Арзан саяхаттағыңыз келе ме? 6 құпиясын білу керек

0
992

Бұл құпияларды тәжірибелі саяхатшылар жиі қолданады.


Арзан саяхаттағыңыз келе ме? 6 құпиясын білу керек

Сурет: moyidorogi.ru

Көзіңізді жұмып бір мезет елестетіп көріңізші: мұхиттың мөлдіреген суы, пальма ағашының сыбдыры, экзотикалық жемістердің иісі... Осындай демалысты армандап жүрсіз бе? Арманға қол жеткізу қиын емес. Жарқын, әсерлі саяхатты азғантай ақшамен де ұйымдастыруға болады. Бастысы – құпиясынын білу. Бұл құпияларды тәжірибелі саяхатшылар жиі қолданады. Артық шығындарды ойлап бас қатырмаңыз. Қалтаңызға қатты салмақ салмай-ақ әлемді аралаудың тәсілдерін жинадық.


1. Қоғамдық жұмыс

Волонтерлік қызметі үшін еңбек ақы орнына сапарға шығуға, саяхатқа жолдама, экскурсия, курстар, т.б. ұсынатын ұйымдар бар. Немесе жай ғана басқа елге жұмыс сапарымен жібереді, тамақ, тұрғын үй сынды шығындарыңызды өтейді. Ал сіз еріктілер қатарында жүріп қызмет етесіз әрі жаңа жерлерге саяхаттайсыз.

Қайдан іздеу керек?

  • Workaway
  • Grassroots Volunteering
  • Worldpackers
  • Global Volunteers

Артықшылықтары:

  • Құнды тәжірибе аласыз
  • Мұқтаж адамдарға көмек
  • Мәдениетті терең зерттейсіз
  • Көптеген жаңа таныстықтар

Кемшіліктері:

  • Көп уақыт бөлуіңіз керек, бірнеше апта, айға созылуы мүмкін.
  • Физикалық еңбекті және белгілі бір қабілеттерді талап етеді.


2. Үйге қарау (хаусситинг)

Өзге елде, басқа қалада тұратын жандар қандай да бір себептермен үйі (үй жануарлары) уақытша қараусыз қалатын болса, онда тұратын адам іздейді. Олармен келісімге келе алсаңыз, үй иелерікелгенше бос тұрған үйге бас-көз боласыз.

Қайдан іздеу керек?

  • TrustedHousesiters
  • MindMyHouse
  • HouseCarers
  • Nimador

Артықшылықтары:

  • Тегін үйде тұру (көбінесе қымбат әрі сәнді үйлерде)
  • Жануарлармен қарым-қатынасыңызды күшейтесіз
  • Жергілікті тұрғындар секілді өмір сүресіз

Кемшіліктері:

  • Бәсекелестік
  • Үй иелерінің көңілінен шығып, талаптарына сай келу керек


3. Онлайн жұмыс

Қазіргі кезде көптеген адамдар онлайн жұмысқа көшкен. Кеңсеге бару міндетті емес, кез-келген жерде жүріп істей береді. Бір мезетте қашықтықтан жұмыс істеп, ақша табу және саяхаттау мүмкіндігіне ие.

Салалар:

  • Фриланс (копирайтинг, дизайн, бағдарламалау)
  • Фото немесе бейне түсіру, т.б.
  • Онлайн оқыту
  • Блог жүргізу

Артықшылықтары:

  • Қаржылық тәуелсіздік
  • Еркін жұмыс кестесі
  • Әлемнің кез-келген нүктесінде жұмыс істей аласыз

Кемшіліктері:

  • Жоспардан ауытқымауға тиіс
  • Ғаламтор, әлеуметтік желілер, гаджеттерді жетік білу керек
  • Өзін-өзі ұйымдастыруды жүзеге асырады
  • Тұрақты интернетті қамтамасыз етуге міндетті

Сурет: di-a.de


4. Туристер көп бармайтын жерлер

Танымал туристік орындардан бас тартып, аз танымал бағыттарда саяхаттау.

Қайдан іздеу керек?

  • Арнайы блогтар
  • Форумдар
  • Google Maps, т.б. карталар

Артықшылықтары:

  • Төмен баға
  • Жергілікті колорит
  • Туристердің аздығы, тыныштық

Кемшіліктері:

  • Ақпараттың аздығы
  • Кейде біз күткендей керемет жер болмауы мүмкін
  • Тұрғындармен сөйлесу қиынға түсуі мүмкін
  • Туристерге жағдай жасалмауы


5. Жолсерік

Барғыңыз келетін жерлерге бағыты бір сапарлас іздеңіз. Топпен жүрген қызығырақ әрі үнемді. Көлік, тұрғын үй, ойын-сауық, т.б. шығындарды бөліп төлейсіздер.

Қайдан іздеу керек?

  • BlaBlaCar
  • Couchsurfing
  • Әлеуметтік желілерден

Артықшылықтары:

  • Үнемділік
  • Көңілді компания
  • Қауіпсіздік (сенімді дереккөзді қолдану кезінде)

Кемшіліктері:

  • Сапарластармен тіл табыса алмауыңыз мүмкін
  • Алаяқтарға тап келуіңіз ықтимал
  • Талғамдарыңыз сәйкес келмеуі мүмкін


6.Конкурс, ұтыс ойындары

Саяхатқа жолдама сыйлайтын байқаулар, ұтыс ойындары, т.б. қатысыңыз

Қайдан іздеу керек?

  • Әуе компаниялары
  • Туроператорлар
  • Блогерлер, т.б. ұйымдастырушылар

Артықшылықтары:

  • Жолдаманы тегін немесе өте арзан алу мүмкіндігі
  • Жеңіске жету мүмкіндігі аз
  • Ұтысты ұзақ күтуіңіз мүмкін

Кемшіліктері:

  • Жеңіске жету мүмкіндігі аз
  • Ұтысты ұзақ күтуіңіз мүмкін

  • «Саяхаттау – қымбат, көп шығын кетеді»деген ескі түсінік қолжетімді демалысыңызға кедергі жасамасын. Өз бетіңізше ізденіп, тиімді ұсыныстарды жіберіп алмаңыз. Сонда азғантай ақшамен көптеген әсер ала аласыз. Саяхаттың осы құпияларын тиімді қолданыңыз.

    Аударған: Бауыржан ЕРМАН,

    ERNUR.KZ

    ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:

    Ташкентке БІР-ЕКІ КҮНДІК сапар: Қанша АҚША керек? Не көріп ҮЛГЕРЕСІЗ?