​ШЫМКЕНТ: дүниеге үшем келді

0
449

Жыл басынан бері дүниеге келген төртінші үшем.


​ШЫМКЕНТ: дүниеге үшем келді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үш ұл баланы дүниеге әкелді.

Жүктіліктің 31-аптасында дүниеге келген үшемдердің бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылды.
Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптады. Нәтижесінде, едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.
Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.
Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.