​Тұмау кезінде антибиотик көмектеспейді

0
3 735

Антибактериалды препараттардың орынсыз, көп пайдаланылуы жазылуды қиындатып, денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін.


​Тұмау кезінде антибиотик көмектеспейді

Көптеген адамдар тұмауды өз бетінше емдеуге тырысады. Оның үстіне көпшілігі тұмау кезінде антибиотик ішсе тез жазылып кетеді деген сенімде. Алайда мұндай дәрілердің қауіпті жағын ескермей жатады. Жедел респираторлы вирусты инфекция, жай сөзбен тұмау кезінде ерекше бір емдеу қажет етілмейді. Ауру кезінде көп ретте кейбір ережелерді қатаң ұстау жеткілікті.


Антибиотиктер тұмау кезінде неге көмектеспейді?

Антибиотиктер немесе антибактериалды препараттар бактериямен күресуге бағытталған. Олар бактериялардың клеткалы қабырғаларын бұзуға немесе жоюға қабілетті. Ал ЖРВИ вирусты ауру. Мұндай қоздырғыштар бактериядан өзінің құрылымы, өмір сүру ережелерімен ерекшеленеді. Вирустарда клеткалы қабырға болмайды. Олар жасушаға түсіп, ағзада көбейеді.Ал антибиотиктер оларды жоюға немесе таралуын тоқтатуға мүлде әсер етпейді.


ЖРВИ кезінде антибиотиктің зияны

Антибактериалды препараттардың орынсыз, көп пайдаланылуы жазылуды қиындатып, денсаулыққа айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Мұндай жағымсыз әсерлер төмендегі нәрселерден орын алуы мүмкін.

- Антибиотиктер жанама әсер беріп, бауыр мен бүйрек жұмысын бұзуы мүмкін.

- Шектен тыс қолдану көбіне аллергия тудырады.

- Ағза тұмау салдарынан әлсіреп тұрған кезде оған антибиотик қосымша күш түсіріп, жанама әсердің тууына алып келеді.

- Антибиотиктер патогенді микроорганизмге әсер етіп қана қоймайды, сондай-ақ олар ағзадағы толыққанды иммунитет жұмысы үшін маңызды, пайдалы бактерияларды жойып жібереді.

- Ағза антибиотиктерді өңдеп, шығарам деп жүргенде вирусты инфекциямен күресуге күші қалмайды.

- Әсер етпеген антибиотиктер әсері жазылуы қиын вирусты ауру­дың асқынуына алып келуі мүмкін.


Антибиотиктер тұмау кезінде ағзаға айтарлықтай зиян тигізуі мүмкін. Мұндай дәрі-дәрмекті тек қана дәрігер тағайындауы тиіс. Онда да аурудың нақты көрінісіне сүйене отырып жасайды. Алайда кейде дә­рі­герлер де жиі қателесіп жатады.


Израиль мен голландиялық ғалымдардың антибиотикті шектен тыс пайдалану туралы зерттеулерінде, ауырған жандардың басым бөлігі дұрыс емес емді клиникалар­дан алатындығы жазылған.


Тұмау кезінде антибиотик керек кездер де болады

Кейде жеңіл тұмаудың өзі ба­сыл­май, ұзақ әбігерге салатын кез­дер болады. Оған бактериалды инфекция қосылып тіпті асқынуы мүмкін. Негізінен мұндай қиындықтар төмендегі жандарда көп кездеседі:

- 3 жасқа дейінгі балаларда;

- Қарияларда;

- Иммунитетті түсіретін өзге ауруы бар;

- Туабітті қанайналымы дұрыс жұмыс жасамайтын жандар;

- Жақын арада отадан шыққандар;

- Иммунтапшылығы бар жандар;

Тұмау кезінде антибиотик бакте­риалды асқынулардың қаупін төмендетпейді. Бірақ дәл осы антибиотикті қабылдамаса болмайтын жағдайлар кездеседі.


Бактериалды асқынудың дамып жатқанын қалай білуге болады?

- Ауру симптомдары апта ішінде қайтпаса. Яғни жоғары температура 1 апта бойы сақталатын болса;

- Ауырған жанның жағдайы төмендей бастайды;

Негізінен бактериалды инфекцияның бар - жоғын түрлі анализ арқылы тек дәрігер ғана анықтай алады. Қаннан алынған сараптамада вирусты және бактериалды инфекциалардың айтарлықтай айырмашылығы көрінеді.


Бактериалды жедел респираторлы аурулары

Көбіне тұмау вирус жұқтырудан орын алып жатады. Бірақ оның бактериалды (ОРЗ) түрлері де кездеседі. Әрине мұндай көп емес, дегенмен бұл қауіпті асқынуларға алып келеді. Бактериалды ауруды уақытында анықтау қиын. Ал болжамды белгілері:

- Тамақтың қатты ауруы мен температураның жоғарылауы;

- Құлақ ауруы, одан ірің ағуы;

- 2 апта немесе одан да көп күн мұрынның бітіп жүруі;

- Ентігу және 3 тәулік бойы тем­ператураның 38-ден түспеуі;

- Интоксикация белгілері;

- Қандағы лейкоциттердің жоғарылауы;

Тұмаумен бірге бактериалды инфекцияның жанама белгілері байқалған жағдайда дәрігер антибиотик тағайындайды. Егер бактериалды инфекция белгілерінің басылғаны байқалса, онда антибиотик қабылдауды тоқтату керек. Препаратты уақытында тоқтату асқыну қаупін төмендетеді.


Дайындаған: Э.Базарбаева,

ERNUR.KZ.