Ең жылы жерлердегі ЕҢ ЖАҚСЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІ біле жүріңіз

0
2 850

Бұл – қыс мезгілінде жазды аңсайтындар үшін керек.


Ең жылы жерлердегі ЕҢ ЖАҚСЫ ҚОНАҚҮЙЛЕРДІ біле жүріңіз

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Әр адам қыстың ызғары тоңдырған кезде «мәңгілік жаз болып тұратын жер бар ма?» деп ойланған болар. Мұндай сәтте қолыңызда әлемнің кез келген нүктесіне апаратын телепот болса, тіпті керемет болар еді. Алайда, қазір мұндай құрылғы жоқ. Сондықтан әуе компанияларының қызметіне қанағат етіп жүрміз. Тиісінше, туристердің басым бөлігі саяхаттар кезде, әсіресе қыста әрдайым жылы болатын бағыттарды таңдайды. Сол себепті, біз әлемдегі ең жылы елдердегі ең жақсы қонақ үйлердің тізімін жасақтадық.


Маврикий

Үнді Мұхитындағы Маврикий аралы 2023 жылдың басты трендіне айналды. Мұнда мұхит жағасында «JW Marriott Mauritius Resort» атты нысан орналасқан. Саяхатшылардың пікіріне сүенсек, бұл қонақ үй туристердің демалыстан ұмытылмастай әсер алуы үшін бірнеше күндік бағдарламалар әзірлеп қояды екен. Оған аралдағы саяхат та, медитация тәжірибесі де кіреді. Сонымен қатар, қонақүй аумағында әлемнің әртүрлі тағамдарын ұсынаты бес мейрамхана бар.


Мальдив аралдары

Адамдар үшін Мальдив аралдарына саяхаттау әрқашан жақсы идея болып саналады. Тиісінше, бұл бағыт соңғы жылдары айтарлықтай танымал болды. Сондықтан мұндағы курорттарда кез-келген бюджетке сай келетін қонақүйлер пайда болған. Соның ішінде, әлемдегі ең жақсы қонақүйдің бірі – Ландаа Гирааварудағы «Four Seasons Resort Maldives».

Бұл курорт әлемдегі ең әдемі аралдардың бірінде, ЮНЕСКО қорығында орналасқан. Сондықтан мұнда сізді нағыз "жабайы" өмір күтеді. Яғни, адамдар теңіз тасбақаларымен және тіпті «жақсы» акулалармен бірге өмір сүреді. Бірақ, мұндай экстремал ұнамаса, сіз өзіңізді йогада сынап көре аласыз. Ол үшін жақында Ландаа Гирааварудағы Four Seasons Resort Maldives-те голограмма қосымшасы бар зал ашылған. Онда қонақтар Үнді мұхитының су асты әлемімен таныса алады.


Сейшел аралдары

Сейшел аралдары - туристерді қызықтыратын жаңа орын. Курорт пейзаждардың сұлулығымен ғана емес, тікелей рейстердің болуымен де қызықтырады. Мұнда ашық ауада әуесқойлар үшін ештеңе жоқ. Жұмыс шаршауын шығарып, біраз уақытқа медитация күйіне түсуді армандайтындар үшін қолайлы орын.

Ал, ондағы ең жайлы Raffles Seychelles қонақүйі Праслин аралының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Дәл осы жерде ақ құмы бар әйгілі таза жағажайлар да бар. Курорт тек бір және екі бөлмелі және жеке бассейні бар заманауи виллалардан тұрады. Сонымен қатар, бірнеше мейрамханалар мен барлар, спа, балалар клубы және екі кең бассейн бар.


Египет

Мысыр шөлдерінің ортасында кішкентай жасыл оазисті кездестіру – нағыз сәттілік. Солардың бірінде Four Seasons Resort Sharm El Sheikh бар. Курорт Қызыл теңіз жағасында орналасқан әлемдегі ең көрікті жерлердің бірі. Ал, мұнда бүкіл Египеттегі ең сәнді люкс – the Palace қонақүйі ашылған. Оның ауданы 565 шаршы метр. Люкс бөлмелері заманауи Араб дизайнында және Египет элементтерімен безендірілген. Сонымен қатар, теңізге және жеке бассейнге қарайтын үлкен ашық терраса бар.


БАӘ

Жаз өтті дегенше, туристердің басым бөлігі Біріккен Араб Әмірліктеріне ағылады дей берсек болады. Мұндағы ең танымал бағыт – Дубай. Сондықтан әдемі қонақүйлерді осы жерден іздеу керек.

Біздің таңдауымыз – Anantara the Palm. Мұнда барған адам пальма ағаштарының асытанда барлық мәселені ұмытып демала алады. Қонақ үйден небәрі 30 минуттық жерде планетаның континенттеріне ұқсайтын "Мир" архипелагы орналасқан. Ал, Anantara the Palm аумағында демалу үшін су спортынан бастап жануарлар әлеміне дейінгі дүниелер қарастырылған.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ТУРИСТЕРДІ барлық жерде қуана ҚАРСЫ АЛМАЙДЫ


Ұшақтағы орынды ҚАЛАЙ және ҚАЙ ЖЕРДЕН таңдаған дұрыс?