Күз – вирустың өршитін кезеңі. Сондықтан осы кеңесті есіңізде сақтаңыз.
фото: sitekid.ru
Вирус – ересектер мен балалардың жасушаларында орналасқан генетикалық тасымалдаушы. Олар паразит секілді тіршілік етеді. Егер сіз вирусты инфекцияны дұрыс емдемесеңіз, зиянкестер ағзада қалып, тағы да сізді мазалауы мүмкін. Вирустың күші иммунитет әлсірегенде, суық тигенде немесе жүктілік кезде қатты өршиді. Сондықтан да вирусты инфекцияның белгілерін білуіңіз керек. Оған қоса, қалай емдеуге болатынын және аурудан сақтанудың жолдарын да айтатын боламыз.
Вирустық инфекцияның жұғуы:
- Гематогенді. Бұл көбінесе медицина мамандарының салғырттығынан орын алады. Егер нақты тексеріп алмай, қан құю, инъекция немесе зарарсыздандырылмаған заттарды пайдаланса, ондағы инфекция жұғады;
- Ауыз арқылы да инфекцияны жұқтырып аласыз. Айталық ауырған адаммен сүйісіп амандассаңыз, бір ыдыстан су ішсеңіз, онда инфекция сізге өтеді.
- Жәндік шақса да ағза вирус жұқтырады.
фото: www.ktk.kz
Вирустық инфекцияның белгісі:
Адам инфекция жұқтырған кезде:
- Дене температурасы өзгереді. Тоңып, денесі қалтырайды;
- Жөтеледі;
- Лимфа түйіндері ұлғаяды;
- Бұлшықет әлсізденіп, ауырсынады;
- Тамақ аймағында ауырсыну болады.
Бұл белгілер ЖРВИ немесе тұмау ауруында да көрінеді. Айырмашылығы, инфекция белгілері алдымен пайда болады, содан кейін ғана тыныс алу жүйесі бұзылады. Ал тұмау кезінде алдымен жөтел және тамақ ауруы пайда болады да содан кейін ғана жоғарыдағы белгілер білінеді.
Вирустық инфекцияны емдеу жолдары
Егер жоғарыда келтірілген белгі байқалса, дереу дәрігерге барыңыз, тұрып-жүруге шамаңыз келмесе, үйге шақыртыңыз. Дәрігер сіздің шағымдарыңызға қарай, тексеру жүргізеді. Қажетті сараптама (иммунологиялық тексеру, рентген, қан, нәжіс және зәр тапсырып) жасатып, ем-шараларын ұсынады.
Дәрігердің тағайындаған емін үзбей, уақытылы қолдансаңыз, ауруыңыздан жұмаға жетпей сауығасыз. Одан бөлек:
- Таза ауада серуендеңіз;
- Дәруменге, минералға бай тағамды жеңіз;
- Бөлмені ылғалды шүберекпен сүртіңіз;
- Жатын, ас үй, қонақ бөлмені желдетіңіз;
- Орташа температурадағы душ қабылдаңыз.
фото: dorsummed.ru
ЕСКЕРІҢІЗ!
Вирустық инфекция жұқтырғанда антибиотик ішуге болмайды. Себебі, ауруыңыздан айыққаныңызбен, бүйрек, асқазан, бауыр жүйесінің жағдайын нашарлатасыз.
Дертіңізге дауа табу үшін «Цитовир» препаратын ішуге болады. Ол микробтармен күресуге қабілетті. Оған қоса, тамағыңызды, мұрныңызды тұз сумен шайыңыз. Жөтелді тоқтататын сироп ішуге болады.
Дереккөз: cytovir.ru
Л.АХМЕТОВА,
Тағы оқыңыз:
СУЫҚТАП қалсаңыз осы СУСЫНДЫ ішіңіз
БАСЫҢЫЗ ауырса МЫНА әдісті жасаңыз
Сіздің АУРУЫҢЫЗДЫ емдейтін табиғи АНТИБИОТИК бар