"ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЛАПЛАНДИЯ": Жаңа жыл мерекесін қалай өткізген дұрыс?

0
1 913

Қазақстандағы Лапландияға барып көргенсіз бе?


иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Желтоқсан айының басынан бастап адамдардың басым бөлігі «жаңа жылды қалай атап өту керек?» деген сұраққа бас қатырады. Шын мәнінде, бұл дұрыс, яғни мерекеде қайда және кіммен кездесуге болатындығы туралы алдын-ала ойластырған абзал. Ал, оған біз ұсынған мақала көмектеседі деп ойлаймыз.

Мақаладан өзіңіздің уақытыңыз бен ақшаңызды үнемдей отырып, жаңа жылдық түнге қалай дайындалуға болатынын білесіз. Сонымен қатар, Қазақстанда және басқа елдерде бұл күнді қалай тойлайтыны туралы ең қызықты деректер ұсынылған.


ҚАЗАҚСТАНДА «ЖАҢА ЖЫЛ» ҚАЛАЙ ТОЙЛАНАДЫ?

Егер студенттен Қазақстанда жаңа жылды қалай атап өтетінін сұраса, ол бұл сұраққа егжей-тегжейлі жауап бере алмайды. Себебі, әдетте жастар бірден сәлемдесуді, Президенттің үндеуін және әртүрлі тағамдармен толтырылған үстелді айтады. Алайда, кейбір «нәзік» тұстар туралы айтуды ұмытып кетеді.


Бірінші және ең маңызды ерекшелігі – мереке екі рет атап өтіледі. 31 желтоқсан еуропалық дәстүр бойынша, ал Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Себебі, Наурыз мейрамы көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын білдіреді. Бұл мерекенің шығу тарихында аталған күндері адамдар әртүрлі дақылдың тұқымын сеуіп, жеті түрлі тағам дайындап, барлық үрдісті ән және бимен сүйемелдейтіні айтылған. Тиісінше, бұл мерекелер маңызын жоғалтпай, республиканың барлық қалаларында кеңінен атап өтіліп келеді. Бұл күндері үйді тазарту, ескі заттардан арылу және жаңаларын алу, барлық қарыздарды жабу және барлық істерді аяқтау, реніштерді кешіру әдеттері орындалады. Сонымен қатар, көптеген тұрғын қала көшелерін тазартуға және безендіруге, жаңа ағаштар отырғызуға көмектеседі.


«Жаңа жыл» басталғанға дейін бүкіл отбасы теледидардың алдына жиналып, Президенттің үндеуін бірге көріп, өткен жылдың қорытындыларын тыңдайды. Содан кейін отшашу атылып, адамдар бір-бірінің үйіне барып, мерекемен құттықтайды.


МЕРЕКЕГЕ ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК?


Сыйлықтар сатып алыңыз. Бұл мәселені мүмкіндігінше ертерек шешіңіз. Себебі, мереке жақындағанда сіз қалаған зат табылмай қалуы мүмкін немесе бағасы көтеріліп кетуі ықтимал. Сондай-ақ, әртүрлі дүкендердеғы сыйлық құнын салыстырыңыз. Бұл ақшаны үнемдеудің тамаша тәсілі, өйткені бұл кезде әртүрлі дүкендерде баға да әртүрлі болады. Сыйлықты дұрыс таңдау үшін қуантқыңыз келген адаммен бірге алдын ала дүкенге барып, оның не нәрсеге назар аударатынын, қандай нәрселерді қарастыратынын немесе қолына алатынын көріңіз. Осылайша сіз оның жаңа жылға не алғысы келетінін түсінесіз.


Мерекеге дайындалатын тағамдардың тізімін жасаңыз. Олардың барлық ингредиенттерін жазыңыз, сонда сіз қандай өнімдерді және қандай мөлшерде сатып алуыңыз керек екендігін білесіз. Ауыр сөмкелерді көтеріп жүрмеу үшін үйге азық-түлік жеткізу қызметін пайдалануға да болады. Сонымен қатар, көптеген дүкендерде жарнамалық кодтар немесе қолданбадағы алғашқы тапсырыстар бойынша жеңілдіктер болатынын ескеріңіз. Консервілер сияқты ұзақ сақтау мерзімі бар нәрсені алдын ала сатып алуға болады.


Үйді безендіріңіз. Сіз мерекелік атмосфераны шамдармен, қабырғаға жабыстырылатын тақырыптық плакаттармен және терезе жапсырмаларымен, сондай-ақ гирляндалармен жасай аласыз. Мерекенің басты символы – шырша екенін ұмытпаңыз. Тек жасанды шырша сатып алған дұрыс, содан кейін сізге жыл сайын ақша жұмсаудың қажеті болмайды. Бұл сонымен қатар табиғатқа көмектесудің және қылқан жапырақты ормандарды кесуді азайтудың ең оңай жолы.


Осылайша, мерекеге қалай дайындалу керектігі туралы нұсқаулықты қолдана отырып, ештеңені ұмыт қалдырмайсыз. Дайындық процесіндегі ең бастысы – әрекеттер тізімін дұрыс жасау.


ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА ЖЫЛДЫ ҚАЛАЙ АТАП ӨТУГЕ БОЛАДЫ: ТОП-5 ИДЕЯ

  1. Ең үлкен мерекелік іс-шаралар барлық қалалардың орталық алаңдарында өтеді. Соның ішінде Алматы мен Астанада түрлі қойылымдар мен жаппай мереке ұйымдастырылады.
  2. Ашық аспан астын ұнататындар үшін ең қолайлы орын қала маңындағы демалыс базалары болады. Мысалы, Бурабай, Шымбұлақ, Медеу немесе Нұртауға баруға болады. Ең бастысы тұрғын үйді алдын ала тауып, брондап қою керек.
  3. Бірнеше адамнан құралған топ үшін де қала сыртынан үйді жалдап, ойындар ойнап, оттың жанында жылынып, отта піскен дәмді тағамдарды бірге дайындауға болады.
  4. Жаңа жылды Шонжының ыстық бұлақтарында қарсы алуға да болады. Бұл есте қаларлық сәт болып қана қоймай, денсаулықты жақсартуға көмектеседі.
  5. Аяз ата резиденциясын көру, иттер сүйрейтін шанаға мініп, эльфтермен танысқыңыз келсе, Бурабайдағы «Қазақстандық Лапландияға» барыңыз.


ДОСТАРМЕН БІРГЕ МЕРЕКЕНІ ҚАЛАЙ АТАП ӨТУГЕ БОЛАДЫ?

  • Ауылға біреуге бару;
  • Қала сыртындағы үйді жалға алу;
  • Түнгі клубқа, мейрамханаға немесе кешке бару;
  • Басқа қалаға немесе шет елге саяхаттау;
  • Қаланың басты алаңында тойлау;
  • Саябақта серуендеу;
  • Тауларға шығу.

Жай ғана біреудің үйіне жиналып, көңіл көтеруге де болады. Бірге дәмді тағамдар дайындау, сүйікті рецепттермен бөлісу, жаңажылдық концерттерді көру, музыкаға билеп, ән айту – барлығы достардың арасындағы байланысты нығайтады.

МЕРЕКЕНІ ОТБАСЫМЕН ҚАЛАЙ АТАП ӨТКЕН ДҰРЫС?

Ең бастысы – қайда және қалай демалу керектігін отбасы мүшелерімен ақылдаса отырып шешу. Себебі, жанұяға өзара түсіністік, үйлесімділік өте қажет.


БАСҚА ЕЛДЕРДІҢ ЖАҢАЖЫЛДЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ

  • Егер жыл бастауы Қазақстанда екі рет атап өтілсе, Таиландта үш рет – еуропалық және қытайлық Жаңа жыл, сондай-ақ Сонгкран тойланады. Бұл күні тайлар бір-біріне су шашады, адам қаншалықты тез суланса, жыл соғұрлым сәтті болады деп есептеледі.
  • Италияда Жаңа жыл қарсаңында қажетсіз заттардан арылу әдетке айналған. Ең қызығы, сіз заттарды тікелей балконнан лақтыра аласыз. Тіпті бұрын үйлердің терезелерінен жиһаз лақтыратындар да болған. Дегенмен қазір тек ұсақ заттар мен қағаздар лақтыруға болады.
  • Швецияда Жаңа жыл қарсаңында ыдыс-аяқтың сылдыры жиі естіледі. Мұның бәрі шведтердің сеніміне байланысты, яғни олар табақтарды есікке лақтырып сындырады. Сынық неғұрлым көп болса, жыл соғұрлым сәтті болады екен.
  • Голландиялықтар келесі жылдың сәттілігін сіріңке арқылы анықтайды. Әркім ошаққа сіріңке лақтырады, егер ол толығымен жанып кетсе, онда сіз жаңа жылды жемісті өткізесіз деген сөз.
  • Венгрлер мерекені өте шулы тойлайды. Түні бойы ысқырып, аспаптарда ойнайды. Өйткені олар осы дыбыстар арқылы зұлым рухтардың орнын тазартуға ұмтылады.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


Әлемнің ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫ 6 жеріне саяхаттауға БАТЫЛЫҢЫЗ ЖЕТЕ МЕ?


ШАҢҒЫ ТЕБУГЕ барсаңыз, МЫНАНЫ естен шығармаңыз!