Кедейліктен шығу және алға қойған мақсаттарға жету әркімнің қолынан келе бермейді.
Әр адамның түсінігінде кедейлік ұғымы әртүрлі болады. Біреуі жейтін нан таппаса, енді бірінің қаржысы шетелге шығып, демалуға жетпей тұрады. Сондай-ақ, кедейліктен шығу және алға қойған мақсаттарға жету әркімнің қолынан келе бермейді. Бірақ, әркім дәулетті болуға ұмтылуы керек.
Ең кедей Азия елдерінің рейтингі
Азия елдерінің кедейліктен шығу кезеңі өте баяу жүреді. Соңғы жылдары жекелеген кедей елдердің басшылары жағдайды жақсарту үшін түрлі бағдарламалар жүргізуде. Дегенмен іс жүзінде бұл жұмыстардың көмегі аз болады. Ең басты мәселе – жұмыссыздық деңгейі жоғары, ал жалақы деңгейі төмен.
10. Үндістан
Мүмкін үнділік Боливуд фильмдері қазіргі Үндістан азаматтарының өмірінің шынайы бейнесін дұрыс көрсетпейтін шығар. Алайда, бүгінгі таңда статистика мемлекет тұрғындарының 60%-ы кедейлікте өмір сүретінін айтады. Адамдар тұратын жерлер сыртқы жағынан қараусыз қалған қалаға немесе полигонға ұқсайды екен. Тіпті көптеген адам ақшаны қалай табарын білмей, табыс табудың жолы ретінде көшелерде қайыр сұрайды. Сыбайлас жемқорлардың көп болуына байланысты кедейлерге бөлінген көмек те мұқтаждарға дұрыс жетпейді екен.
9. Йемен
Ел халқының үштен екісінің табысы жоқ, тұрғындардың 40 %-ының жағдайы кедейлік шегінен төмен. Азық-түлік бағасы ай сайын көтеріледі. Қызметкерлер 2 жылдан артық жалақы алмайды. Йемендік отбасыларда күніне үш рет тамақтану – керемет сән-салтанаттың белгісі болып саналады. Йемендегі аштық пен кедейлік – бірінші мәселе.
8. Бангладеш
Киімнің көп бөлігі Бангладеш тігіншілерінің қолынан шыққанына қарамастан, елдегі кедейлік деңгейі өте жоғары. Аз жалақы мемлекет тұрғындарының лайықты өмірін қамтамасыз ете алмайды. Тіпті жеке шаруашылықтардан күріш сатып алуға арналған әртүрлі әлеуметтік бағдарламалар да жағдайды тұрақтандыра алмайды. Оның үстіне 2018 жылғы сайлауда Бангладеш халқы арасындағы кедейлікті толық жою жөніндегі уәделер де толық орындалмаған.
7. Қырғызстан
Қырғыз халқының бестен бір бөлігі кедейлікте өмір сүреді. Кедейлердің негізгі бөлігі ауыл тұрғындары болып саналады. Дегенмен бұл елде мұндай жағдайдан шығу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, соңғы 10 жылда кедейлік деңгейі 65%-дан 25%-ға дейін төмендеген. Қырғызстан Үкіметінде кедейлер санын азайту бойынша арнайы реформалар жүргізілуде. Алдағы 5 жылда көрсеткіштерді кем дегенде 7 %-ға төмендету жоспарлануда.
6. Тәжікстан
Тәжікстандағы жұмыссыздар санының азаюына қарамастан, кедейлік мәселесі әлі де бірінші орында тұр. Өз отбасының өмірін жақсарту үшін Тәжікстанның ер азаматтары өз елінен кетуге мәжбүр болып жатады. Ресейден, Қытайдан және АҚШ-тан келетін гуманитарлық көмек ағыны да бәріне бірдей жете бермейді екен.
5. Пәкістан
Жалпы Пәкістан кедей ел, бұл факт. Бірақ кедейлік деңгейі мемлекеттің өңірлеріне байланысты өзгереді. Нағыз кедейлікте өмір сүретін адамдардың көпшілігі қала маңында және ауылдарда тұрады. Сонымен қатар, кедей тұрғындар саны уақыт өткен сайын көбейіп жатыр. Тұрғындарды бастауыш білім алуға тарту және медициналық дағдыларды игеру бағдарламалары Пәкістандағы жағдайды жақсарта алмады.
4. Камбоджа
Камбоджада кедейлік барлық жерде бар. Сондықтан, тұрғындар қандай жолмен болса да ақша табуға тырысады. Камбоджа Үкіметі әлеуметтік бағдарламаларды енгізу арқылы осы адамдардың өмірінде бір нәрсені өзгертуге тырысады. Бірінші кезекте инфрақұрылымды жақсарту және ауыл шаруашылығын дамыту салалары тұр.
3. Непал
Непал - әлемдегі ең артта қалған елдердің бірі. Дегенмен, бұл мемлекет туристерді өте қатты қызықтырады. Олардың арасында музыканттар, альпинистер және толқуды ұнататындар өте көп. Мемлекет тұрғындарына Қытай басшылығы қолдау көрсетеді. Ел Үкіметі де кедейлердің санын қысқартуға тырысады. Бүгінгі таңда көмек көрсететін жаңа экономикалық бағдарламалар енгізілуде.
2. Солтүстік Корея
Солтүстік Кореяның әлсіз экономикалық саясаты елдегі кедейліктің артуына ықпал етеді. Барлық жердегі аштық жағдайды нашарлатады. Қытай мен АҚШ мемлекет тұрғындарына аштық кезінде аман қалуға көмектеседі. Гуманитарлық көмек Солтүстік Кореяға Ресей мен Қытайдан да келеді.
1. Ауғанстан
Ауғанстанның Ұлттық статистика базасының есебіне сәйкес, азаматтардың жартысы өте кедей екен. Адамдардың өмір сүру сапасы мен табысы бастауыш білімнің болмауына тікелей байланысты. Жалпы, жағдай қалалардан тыс жерлерде ұшығып жатыр. Ауыл тұрғындары әлдеқайда нашар өмір сүреді. Тірі қалудың жалғыз мүмкіндігі – отбасын азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығымен айналысу.
Дайындаған:Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
МАМЫР АЙЫНДА: Естен кетпес отбасылық демалыс үшін қайда бару керек?