Бүгін Шымкент қаласының әкімі «Amanat» партиясы филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтардың мәселесін тыңдады.
Филиал төрағасы, салалық басқарма басшылары және аудан әкімімен бірге қала тұрғындарын алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылады.
Қала басшысы әрбір азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, шешу жолдарын ұсынды. Барлық көтерілген мәселе заң аясында қаралып, атқарылған жұмыстың нәтижесі тұрғындарға жақын арада жолданады.