​ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керек?

0
5 713

Осы дәруменді ішсеңіз, ауырмайсыз...


​ҚЫСТА қандай ДӘРУМЕН ішу керек?

фото: podagrainform.ru

Қыста барлық адамның ағзасы әлсірейді, сыртқы түрі нашарлайды, көңіл-күйі төмендейді және түрлі дертке шалдығады. Әсіресе иммундық жүйесі әлсіздерді тұмау, суық тию, инфекция, вирус қоршайды. Бұған ағзадағы дәрументапшылығы себеп болады. Сондықтан да қысы бойы аурумен алысқыңыз келмесе, бүгін дәрумен ішіп ағзаны қуаттандырып алыңыз.


Иммунитетті нығайту және ағзаны суық тию мен инфекциядан қорғау үшін қыста қандай дәруменді ішу керектігін бірге білейік...


А дәрумені

  • иммундық жүйені нығайтады;
  • көздің көру қабілетін жақсартады;
  • қан айналымын реттейді;
  • қабыну процестерін тоқтатады;
  • бауырды қорғайды;
  • жараларды тез жазады;
  • ұйқыны жақсартады;
  • гормондарды қалыпқа келтіреді;
  • шаршауды басады;
  • қартаюдың алдын алады;
  • теріні жасартып, жылтыратады.

фото: mir-zdor.ru

С дәрумені

Аскорбин қышқылы – табиғи иммуностимулятор және антиоксидант болып табылады. Ол суықтан қорғауға қабілетті. Сондықтан салқын ауа райында С дәруменін үзбей ішуге кеңес береміз.

Аскорбин қышқылының бұдан да басқа пайдасы орасан. Нақтырақ айтқанда, дәрумендер мен минералдардың, соның ішінде кальций мен темірдің ағзаға сіңуіне ықпал етеді.

С дәруменінің жетіспеушілігі иммунитеттің төмендеуіне, ұйқышылдыққа, әлсіздікке, шаршауға және депрессияға әкеледі. Оған қоса, тістің қанауына, буындардағы ауырсынуына әкеледі.


D дәрумені

Ккальциферол – фосфор мен кальцийдің сіңуін қамтамасыз етеді. Сүйектер мен тістердің саулығын нығайтады. D дәруменінің жетіспеушілігімен рахит, остеопороз ауруы дамиды, физикалық және психикалық даму тежеледі.


Е дәрумені

Токоферол – «сұлулық пен жастық дәрумені» ретінде белгілі. Ол тері мен ағзаға жасартатын әсер береді. Бет терісін жылтыратып, әдемі түс берсе, шашты жылтыратады. Сондай-ақ, миды оттегімен қанықтырады, жүйке белсенділігін қалыпқа келтіреді, стресске төзімділікті арттырады, жүйкені тыныштантырып, ақыл-ойды дамытады.

фото: Twitter

В тобындағы дәрумен

Бұл топқа бірнеше дәрумендер кіреді әрі әрқайсысы ағзаға әртүрлі әсер береді.

В1 дәрумені (тиамин) – көмірсудың алмасуын қалпына келтіреді, физикалық белсенділікті қолдайды, тиімділікті арттырады;

В6 дәрумені (пиридоксин) – жүйке белсенділігін қалпына келтіреді, эмоцияны тұрақтандырады, маусымдық депрессияны болдырмайды;

В9 дәрумені (фолий қышқылы) – бір қалыпты дене салмағын сақтайды, қатерлі ісіктердің пайда болуына жол бермейді;

В12 дәрумені (цианокобаламин) – қартаю процесін баяулатады, сергітеді, әлсіздік пен ұйқышылдықты жояды.


Қыста нақты қандай дәрумендерді ішу керектігін дәрігер айтады. Өйткені, сіздің ағзаңыздың жағдайын толық арнайы маман ғана біледі. Сондықтан жас ерекшеліктерін ескеріп, денсаулығыңыздың шамасын біліп, арнайы мөлшермен нақты дәрумен ұсынады. Жалпы, дәрумен жиынтығын жылына 2-3 рет 1-1,5 ай бойы ішу керек.


Дереккөз: stolichki.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


"ФОЛИЙ қышқылы – ЖҮКТІ әйелге ең қажетті ДӘРУМЕН" – дәрігер


АНЕМИЯ қаншалықты ҚАУІПТІ?


ТҰМАУДАН тез ЖАЗЫЛУДЫҢ жолы қандай?