ЕШҚАШАН БАРА АЛМАЙСЫЗ! Әлемдегі баруға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер

0
1 423

Сіз мұндайды естігенсіз бе?


ЕШҚАШАН БАРА АЛМАЙСЫЗ! Әлемдегі баруға ТЫЙЫМ САЛЫНҒАН жерлер

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жер бетінде барғыңыз келетін көптеген қызықты және әдемі жерлер бар. Бірақ туристер ешқашан кіре алмайтын аумақтар да оқ емес. Олар өмірге қауіп төндіретіндігіне немесе басқа да себептерге байланысты жабылған.


1. Метро-2 – Иосиф Сталиннің кезінде салынған Мәскеу метросының құпия атауы. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол жұмылдыру жағдайында салынған және негізгі мемлекеттік мекемелерді, Кремльді, Внуково-2 әуежайын және бас штабты байланыстырған. Құпия метро өте үлкен тереңдікте жатыр деп саналады. Қала орталығында 50 метрден басталса, Университет станциясының маңында 210 метрге дейін төмендейтін көрінеді. Құпия метроға апаратын туннельдердегі бекет тақтайшалары қарапайым атаулармен белгіленген. Сондай-ақ, желіде байланысатын рельстер жоқ екені белгілі. Станциялар қапталмаған және атаулары жоқ.

2. Чернобыль атом электр станциясының иеліктен шығару аймағы – 1986 жылы 26 сәуірде тарихтағы ең ірі радиациялық апат нәтижесінде құрылған 30 шақырымдық аймақ. Апаттан кем дегенде 4000 адам құрбан болған және 200 мың шаршы шақырым аумақ ластанған. Су мен топыраққа енген радиоактивті изотоптар тағы бірнеше жүз, тіпті мыңдаған жылдар бойы ыдырайды.


3. Кеймада Гранди немесе жылан аралы – Бразилия маңындағы шағын арал. Бұл жер сирек кездесетін жылан түрлерін сақтау үшін жабылған. Сонымен қатар, бұл аралға бару өмірге қауіп төндіреді. Өйткені мұнда 1 шаршы метрде кем дегенде 1 жылан болады. Оның ішінде планетадағы ең улы жыландардың бірі – Ботропойд аралында.

4. Сентинель аралы – Андаман теңізіндегі аралдардың бірі, ресми түрде Үндістанға жатады. Өмір сүру қаупіне байланысты оған кіру мүмкін емес. Бұл жерде аборигендер мен сентинелдіктер тайпасы тұрады. Олардың саны шамамен 100 адам және олардың барлығы өркениетпен байланысты түсініктерді қабылдамайды, олардың аумағына жақындаған кез келген адамға дұшпандық танытады. Мысалы 2006 жылы жағаға қонуға тырысқан Үнді теңізшілері өлтірілген. Ал қаза тапқандардың денесін алу үшін барған тікұшаққа оқ атылған. Сол сияқты жергілікті тұрғындармен байланыс орнатуға тырысқан американдық миссионер өлтірілген. Жергілікті билік те бұл аумаққа жақындамайды, тек сырттан бақылайды.

5. Ватиканның құпия мұрағаты – ең үлкен құжаттар мұрағаты, олардың ең алғашқысы VIII ғасырға жатады. Архив сөрелерінің ұзындығы 85 шақырымды құрайды. Мұнда әлі күнге дейін құжаттардың түпнұсқалары сақталған, олардың арасында Микеланджелоның хаттары, Галилео Галилейдің жауап алу хаттамасының парақтары, Мари Антуанеттаның өлім туралы жазбасы, Джордано Бруноның инквизиция үкімі, Темплар сотының хаттамасы және басқалары бар. Мұнда қолжетімділік қатаң шектелген. Тек кейбір ғалымдар мен зерттеушілерге ғана рұқсат етіледі.


6. Цинь әулетінің бірінші императорының кесенесі – Қытайдың Шэньси провинциясындағы жерлеу кешені, б.з. д. 246 жылдан 208 жылға дейін 38 жыл бойы салынған. Бұл жер 8000-нан астам жауынгер мен олардың аттарынан тұратын терракоталық армия табылғаннан кейін ең танымал орынға айналды. Қазіргі уақытта қабірдің өзі қазылған жоқ, мұнда зерттеулер жүргізілуде. Сондықтан бұл кешен көпшілік үшін жабық.

7. Дүниежүзілік тұқым қоймасы – Норвегияның Шпицберген аралындағы тұқым үлгілерін сақтауға арналған үлкен кешен. 130 метр тереңдікте орналасқан, ішіндегі температура -18 С деңгейінде сақталады. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен жеткізілген 900 мыңнан астам тұқым түрі бар. Үш сақтау бөлмесінің тек біреуі ғана пайдаланылады, яғни мұнда барлығы 2,25 миллиард тұқымға дейін сақтауға болады. Келушілерге есік жабық.

8. 51-аймақ – бұл АҚШ-тағы әскери база. Оның айналасында негізінен НЛО-ға қатысты көптеген қауесеттер мен қастандық теориялары бар. Болжам бойынша, база қару-жарақ пен әуе кемелерінің соңғы жүйелерін сынау үшін қолданылады. Қырғи қабақ соғыс кезінде КСРО-ның барлауы да бұл аймаққа белсенді қызығушылық танытқан екен. 2019 жылы "51-аймаққа шабуыл" кездесуі интернетте танымал болды, оған 1500-ден астам адам қатысуды жоспарлады. Алайда, бүгінгі таңда бұл АҚШ-тың ең құпия базаларының бірі және оған шектеулі адамдар ғана кіре алады.


9. Суртсей аралы – 1963 жылы жанартау атқылауынан кейін пайда болған Исландияға жақын арал. Оның ауданы 3 шаршы км-ден аз, мұнда бірнеше ғалымдар ғана жұмыс істей алады. Арал ғылыми зерттеулерге қызмет етеді және бір кездері жер бетінде өмірдің қалай пайда болғанын көрсететін дәлелдер бар көрінеді.


10. Ласко үңгірі – Францияның Монтиньяк қаласындағы үңгір. Палеолит дәуіріндегі үңгір суреттері осы жерден табылған. Суреттердің нақты хронологиясы белгісіз. Ғалымдар олардың шамамен 15-18 мың жыл бұрын пайда болғанын болжайды. Үңгірдің қабырғаларында бизон, жылқы, бұғы және басқа жануарлардың суреттері, сондай-ақ адамның бейнесі бар. Келушілер үшін бұл үңгір жабық, сондықтан ондан барлық суреттер бар көшірмесі жасалған және ол түпнұсқадан небарі 200 метр қашықтықта орналасқан.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Ерлі-зайыптылар үшін Еуропаның ЕҢ ӘСЕМ ОРЫНДАРЫ


Тамыз айында ҚАЙДА ДЕМАЛҒАН дұрыс?