Шымкентте аурухананың қабылдау бөліміне клиникалық өлім жағдайында жедел жәрдеммен жеткізілген 38 жастағы науқасды дәрігерлер аман алып қалған.
Науқастың жүрегі тоқтап қалған. Бірақ медицина қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өмір үшін маңызды секундтар босқа кетпеді. Реанимациялық шаралар дер кезінде жүргізіліп, науқастың жүрек қызметі қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда науқас есін толық жинап, жағдайы біртіндеп тұрақтануда. Оны әрі қарай бақылау мен кешенді емдеу жұмыстары жалғасады.