Жазда СУЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?

0
5 932

Терапевт дәрігерден 6 кеңес


Жазда СУЫҚТАП ҚАЛМАУ үшін НЕ ІСТЕУ керек?

фото: fokus-vnimaniya.com

Суықтап ауыру – жазда өте қауіпті. Кез келген уақытта дертке шалдығуыңыз мүмкін. Ең алдымен ауа баптағыш, балмұздақ, салқын су, бассейн дерттің дендеуіне себепші болады. Оған қоса, түрлі вирус, инфекция мен бактерия да ауруыңызды асқындырады.


Жазда неге суықтап ауырамыз?

Жазда иммунитет әдеттегіден төмендейді. Шаршаған және әлсіреген ағзаға вирус тез жұғады. Өздеріңіз білетіндей, вирус тер арқылы сыртқа шығады. Ал жазда ойдағыдай терлеу мүмкін емес. Себебі тер тез қатады да, ағзаны жаулаған вирус қалып қояды. Өйткені терлеу үшін қалың киіне алмаймыз, үйді де, есік-терезені де жауып қымтай алмаймыз. Осылайша бірде салқын, бірде ыстық болып, аурудың жазылуы созылып кетеді.

фото: skinceuticals.ru


Суықтағанымызды қалай білеміз?

Ауру бірден байқалмайды. Инфекция ағзаға әбден сіңген кезде, яғни 2-3 күннен кейін көрініс береді. Суықтап ауыру әдетте 7-10 күнге созылады. Бастапқыда аурудың белгілері ауыр болады:

  • дене қалтырап, дірілдейді;
  • тамақта ауырсыну болады;
  • бас, буын, бұлшықет ауырады;
  • жөтел мазалайды;
  • мұрыннан су ағады әрі түшкіреді;
  • дене қызуы көтеріледі.


Аурудың алдын алу үшін не істеу керек?

Терапевт дәрігер суықтан сақтанудың, вирус пен инфекция жұқтырмаудың әдісін ұсынады. Егер дәрігердің айтқанын орындасаңыз, аурудан алыстайсыз.

1. Қолыңызды жуыңыз

Үнемі қолыңызды сабынмен жуып жүріңіз. Сырттан келгенде, әжетханадан шыққанда, ақша санағаннан соң міндетті түрде қолыңызды жуыңыз. Әр тамақтан алдын және кейін қолды жуу керек. Себебі вирустың 99 пайызы қолда болатынын ұмытпаңыз.

2. Дұрыс демалыңыз

Демалысқа – ұйқының қануы, көңілдің көтеріңкі болуы, қарынның тоқтығы, жүректің тыныштығы жатады. Егер ұйқыңыз қанық болса, онда көңіліңіз де көтеріңкі, көңіліңіз де тыныш болады. Бұл кезде ағзаңыз да шаршамайды.

фото: shkolazhizni.ru


3. Сусынды көбірек ішіңіз

Тәтті және сүтті сұйықтықты шектеңіз. Әсіресе шырыш көп жиналса, бұл ауруыңызды асқындырады. Оның орнына бөлме температурасындағы су шіңіз. Тыныштандыратын шөп тұнбалары мен жеміс шайын ішіңіз. Адамның жүйкесін тынықтырып, ағзасын қуаттандыруға сәлбен (шалфей), зімбір (имбир), түймедақ (ромашка) керемет көмектеседі. Оған қоса, көк шай да тамақтың ауырғанын басып, мұрыннан аққан суды тоқтатады.

4. Бөлме ылғалдылығын сақтаңыз

Жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаттарының кебуіне жол бермеңіз. Ол үшін тек су ішумен шектелуге болмайды. Жатын, жұмыс, ас бөлмеңізді ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Бөлмені желдетуді де ұмытпаңыз. Мамандар ауа айналмаған бөлмеде адам жиі ауырады. Себебі мұндай бөлмеде вирус шоғырланады дейді.

5. Дұрыс емделіңіз

Біз қанша ауырып тұрсақ та, аяқпен жүруге шамамыз келсе, жұмысқа да, қонаққа да, базарға да барамыз. Негізінде ауырған адам үйден шықпай емделу керек. Еңбек демалысын алып, тұрақты ем қабылдаңыз. Себебі, сіздің иммунитетіңіз өте әлсіз. Сондықтан да кез келген ауруды жұқтырып алуыңыз мүмкін.

6. Өз бетіңізше ем қабылдамаңыз

Ешқашан өзіңізше дертіңізге дауа іздемеңіз. Бұл ауруды асқындырып алуы мүмкін. Мейлінше дәрігердің нұсқауымен емделгеніңіз жөн. Суықтап ауырған кезде бірден антибиотик қабылдамаңыз. Біріншіден, сіз қабылдаған антибиотик вирусқа қарсы әлсіз болуы мүмкін. Екіншіден, ағзаға салмақ салып, ауруды асқындыруы мүмкін.


Қайсы ауруды жеңудің әдісі – спортпен шұғылдану екенін біліңіз. Сондықтан да үздіксіз спортпен айналысыңыз. Физикалық белсенділік иммундық жүйені нығайтып, аурудан алыстатады. Ендеше, дертіңізге дауа тапқыңыз келсе, спортты серік етіңіз.


Дереккөз: gmsclinic.ru


Л.АХМЕТОВА,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


ТАХИКАРДИЯ мазалағанда ӨРІК жеңіз


«С» вирусты гепатитті емдемесе бауырда қатерлі ісік пайда болады – дәрігер


ІРІҢДІ ангинаны ҚАЛАЙ емдеп жүрсіз?