ШЫМКЕНТ: бес аудан бойынша кезекті түнгі рейдтік іс-шара өтті

0
323

«Есірткісіз болашақ» мобильдік тобының мүшелерімен бірлесе отырып өткізілді.


ШЫМКЕНТ: бес аудан бойынша кезекті түнгі рейдтік іс-шара өтті

Шымкент қаласы аумағында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау және өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері кезекті түнгі рейдтік іс-шарасын өткізді.

Қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе, кәмелетке толмағандар арасындағы заң бұзушылықтарды азайту үшін тұрақты түрде түрлі шаралар ұйымдастырылып отырады. Осындай алдын алу шараларының бірі ретінде Шымкент қаласы аумағында құқық қорғау және мемлекеттік органдардың қатысуымен кезекті түнгі рейд өткізілді. Бұл іс-шара кәмелеттік жасқа толмаған жастардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруіне жол бермеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Түнгі рейд Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі ювеналды бөлімшесінің қызметкерлерімен, бес аудан әкімдіктерінің өкілдерімен, қалалық Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен және «Есірткісіз болашақ» мобильдік тобының мүшелерімен бірлесе отырып өткізілді. Бұл құрылымдардың бірлескен жұмысы құқықбұзушылықтың алдын алуда тиімді әдістерді қолдануға мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталды. Атап айтқанда:

  • Түнгі уақытта кәмелетке толмаған балалардың заңды өкілінсіз көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруін анықтау.
  • Жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың және құқықбұзушылықтың алдын алу.
  • Ата-аналардың бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілігін арттыру.
  • Құқық қорғау органдарының профилактикалық шараларын күшейту.

Жүргізілген жедел профилактикалық іс-шара барысында құқық қорғау органдары кәмелетке толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүргенін анықтады. Атап айтқанда:

  • Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында 16 жасөспірім заңды өкілінің еріп жүруінсіз жүрген.
  • 23:00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілінсіз жүрген 57 жасөспірім анықталды.
  • Осы құқықбұзушылықтар бойынша жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұл көрсеткіштер кәмелетке толмаған жастардың түнгі уақытта көшеде немесе ойын-сауық орталықтарында жүруі әлі де өзекті мәселе екенін көрсетеді. Осыған байланысты жергілікті органдар мен құқық қорғау қызметкерлері мұндай рейдтерді тұрақты түрде ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Құқық қорғау органдары тексеріс барысында кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен профилактикалық әңгімелер жүргізді. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ата-аналар балалардың қауіпсіздігіне жауапты болып табылады. Түнгі сағат 22:00-ден кейін балалар ойын-сауық орталықтарында ата-анасымен бірге немесе олардың бақылауында болуы тиіс. Ал 23:00-ден кейін заңды өкілінің еріп жүруінсіз көшеде жүрген жасөспірімдер үшін ата-аналары жауапкершілікке тартылады.


Мамандар ата-аналарға:

  • Балалардың түнгі уақытта қайда жүргенін қадағалауды;
  • Олардың достары мен ортасын бақылауды;
  • Қауіпсіздік шараларын үйретуді;
  • Заң бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады.

Түнгі рейдтер – құқықбұзушылықтың алдын алудың тиімді тәсілі. Бұл шаралар арқылы:

  • Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруінің алдын алуға болады;
  • Ата-аналардың жауапкершілігі артады;
  • Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді;
  • Қаладағы жалпы құқықтық тәртіп күшейеді.


Осы бағытта жүргізілген жұмыстардың арқасында Шымкент қаласындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық көрсеткіштерін төмендетуге мүмкіндік туады.

Құқық қорғау органдары мен мемлекеттік құрылымдардың бірлескен жұмысы арқасында жасөспірімдер арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Түнгі рейдтер тұрақты түрде өткізіліп, қаладағы құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстар жалғасатын болады. Қоғам мен ата-аналар осы бастамаларға қолдау көрсетсе, балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне қатысты мәселелер біршама жақсарады.

Еске сала кеткен, бұған дейін Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған 700-ге жуық студенттің қатысуымен «Заңды білмеу – жауапкершіліктен босатпайды» тақырыбындағы ауқымды іс-шара өткен болатын.

Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңды білудің маңыздылығын жеткізу, құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысы мен нашақорлықтан аулақ болуға шақырған бұл ауқымды іс-шарада Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Арман Бейсенбаев толыққанды ақпараттандыру және ескерту жұмыстарын жүргізген еді. Спикер студенттерге жаман әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға, бос уақытын тиімді пайдаланып, жан-жақты дамуға шақырып, кездесуде арнайы профилактикалық бейнероликтері мен полиция департаменті кинологиялық қызмет орталығының мамандары мен қызметтік іздестіру иттерінің мүмкіндіктері көрсетілген болатын.

Бөлісу