Дұрыс таңдау естен кетпес сезімдер сыйлайды.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Көптеген жас жұбайлар үйлену тойынан кейін немесе той жасаудан бас тартып, «бал айын» өткізу үшін саяхатқа шығып жатады. Ал, ыстық сезімге толы бұл уақытты қандай жерлерде өткізген дұрыс?
«Бал айы» туралы ойлағанда сіздің ойыңызға не келеді? Мүмкін, кино, мөлдір таза су, пальма көлеңкесі, жайлы қонақүй және т.б. жанға жағынды нәрселер болар. Бұл кез келген адамның арманы шығар. Сондықтан шолуды аралдардан бастаймыз. Айтпақшы, егер туроператорлар арқылы демалуға тапсырыс берсеңіз, «бал айына» баратындығыңызды ұмытпаңыз. Себебі, арнайы жолдамалар құрамына романтикалық тосынсыйлар, бонустар немесе кем дегенде қосымша жеміс себеті қосылады.
Мальдив аралдары
Мальдив – Үнді Мұхитындағы тропикалық мемлекет, сән-салтанат пен керемет демалыстың синонимі, әлеуметтік желідегі мыңдаған суреттердің демеушісі.
Суға сүңгу, массаж, таңғажайып күн батуы мен жұлдызды аспан астындағы романтикалық кешкі ас, коктейльдердің әртүрлілігі, Мальдив маржан рифтері жайбарақат романтикалық демалыс үшін өте қолайлы. Ел белсенділік пен экскурсия үшін сирек таңдалады, бірақ олар да бар. Бірақ бұл ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын нығайтып, табиғаттан және бал айынан ләззат алу үшін тамаша орын. Тек маусымдық өзгерістерді ескеріңіз: мамырдан шілдеге дейін жаңбыр жауады, тиісінше билеттер арзанырақ болады.
Индонезия
Ел 17,8 мыңнан астам аралдардан тұрады, бірақ олардың ішіндегі Бали аралы барлығына белгілі. Бұл танымал экзотикалық нұсқа, «жұмақ арал».
Белсенділіктің ішінде: жанартауға көтерілу, йога, серфинг, Джунгли, храмдарды зерттеу сынды қызықты дүниелер бар. Аз ақшаға мопед жалдап алып, жергілікті мәдениетпен және оның сұлулығымен таныса аласыз. Бірақ желтоқсаннан ақпанға дейін Балиде тропикалық жаңбыр жауады.
Сейшел аралдары
Сейшел аралдары – көптеген Голливуд жұлдыздары үшін сүйікті демалыс орны. Тіпті корольдік жұп Уильям мен Кейт бал айын Сейшел аралдарында өткізген. Бұл халқының табысы жоғары жалғыз Африка елі. Сізді алуан түрлі жануарлар әлемі, манго ормандары, тропикалық экскурсиялардың барлық түрлері және кез келген аспаздық тағамдар күтеді. Аралдарда жыл бойы демалуға болады. Мұндағы жаз шексіз, өйткені архипелаг экваторға жақын орналасқан. Бірақ ең жақсы уақыт - сәуірден қазанға дейін.
Танзания
Көптеген адам Африка елінің континентальды бөлігін әлі талқыламайды, бірақ түрлі-түсті Занзибар бәріне танымал. Бұл аралдағы бал айы бәріне ұнауы керек. Егер сіз шытырман оқиға іздесеңіз, онда джунглиде серуендеу, шағын сафариге шығу, үңгірлерге экскурсия жасау, пикник ұйымдастыру, батпырауық серфингін тебу және дельфиндермен жүзу ұсынылады. Мұндағы жаңбырлы маусым қарашадан желтоқсанға дейін жалғасады.
Маврикий
Марк Твен бір кездері: «Маврикий жұмақтан бұрын болған, ал Құдай жұмақты соның бейнесіне ұқсатып жаратқан» деп айтқан екен. Осыдан-ақ бұл жерде бал айын өткізу қандай болатынын ұғуға болады. Арал тек ұлттық мәдениеттердің ғана емес, континенттік мәдениеттердің де тамаша қоспасы. Маврикийде сіз өзіңіздің кез-келген қалауыңызды қанағаттандыра аласыз. Мысалы, сөнген жанартау кратерінде кездесу кешін өткізу, бірегей жеті түсті құмдарды немесе жер асты сарқырамасын көру, парашютпен секіру және т.б. Саяхаттауға ең қолайлы уақыт — қарашадан мамырға дейін.
Мексика
Романтикалық тыныш жағажай демалысы мен көп қырлы елге экскурсия жасауды біріктіргіңіз келсе, Мексиканы таңдаңыз. Мұнда курорттар да, ежелгі көрнекті орындар да бар.
Куба
Бұл дәуір тоғысатын ел. Шынайылық, терең тарих, тамаша орындар, Азур суы, жағажайлар – барлығы естен кетпес демалыс үшін жеткілікті. Кариб теңізінің жылы суы да адамды бей-жай қалдырмайды. Елде бір жылдың 300-ден астам күні жылы болады.
Франция
Егер жас жұбайлар үйлену тойын да, бал айын да өткізбеген болса, осы бір махаббат елінде үйлену саяхатын өткізу қажет. Себебі Париж, Нормандия, Прованс, Кот-д'Азур, жалпы Франция мемлекеті романтиканың, ләззаттың отаны. Қайда барсаңыз да сізге ұнайтын және есіңізде қалатын дүниелерді көресіз.
Испания
Құмарлық, фламенко, ежелгі тарих, теңіз өнімдері, шарап — Испания осындай ең жарқын әсерлер мен естеліктер сыйлай алады. Жыл мезгіліне байланысты жағажай демалысын немесе ежелгі қалалар, жүзімдіктер мен сарайларға саяхаттауды таңдауға болады. Испаниядағы бал айында фотосуреттер де керемет шығады.
Италия
Махаббат пен романтиканың тағы бір отаны. Рим, Верона, Венеция, Жерорта теңізінің таңғажайып жағажайлары – бірнеше ай бойы үйде сезінетін ғажайыпты Италияда бір-ақ аптада бастан кешіресіз.
Дайындаған: Б.Мейірханұлы,
Тағы оқыңыз:
Әлем елдерінде ЭМИГРАНТТАРДЫ көптеген ПРОБЛЕМА күтеді