ТЕҢІЗГЕ ҰШАМЫЗ: Осы жазда қай елдерде демалған дұрыс?

0
1 111

Қазірден бастап көптеген адам жазға дейінгі күндерді санау режимін қосып қойған болар. Ал, жаз мезгіліндегі лайықты демалысқа қай бағыт қолайлы? Егер сіз осы жылғы демалыс орнын әлі таңдамаған болсаңыз, сізге бұл материалдың көмегі тиеді.


ТЕҢІЗГЕ ҰШАМЫЗ: Осы жазда қай елдерде демалған дұрыс?

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Жалпы, жазда демалатын адамдар екі түрге бөлінеді: кейбіреулері жағажайда жылынуға кетеді, ал басқалары өздерін шыңдауға асығып, күн сайын белсенді серуендер ұйымдастырады. Дегенмен, бірінші санаттағы адамдардың саны қашаннан да көп екенін ескеріп, теңіз жағасындағы демалысқа қолайлы әрі бағасы қолжетімді бағыттарды таңдадық.


Түркия

Жазда Түркияға бару - бұл базалық таңдау. Яғни, турист саны өте көп болады. Сондықтан кейбір адамдар бұл жаққа саяхаттаудан аулақ болуға тырысады. Сондай-ақ, Түркия жыл сайын әртүрлі болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Әрине, бюджеттік бағыттар – Анталия, Белек және Кемерден қолайлы бағамен жақсы қонақүйлерді таба аласыз. Бірақ егер жан мен тән сән-салтанатты талап етсе, Жерорта теңізі жағында орналасқан және әдеттегі Түркиядан гөрі Грецияға ұқсаңқырайтын Бодрум курортына барған дұрыс. Серуендейтін, су астында жүзетін және әдемі жағажайларды сол жерден іздеу керек. Ал салыстырмалы түрде жаңа сән-салтанатты бағыт – Каш қаласы. Бұрын бұл жерде тек түрік кәсіпкерлері мен актерлері демалатын болған, бірақ қазір бұл жер туралы білетін адамдар көп. Каш – барлық түрік курорттарының арасындағы ең тынышы.


Марокко

Марокконы туристік бағыт ретінде таңдайтындар көп емес. Алайда бұл елде де түрлі тамашалар бар. Мысалы, Атлант мұхитының жағасында орналасқан Касабланка бұрыннан серфингті үйренгісі келетіндер үшін өте қолайлы жер. Қаланың сәулеті өмір бойы Шығыс мәдениетіне деген құштарлықты сезінбегендерді де бей-жай қалдырмайды.

Жағажай демалысының басқа да танымал бағыттары – Агадир, Уалидия, Саидия, Танжер, Эссауира және Рабат. Жақсы тұсы – барлығы қолжетімді баға ұсынады. Мароккода демалу медитация болмайды. Шулы көшелер, базарлар және көптеген адам мұнда әр қадамыңызбен бірге жүреді. Айтпақшы,туристер көбіне Еуропаға жақын киімді таңдағанымен, жергілікті халықтың санасындағы әдет-ғұрыптар тым ашық көйлектер мен қысқа киімдерді құптамайды.


Тайланд

Қазақстандық туристер арасында Тайланд жылдың кез келген уақытында танымал. Сонымен қатар, мұндағы «маусым» ұғымы келушілердің көп болатынын және бағалардың көтерілетінін білдіреді. Дегенмен, жазда Тай елі саяхаттауға қолжетімді болады. Егер сіз ұмытылмас кештер іздесеңіз – Пхукетке, ал ең әдемі жағажайлар үшін – Самуиге барыңыз. Паттайя керісінше, жергілікті мәдениет пен көрікті жерлерге енгісі келетіндерге арналған әрі ең бюджеттік бағыттардың бірі екенін жасырмаймыз. Айтпақшы, Таиландқа жазғы сапар тек жағажай болмауы мүмкін. Тайланд астанасы Бангкокта күн ыстық болмайды.


Черногория

Еуропалық жазды қатты сағынғандар Черногориядағы демалысты мұқият қарастыруы керек. Дегенмен бұл елге бару қымбатырақ, бірақ бұл оған тұрарлық. Кештер мен әдемі өмір үшін Будваға, ал медитация үшін Тиватқа барыңыз. Жалпы, елді зерттеудің ең жақсы тәсілі – көлікпен серуендеу. Сондықтан көлікті жалға алу мүмкіндігін де жіберіп алмаңыз.


Вьетнам

Кей адамдар жағажай демалысы үшін Вьетнамға барады. Себебі, мұнда да жақсы демалуға болатын орындар бар, ол жерлерге бару арқылы айтарлықтай үнем жасай аласыз. Вьетнамның орталық бөлігі жазда ең ыңғайлы аймаққа айналады: мұнда жаңбыр соншалықты қарқынды болмайды және кейде құрғақ күндер де болып жатады. Бірақ жазда елдің оңтүстік-батысына бармағаныңыз жөн. Себебі бұл уақытта танымал Фукуок курорты жауын–шашын бойынша рекорд жасайды.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ

Тағы оқыңыз:


ЖОЛЖАЗБА: Тарихи жәдігерлерді ТҮГЕЛДЕЙ САҚТАП ҚАЛҒАН қала бар!


МАМЫР АЙЫНДА: Естен кетпес отбасылық демалыс үшін қайда бару керек?