"Барлығы бір отбасының мүшелері": Шымкентте 9 адам коронавирустан емделіп шықты

0
746

Бұл тұрғындардың барлығы бір отбасының мүшелері.


Бүгін коронавирус дертіне шалдығып, ақ халаттылардың арқасында қауіпті індетті жеңіп шыққан 9 шымкенттік үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бұл туралы бүгін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова баспасөз брифингінде мәлімдеді.

Ауруханадан шығарылған пациенттердің зертханалық зерттеулері теріс нәтиже көрсеткен.

Оның біреуі - 1 жастағы бүлдіршін, тағы бірі - кәмелет жасына толмаған бала болса, қалған жетеуі ересек жандар.

Айта кетейін, бұл тұрғындардың барлығы бір отбасының мүшелері.

Сондай-ақ, аталған отбасы тұрған Самал-1 шағынауданындағы үш көше қатаң карантинге жабылған болатын. Бүгінгі таңда аталған үш ошақтан карантин алынды. Олар: Тайманов, Төреқұлов, Мақталы көшелері.