақ ішсеңіз болды, оң жақ қабырғаңыздың асты ауырып, жүрегіңіз айниды. Оған қоса, құсқыңыз келіп, аузыңыз құрғай бастайды.

Аталған аурудан сақтану үшін қақталған, майлы және қуырылған тағамдарды шектеңіз.


Холециститті басқа аурудан қалай ажыратамыз?

Иә, кез келген жеріңіз ауырған кезде тұла бойыңыз ауырады. Тіс ауырғанда, оған бас, жақ, ауыз қуысы, бәрі-бәрі қосылады. Ал тұмау болғанда, бел, бүйрек, аяқ-қол ауырады. Сол секілді холециститті де басқа аурумен шатастырып алуымыз ғажап емес.

Жүректің ишемиялық ауруында кеуде мен оң жақ иық тұсын кесіп жатқандай сезім пайда болады. Холецистит кезінде де осындай жайсыздыққа тап боласыз. Бірақ оны анықтау үшін жеп-ішкен тамағыңызға назар аударыңыз. Егер майлы, қуырылған немесе ащы тағамды жеген кезде жоғарыда айтқанымыздай жайсыздық орын алса, онда өтті тексерту керек.

Сонымен қатар, стресс, жүйке аурулары, күйзеліс те аурудың қозуына себепші болады.

Өттегі тас та ауруды асқындыруы ықтимал. Тіпті, көлікпен, велосипедпен кедір-бұдырлы жолмен жүргенде де ауырсыну сезіледі.


фото: slavradio.org


Ал созылмалы холецистит те жүрек айнуымен, құсумен, іштің және жүрек аймағындағы ауырсынумен бірге жүреді. Тіпті, кейбіріміз холециститті гастрит, жара немесе ревматизммен шатастырып жатамыз.

Созылмалы холециститпен ауыратын адамдарда қыжыл және жүрек айнуы, сондай-ақ ауыздағы ащы дәм және кекіру сияқты жағымсыз белгілер болуы мүмкін. Оған қоса, үлкен дәреттің уақытылы болмауы, диарея және іш қату да болады. Холециститке шалдыққан адамның ұйқысы да дұрыс болмайды әрі ашушаң, күгелек болады.


Аурудың алдын алу үшін:

  • дұрыс тамақтаныңыз (майлы, қақталған, ащы, қуырылған тағамдарды) шектейсіз;
  • жаман әдеттерден (темекі тарту, ішімдік ішу) бас тартасыз;
  • белсенді өмір салтын жүргізесіз;
  • спортпен айналысасыз;
  • салмағыңызды қадағалайсыз;
  • жұқпалы аурулардан сақтанасыз;
  • мейлінше, ашуланатын, жүйкені жұқартатын ортадан алыс жүріңіз.


Жоғарыдағы белгілердің біреуін байқасаңыз, дереу гастроэнтеролог дәрігердің қабылдауына жазылыңыз. Қажетті сараптама жасатып, ем-шараларын қабылдайсыз.

Бұл ауру негізінен күзде және көктемде белең алатынын ескере отырып, барынша сақтанғаныңыз абзал.


Дереккөз: el-klinika.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТЕРІ астындағы КЕНЕ қауіпті ДЕРТ


Көзіңіз ІРІҢДЕЙ бастаса БОР қышқылымен жуыңыз


ҚАН тобыңызға қарап қандай ДЕРТТЕН сақтану керектігін білесіз бе?